Ар-ұждан –адамдықтың өлшемі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 868
  • Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
  • 27/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21341


«Өзін- өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: Қорғантұз орта мектебі
Мұғалім: Айтжанова Ақзада Жаңабайқызы
Класс: 11
Тақырыбы: №9 сабақ Ар-ұждан –адамдықтың өлшемі
Құндылық: қиянат жасамау
Қасиеттер: құрметтеу, адалдық, қамқорлық

Сабақ мақсаты: Оқушыларға «ар- ұждан» туралы түсініктерін кеңейте отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
- оқушыларды барлық нәрсені құрметтей білуге үйрету
- оқушы бойындағы адалдықты дамыту
- Айналасындағы адамдарды құрметтеуге, адал болуға, камқорлық жасауға тәрбиелеу

Ресурстар (құралдар, мәліметтер)

Оқулық, жұмыс дәптері, үнтаспа, кеспе қағаздар

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ны сақтау
-Тәртіп
-Талап
-Тазалық
-Тыныштық
-Татулық
Тыныштық сәті «Күннің нұры»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар!Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздерңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегіорналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді.және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.
Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек, ізгі, сәулелі ой келеді.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.... Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын»...Нұр менің ішімде... мен Нұрмын».
Осындай нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз..
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз,Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүреңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.


ескеру
Сабақ барысын талдау

Үй тапсырмасын тексеру:
№9 сабақ 74- бет Сырым шешен
1.Сырымға кім бата берді?
2.Алты ұлы сөз деп нені атады?
3. Ұлы сөздің ішіндегі қайсысы сен үшін маңызды?
4.Сендерге үлкен адамдар қандай бата берді?
5. Елге деген парызыңды өтеу үшін қандай әрекет етер едің?
6. Жақындарыңа қандай қамқорлық жасап жүрсің?
Сабақ тақырыбын жариялау. «ұждан» сөзіне анықтама беру

Дәйексөз
«Ар – парыздың бақылаушысы, адам өмірін реттеуші» Қ.Багашар

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту.Дәптерге жазу

Әңгімелесу. Мұғалімнің сыйы
«Бетпақдала» аңызы А.Сейдімбековтің шығармасынан
Ерте, ерте,ертеде , ешкі жүні бөртеде, қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен дейтін заманда бір оқиға болыпты.
Жері шүйгін, оты- суы мол, ғажайып бір өңірде төрт түлік малын маңғыртқан, төрт құбыласы сай бір ел болыпты. «Жері байдың- елі бай» дегендей құнарлы өлкенің байтақ төсі байлық пен берекенің, бақыт пен қуаныштың ұйытқысы сияқты екен.
Осынау берекесі мен байлығы шалқыған елде жұртты аузына қаратқан бір хан өмір сүріпті. «Байлық не дегізбейді» деген емес пе, дәулеті асып,мейманы асып хан күндердің бір күнінде қылық шығарыпты. Жайсыз мінез көрсете бастапты.
Күдердің бір күнінде хан көл жағасына серуенге салқындамақ болады. Оған барлық адамдар бәйек қағып қамқор болыпты.Бірақ осы сәттен бастап, ханның қабағы ашылмапты.Сол кезде хан отыра бергенде баж етіп дауысын шығарады. «не болыпты» деп келіп қараса, ханның табанына бір жусан сояуын кіргенін көреді

Әңгімелесудің сұрақтары:

1. Хан неге ашуланды?
2. Ханның жарлығы қандай болды?
3. Бір ғана қиянат жасаудың өзі неге әкеліп соқтырды??
4. Өмірде кездесетін түсінбестікті қалай реттер едің?
5. Қамқорлықты кімге жасар едің?


Шығармашылық жұмыс: топтық жұмыс
1. Оқушыларды әр түрлі мамандықтардың атаулары жазылған карточка таратылып беріледі.
Мысалы: мұғалім, дәрігер, сатушы, құрылысшы т.б. Олар осы мамандық иелерінің қалай ар-ұждандарына сүйеніп қызмет жасайтындары туралы қысқаша өз ойларын ортаға салады.
2. М. Шахановтың сөзіне жазылған Н.Тілендиевтің «Әке туралы жыр» әні негізінде толықтырылып жазу ұсынылады.
........................................бойламаған,
........................................ойламаған.
........................................қанат қағып
.......................................қайда маған.

.......................................от жанарың,
......................................ақтамадың
......................................мінезіңмен,
.....................................аттамаған.

( Өз шығармашылығымнан айтып беру)

Өмірдің бар қиыны ойламаған,
Тағдырмен кемесіне бойламаған.
Есімде жан әкемнің сөзі бар ғой:
«Арыңды, намысыңды ойла ,балам»

Мен бүгін әкемді айтып мақтанамын,
Ақылын көңіліме сақтағанмын.
Арыңмен, жанымменен болашаққа,
Өсиетін тумар қып аттанамын

Әр топ құрастырған өлеңдерін оқиды.
2. «Ар- намыссыз – ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл» Елбасымыздың даналық сөзін мәніні аша отырып, болашаққа жақсы адам болуға жоба қорғау.

Үйге тапсырма
№ 10 сабақ 71-73 бет І.Есенберлин «Махаббат мейрамы» мәтінін оқу
№ 9 сабақ дәптермен жұмыс 1- тапсырма

Топпен ән айту
Әні сөзі
«Бағалайық бақытты»

Балғын дәурен, балауса кезің қандай,
Гүл бағында балқиды сезім балдай
Құрбым, осы бақытты сезіне алмай,
Кейін налып жүрмейік, кезіге алмай.

Қ-сы
Жүрегімде махаббат ән тербейтін,
Бағалайық бақытты, жан тербейтін
Мұнға батып қалмасын, көңіл бекер,
Оралмайды, жан құрбым, өмір өтер,

Ешкім бізге, аяулым бал ашпайды
,Қалауына жүректің таласпайды.
Жүрегімнің таңдаған адаспайды,
Ешкімге де жалғыздық жараспайды.
Қ-сы
Арманның мекені алыстап кетеді,
Жастығың өтеді қас қағымда
Бақ нұры таймасын, көңілің сайрасын
Өмірің жайнасын жас шағында


Соңғы тыныштық сәті
Көзімізді жұмып еркін жайғасайық. Бүгінгі сабағымыздан алған ойларымызды көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көзіңізді ашуға болады.
Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет! Тәрбие.орг сайтынан Ар-ұждан –адамдықтың өлшемі Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айтжанова Ақзада Жаңабайқызы

Пікірлер: 0

avatar