Адалдық- адамдықтың белгісі

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 162
  • Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
  • 04/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23438


Сабақтың тақырыбы. Адалдық – адамдықтың белгісі.
Сабақтың мақсаты : Оқушылардың адалдық, шындық туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
• адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру;
• адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;
• адал, шыншыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, Сара Алпысқызының суреті, адалдыққа байланысты суреттер, бағдаршамдар, смайликтер, дәйексөздер, күн, жүрек, сандықша.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу
Шығармашыл мұғалім ғана шығармашыл оқушыларды тәрбиелеп шығарады, жеке тұлғалы ұстаз ғана жеке тұлғаны қалыптастырады. Мәселе нені оқытуда емес, қалай оқытуда…
(Шығыс даналығынан)
Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері
ІІ. Мәтінмен жұмыс
ІV. Әңгімелесу
VІ. Оқу ақпараты
VІІ. Дәйексөз
VІІІ. Жүректен жүрекке
1. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)
Білім мен өнерді сүй, сусында,
Деп айтсын ел: “Осындай ер тусын да!”
Арың-адал, әділ болсаң әрқашан
Дүниенің бір бақыты уысыныда
Түспегені абзал ғой арға дақтың,
Күйін кешпе түнде ұшар жарғанаттың.
Адал адам әрқашан-еңсесі тік,
Әділдікті ту еткін, қолғанатым.
А) Шаттық шеңбері Саламатсыздарма, оқушылар! Шаттық шеңберіне шығамыз. (3 мин) «Таныстыру тренингі» Шаттық шеңберіне тұрып, өз есімдеріңізге сын есім жалғап айтып шығамыз.Оң жақтағы оқушыдан бастайық. Оқушылар, бүгін сіздерге күннің суретін таққан себебім күн сияқты жарқырап тұрыңыздар, айналаңдағы адамдарға әрдайым жылу сыйлап, мейірім төгіп, шуақ шашып жүрейік дей келе бүгінгі сабағымызды қуанышты көңіл- күймен бастаймыз. Енді оқушылар, сабағымызды бастамас бұрын, менің алдымнан әр түрлі түстерді таңдайсыздар. Олар үш- үштен бөлінген. Таңдап болсаңыздар жасыл түс- 1 топқа, көк түс- 2 топқа, сары түс- 3 топқа отырамыз. Енді сіздерге мақал- мәтелдер таратылады, мақал- мәтелдерді құрастыру арқылы топтың атын табамыз. Мақал - мәтелдер.
1. Шындық жоқ жерде- сұмдық көп.
2. Асылдың бірі- адалдық
3. Адамгершілік болмай- әділдік болмас
Топ атаулары:
1- Топ. Шыншылдық
2- Топ. Адалдық
3- Топ. Ақиқат
Бүгінгі сабақтың IV бөлімнен тұратындығымен таныстыру.

1 бөлім: Қайталау – білімнің шыңы (5 мин) Адамның адамгершілігі- оның жоғары қасиеті.Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес,ел,қоғам үшін өмір сүру,адамдық ар-намысты ардақтау,әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін еңбек қылсаң,дейді Абай,-өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. «Досыңа достық-қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол».Ақылды, мейірімді адам әруақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді.Арлы адам- ардақты адам. Арымыз таза болса,тарихымыз да таза.
Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі- адалдық,ол өмірде қымбат асыл қасиет,асыл мінез,ашық,шыншыл қарым-қатынас. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» - деген екен, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы.
2. Дәптермен жұмыс. (2 мин)
Дәптерімізді ашамыз.
Бүгінгі күнді, сынып жұмысын, тақырыпты жазамыз.
3. Әңгімелесу. ( 3 мин) 1 топ. «Адылдық адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіздер? 2 топ. Неліктен адалдық кеңпейілдіқ, ақкөңілдік, шыншылдық ұғымдарымен қатар жүреді? 3 топ. Адалдық қандай әрекеттен қандай жағдайда көрінеді?
2 бөлім: «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі (10 мин)
1 топ – «Адамға ең керегі...» тақырыбына өлең құрау
2 топ – «Адалдық –адамдықтың белгісі» тақырыбында эссе жазу
3 топ – «Адалдық – ар тазалығы» тақырыбына ойтолғау жазу.
3 бөлім: Білегіңе сен, Біліміңе сен. (Шығармашылық жұмыс) (4 мин)
Тапсырма: топтық жұмыс (постер қорғау)
Тақырып: «Қазіргі қоғамда адал адамдар азайып бара жатқан жоқ па?» осы тақырыпты оқушылар сурет арқылы ашу керек. Постер қорғау 4 мин.
«Сиқырлы қобдиша» сергіту жаттығуы (3 мин)
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Үш шапалақ!
4 бөлім: «Білгір болсаң шешіп көр,
Тапқыр болсаң тауып көр!» ( Жағдаяттарды талдау) (7 мин)
Жағдаят 1
Сіз үйіңізден маңызды кездесуге бет алғаныңызда, кенеттен телефон шылдырлайды. Телефон шалып тұрған сіздің ең жақын досыңыз, өзінің сәтсіздікке душар болғанын хабарлайды. Сіз не істемексіз, досыңызға көмек беруге ұмтыласыз ба, әлде өзіңіздің маңызды шаруаңызға бет аласыз ба? Жағдаят 2 Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көріп: - Менің қалтамда апам “Самса алып жерсің” деп берген ақша бар. Кеттік, кино көрейік, - деді.
Алмагүл:
- Үйден сұранып шыққан жоқпыз, іздеп қалады ғой - деп, іркіліп қалды.
- Ештеңе етпес, “мектепте болдық”деп айта саламыз.
* Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?
Жағдаят 3 Меруерттің көңілі ештеңеге толмайды. Типті ол бәйек болып жүретін ата - анасының, жақындарының мейірімі мен қамқорлығын сезінбейді де. Меруерт өзінің бұл қылығына еш қиналмайды.
Меруерттің немқұрайдылығының себебі неде?
Меруерттің бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыңдар? Жағдаят 4 Сен сабаққа дайын емессің, бірақ оның белгілі себептері бар. Мұғалім саған жаман баға қойды. әділ екеніңді өз тарапыңнан қалай дәлелдер едің? Жағдаят 5 Әрқашан адал болу керек пе, әлде жағдайға сәйкес [l][/l]өтірікті пайдалануға бола ма? Оқулықпен жұмыс. (3мин) Оқу ақпараты. Ары таза адал адам мәнді өмір сүреді. Оның ішінде Отанына, отбасына, қоғамға адалдық адамның өзіне, өзгеге, болашаққа деген сенімін арттыра түседі. Адалдық әр адамның өзін де, өзгені де сыйлауын көрсетеді. Адалдық бар жерде адам өзіне де, өзгеге де шындықты айтады, оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды. Адал болу тек қана өтірік айтпау емес, шындыққа ешбір қалтықсыз сену. Дәйексөз. «Адалдық – ардың ісі». Талдау. (1 мин) Үй тапсырмасын беру. «Адам болам десеңіз...» тақырыбына шығарма жазыңдар. Рефлекция . ( 2 мин) Оқушылар бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар? Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңіздер? Ұнады ма, білу үшін сіздердің алдарыңызға бағдаршамның қызыл, сары, жасыл көздері таратылып берілді. Осы арқылы бүгінгі сабақты қорытындылайсыздар. Қызыл- сабақ өте жақсы өтті. Сары- сабақ жақсы өтті.Жасыл- сабақ ұнамады. Бағалау. Оқушыларды смайлик арқылы бағалау. (1 мин) Жүректен - жүрекке. (2 мин) Тәрбие.орг сайтынан Адалдық- адамдықтың белгісі Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Әбішқалиева Амангүл Бітімалықызы

Мұғалжар ауданы Жарық негізгі мектебі математика және информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar