АДАМ-ҒАЛАМ, ҒАЖАЙЫП ЖЕКЕ ДАРА

  • Жүктеулер: 23
  • Көрсетілім: 1973
  • Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
  • 18/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19052


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Мерген ОЖББМ
Мерзiмі: 13.05.2016.
Тақырып:Адам-ғалам, ғажайып жеке дара. 33-сабақ.
Құндылық:Дұрыс әрекет.
Қасиеттер: адамгершілік , сенім, мейірімділік.
Мұғалiм: С.О.Кажгалиева. Сынып: 11 Оқушы саны:12
Сабақ мақсаты:
Адамның жоғары жеке дара құндылық ретінде пайымдау және өзін-өзі тану пәнінен алған білімдерін қорытындылау арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
-Оқушылары өзін-өзі тануға байланысты қалыптасқан ұғымдар мен түсініктерді жинақтап, мейірімділікке үйрету.
-Оқушылардың өзіне сенімді болу қасиеттін дамыту.
- Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу
Ресурстар
(материалдар,
дерексөздер)
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi.
1.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.
2.Үй тапсырмасын тексеру. Ш.Құдайбердіұлы «Үш сауал» мәтінін оқу.
-Қай істі қандай уақытта істеген жақсы? Ең керекті кісі кім? Ең керекті іс не?
-Мен кіммін? Мен қандаймын?- деп өзіңе өзің сұрақ қойғанда қандай ой келді?
-Алдыңа қандай мақсат қойдың және ұстанымың қандай?
-Адам баласына өмірде не қажет және өміріңді қалай бағалайсың?

3.Дәйексөз. «Өзіңді-өзің танысаң істің басы,
Түзеген өз ғаламын болар дана» Ақжан әл-Машани.
- Неліктен өзіңді өзің тану істің басы болып табылады?
-Адамның ғажайыптығы неден көрінеді?
-Өз бойларыңнан сенім қасиетін байқаған кездерің болды ма? Мысалы...

4.Мұғалімнің сыйы. Ақылды егінші.

Патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 лира үшін жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтынға шығатын еді. Шаруа патшаның таң қалғанына қарап: Бұл ақша қанағатшыл адамға тіпті көп те болады. Мен ақшамды үшке бөлемін. Бір бөлігімен өмір сүремін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп, қор жинаймын, – дейді. Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді. Ақкөңіл диқан күлімсіреп: Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенімде мынаны айтпақшы болдым. Бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем ғой. Ақшамның бір бөлігін соларға беремін. Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім, бұл ақшамның бір бөлігін балаларымның біліміне төлеймін. Менің қолым, аяғым жұмыстан қалған жағдайда, олар маған көмектеседі деп үміттенемін. Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын, – дейді. Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады. Намысты шаруаның балаларының біліміне төлейтін ақшаны өз мойнына алды. Балалары да ер жеткен соң ата-анасына, халқына да қолдарынан келген көмектерін аямай көрсетіпті деседі.
-. Бір бөлігімен өмір сүремін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп, қор жинаймын,- дегенін қалай түсіндіңдер?
-Егіншінің бойындағы қандай қасиеттеріне патша таң қалды?
-Адамгершілігі мол жандарды өмірде кездестірдіңдер ме? /мысал келтірейік./ Тәрбие.орг сайтынан АДАМ-ҒАЛАМ, ҒАЖАЙЫП ЖЕКЕ ДАРА Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: КАЖГАЛИЕВА САЛТАНАТ ОРАЗОВНА

БҚО АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ МЕРГЕН орта жалпы білім беретін мектебі өзін-өзі тану мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar