Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Аялай біл, сен деп соққан жүректі
  • 12.05.2016
  • 665 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18992

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп : Ш.Ниязов атындағы жалпы орта мектеп
Мерзiм: 11.12.2015 ж.
Тақырып: №15. Аялай біл, сен деп соққан жүректі.
Құндылық: Дұрыс әрекет. Қасиеттер: Әдепті болу, ұқыптылық, басқалар туралы жамандық ойламау, үнемшілдік, өз-өзіне сенімді болу.
Мұғалiм: Ашимова Надира Мауленовна
Сынып: 7 «В» Оқушылар саны: 24
Сабақтың мақсаты: - Оқушыларға адами құндылықты
ұғындыру арқылы дұрыс әрекет
құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері: - оқушыларды басқалар туралы
жамандық ойламауға үйрету.

- оқушылар бойында ұқыптылық,
үнемшілдік қасиетін дамыту.

- оқушыларды өз-өзіне сенімді
болуға, әдепті болуға тәрбиелеу. Ресурстар (материалдар)
оқулық, дәптер. Үнтаспа
Интербелсенді
тақта
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»
- Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен – Нұрмын!».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
- Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Рахмет.
3. Үй тапсырмасын тексеру. №15 сабақ 65 бет «Ана махаббаты» оқып, түсінігін әңгімелеу, сұрақтарға жауап беру.
4. Дәйексөз: Бұл өмірде ата-анадан басқасының бәрін таба аласың. Өмір күнделігі
1. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?
2. Сендердің жақын адамдарың кім?
3. Дәптерге жаздыру, жаттату.
5. Әңгімелесу . Мұғалім сыйы. «Өздігінен өзі» Қалың қар жауған қыстың бір күні, Арман қолына күрек алып, есік алдын тазалауға кіріседі. Көрші үй жаққа қарап еді, үйге барар жолы жасалынып дап-дайын болып тұрғанын көрді. Ертеңіне қайта қар жауады. Арман көршісінен қалыспайын деп, бұл жолы әдеттегіден жарты сағатқа ерте тұрады. Далаға шығып қараса, көрші үйдің есік алды баяғыдай тазаланып қойылыпты. Үшінші күні болса, қар кешегіден де көп жауған. Бірақ бұл жолы да, Арман жолды тазалау үшін ертерек тұрса да, көршісінің үйіне жол тазаланылып қойылғанын көреді. Көршісімен кездескен сәтте, Арман тура сұрайды: «Сен есік алдындағы қарды қалай ғана тазалап үлгересің? Әр көргенімде үнемі тап-таза болып тұрады», – дейді. Көршісі оған: «Жолды қардан ешқашан тазалаған емеспін. Келіп-кететін достарымның көптігінен болса керек, жол өздігінен-өзі тазаланып, осылай болады», – дейді.
1. Аңызда қай құндылық туралы айтылып тұр?
2. Әңгімеден қандай ой түйдіңдер?
3. Сен көпшілсін бе?
5. Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс. Дұрыс әрекетке тән қасиеттерді айту арқыл оқушыларды бес топқа болу.
Жағдаяттарды талдау 88 бет
1. Әдет Саят өз ата –анасын басқа балалардың ата-аналарымен көп салыстырды. Кейде Саятқа өз ата-анасы басқалардыкіндей емес сияқты болып, оларға ренішпен қарайтын болды.
Саяттың іс әрекеті дұрыс па?
Саятқа қандай кеңес берер едіңіз?
2. Қанағат Меруерттің көңілі ештеңеге толмайды. Тіпті ол бәйек болып жүретін ата-анасының, жақындарының мейірімі мен қамқорлығын сезінбейді де. Меруерт өзінің бұл қылығына еш қиналмайды.
Меруерттің немқұрайдылығының себебі неде?
Меруерттің бойында қандай қасиеттер
жетіспейді деп ойлайсыңдар?
3. Тәртіп Ербол үйіндегі кәрі әже, атасының азасындығына, құлағынң нашар еститініне ашуланады.
Ербол неліктен қарт адамдарды түсінбейді?
Ерболға қандай кеңес бересіңдер?
4. Дұрыс ой Сыныптағы досыңның анасы қатты ауырып
қалды, ал сендер болсаңдар, қала сыртына саяхатқа билет алып қойғансыңдар. Не істер едіңдер?
Саяхаттан бас тартасыңдар ма?
Достарыңа қандай көмек ұсынасыңдар?


6.Топпен ән айту. «Армансыз күнім болмайды»
Жазира Байырбекова мен Айжан Сагатованың орындауында
Бақытты жанмын сонда да бірақ
Көңілім кейде толмайды
Алаңсыз күліп жүрген кезде де
Армансыз күнім болмайды
Қайырмасы:

Аспанда күнде айналар түнге
Арманым өлсе сол қайғы
Бақытқа сенемін
Армандай беремін
Армансыз күнім болмайды

Армандап ғұмыр кешемін күнде
Бір үміт қалсын ішімде
Арманмен бірге өсемін менде
Адам болып қалу үшін де

Қайырмасы:
Аспанда күнде айналар түнге
Арманым өлсе сол қайғы
Бақытқа сенемін
Армандай беремін
Армансыз күнім болмайды
7. Үй тапсырмасы.
1. «Жаныңда жүр жақсы адам» әңгіме құрау
2. Келесі сабақ. №16. 70 бет «Адамды сүйе біл» мәтінін
оқып әңгімелеу.

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады.
Бүгінгі сабақтан алған ігі қасиеттерімізді есімізге
түсіріп жүрегімізде сақтаймыз.
Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет
бар жерде.
Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет
бүкіл әлемде.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Өзін-өзі тану пәнінің 1 - 11 сынып бағдарламасы. Алматы. «Бөбек»,
2010
2. Өзін-өзі тану оқулығы 7 сынып. Алматы. «Бөбек», 2010
3. Өзін-өзі тану жұмыс дәптері 7 сынып. Алматы. «Бөбек», 2010
4. Өзін-өзі тану пәні мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал 7 сынып.
Алматы. «Бөбек», 2010
5. https://angimeler.wordpress.com/2014/01/08 Тәрбие.орг сайтынан Аялай біл, сен деп соққан жүректі Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ашимова Надира Мауленовна

Ш.Ниязов атындағы жалпы орта мектеп

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 665 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar