Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 466
  • Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
  • 14/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20022


Оқу ісінің меңгерушісі:

Күні:8.09.2016
Сынып: 1 А Қатысқандар саны: 24
Қатыспағандар саны:23
Сабақтың тақырыбы Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Адалдық адамның маңызды қасиеті ретінде. Шындықты айту оңай, ал өтірік айту қиын. Қалжыңдап та өтірік айтуға болмайды. Ақиқат- барлық адамдарды біріктіруші бастау.
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді түсінеді.
Көбі: Жаңа білімге мысалдар келтіре алады.
Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап (әңгімелер, ертегілер) талқылайды.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут Ертеңгілік шеңбері
Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен «Сәлем!» деп амандасады.

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Шаттық шебері

Сабақтың ортасы
8 минут

1 минут

5 минут

3 минут
16 минут

Түлкі мен ешкі ертегісін түсіндіру.
I. Түлкінің айтқаны шындыққа жата ма? Неліктен?
II. Әрдайым шындықты айтқан жөн бе? Неліктен?
III. Өз өмірлеріңнен шындықпен жол тапқан мысалдар келтіріңдер.
СЕРГІТУ СӘТІ.
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Дәптермен жұмыс
Оқулықтағы тапсырма.
Жұмбақ шешіп, дамалайық!
Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)
Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын)
Көк лағым көгенде жатып семіреді.
(Қарбыз)



Сергіту сәті

Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім



Смайликтер
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Тәрбие.орг сайтынан Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз! Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дегенбаева Эльвира Турсынбаевна

Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы Тельман Жанұзақов атындағы орта мектеп Өзін-өзі тану пәні

Пікірлер: 0

avatar