АЛЫНБАЙТЫН АСУ ЖОҚ

  • Жүктеулер: 13
  • Көрсетілім: 1834
  • Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
  • 18/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19051


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мерген ОЖББМ
Мұғалiмі: C.О.Кажгалиева Сыныбы: 10
Тақырып: Алынбайтын асу жоқ 10-сабақ
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: әділеттілік, сенімділік, жауапкершілік.
Оқушылар саны -10
Сабақтың мақсаты: Адам үшін алынбайтын асу жоқ екендігін айта отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- Оқушыларды қойған мақсаттарына жету үшін сенімділікке үйрету;
- Оқушыларды жетістікке жету жолында жауапкершілігін дамыту;
- Оқушыларды өз бойынан ақиқат іздеу арқылы, ар-ұждан дауысын естуге , әділеттілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып, «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін 5«Т» қайталау.
1.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
10-сабақ. 36-бет. «Бәйшешек бақшасы» Ш.Құдайбердіұлының өлеңі.

3.Дәйексөз. Шындығы бар жерді мекен ет. Әл-Фараби.
1. Неліктен шындығы бар жерді мекен ет нақыл сөзін қалай түсінесіздер?
2. Амалсыз өтірік айтуға мәжбүр болған сәттер болды ма?
3.Өз бойларыңнан ақиқат іздеген кездерің болды ма?Болса мысал келтірейік.

4.Мұғалімнің сыйы

Ақиқат
Бір күні аспанда данышпандар жиналып адамды жасап, оны жер бетіне жібереді. Содан соң, олар адамға жер бетінде мәнді өмір сүру үшін не керек деген сұрақты талқылауға кіріседі. Бір данышпан: «адамға бақыт жіберейік»,- дейді, екіншісі «ақыл жіберейік»,- дейді. Сөйтіп адамның жер бетінде мәнді өмір сүру үшін керек жақсы қасиеттерді жіберіп жатады. Сол кезде бір данышпан ойланып: «АҚИҚАТТЫ жіберейік»,- дейді. Ал екіншісі: «ақиқатты адамға жайдан-жай жібере салмайық, олар оны өздері іздеп тапсын, сонда ғана адам үшін ақиқаттың мәні болады», -дейді.
Данышпандар АҚИҚАТТЫ біресе күннің артына, біресе айдың артына тығуды ұсынады.
Сол кезде бір данышпан: «Біз одан да АҚИҚАТТЫ адамның жүрегіне тығайық, сонда тек Ар-ұждан дауысын ести білген адам ғана өз жүрегіндегі ақиқатты тани алады. » – деген екен. Ақиқат бізге тумысымыздан берілген сый екен.

- Данышпандар не себепті Ақиқатты бірден бере салмай,оны жүрекке жасырып қоюды ұйғарды?
- Ар-ұждан дауысын есту дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сонымен ақиқат дегеніміз не? Интернет

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1топ: Тапсырма: Оқиғаны өз ойларыңмен аяқтап, сахналап беріңіздер.

Мұхтар мен Болат 10-сыныпта бірге оқиды. Екеуі 7-сыныптан
бері жақсы дос. Олар «Медеу» ықшам ауданында тұратын, үйлері де бір-біріне жақын. Мұхтар да, Болат та оқу екпіндісі, сабақ дайындағанда бір-бірінің үйіне бара қоятын. Бірақ Мұхтар соңғы кезде көп өзгерді. Сабағы да төмендеді. Болат бұрынғыдай хабарласа қалса, «қолым тимей жатыр», «үйге кісілер келіп қалды», «ата-анам жұмыс тапсырып еді» деген сияқты таусылмайтын сылтауы көбейіп кетті. Бүгін, Мұхтардың өзі Болатқа қоңырау шалып:
-Егер мені ата-анам сұрап жатса, «менің қасымда, екеуміз сабақ дайындап жатырмыз» деп айта салшы, мен Саматпен бірге компьютер клубына ойнауға барамын» - деді. Самат 11-сыныпта оқитын көрші бала. Болат не дерін білмеді...


2-топ: «Ұстаздың шәкірттерін сынауы». Аңызын сахналау

6. Топпен ән айту. «Мейірімді болайықшы ағайын»
Сөзі: С.Қалидікі
Әні: Қ. Махановдікі


7.Үйге тапсырма.11-сабақ
40-42 беттердегі В.Ягодинскийдің әңгімесін оқу.

8.Соңғы тыныштық сәтi.
Көздерімізді жұмамыз, бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға,ар-ұждан дауысын естуге тырысыңдар, сонда ғана айналамыз ақиқатқа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады. Тәрбие.орг сайтынан АЛЫНБАЙТЫН АСУ ЖОҚ Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: КАЖГАЛИЕВА САЛТАНАТ ОРАЗОВНА

БҚО АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ МЕРГЕН орта жалпы білім беретін мектебі өзін-өзі тану мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar