Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Армысың, кең дүние!
  • 03.04.2016
  • 1757 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18406

Алматы облысы, Достық ауылы
«Қаратұрық орта мектебі»кмм
Пәні: өзін-өзі тану
6 сынып

Тақырыбы:Армысың, кең дүние!
Мақсаты:
Оқушыларға «дүние», «әлем», «қоршаған орта» туралы түсінік беру.
Әлем тыныштығы, дүниеге деген жағымды көзкарастарын дамыту.
Достыққа,сыйластыққа,қарапайымдылыққа,сабырлыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосфера құру барысында «Ризамын бүгінге» Луиза Хейдің әнін хор мен айту.
Ризамын бүгінге,ризамен бүгінге, ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!
ІІ.Ойлайық, пікірлесейік.
1. «Айналдым сенен, Атамекен!» әнінің авторы не айтқысы келді?
2. Дүниенің кеңдігін қалай түсінесіңдер?
3.«Дүние», «әлем», «қоршаған орта», деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
4. Қоршаған әлемнің адам өміріндегі мәні қандай?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, өз ойларымен бөліседі, пікірлерін ортаға тастайды.
ІІІ.Оқулықпен жұмыс:
Оқулықтағы мәтін үстінде жұмыс, оқушылар екі топқа бөлініп мәтінді оқып талқылайды. Әр топ өз көзқарастарын қорғайды.
Мәтінді жоғары табыспен меңгереді, мәтін арқылы қорытынды шығарады. Топ мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады.
ІV.Шығармашылық жұмыс:
Армысың, кең дүние тақырыбына шағын шығарма жазып, сүрет салады.
V.Тыныштық сәті:
Шопен «Хрустальная грусть»оқушылар бейнематериал арқылы әнды тыңдайды, көз алдарына келген бейнені сүретке салады.
VІ.Рефлексия
Маған ұнады...
Маған ұнамады...
Мен ойландым...
Келесіде мен қалаймын...
Оқушылар өз ойларын, сабақтан алған әсерлерін кестеге жазады.

VІІ.Жүректен жүрекке
« Ақ көгершін» - әнін айтады.Сөзі Н.Баймухамбетовтікі, әні А.Жұбановтікі
Оқушылар әнді айтып болғандан кейін, дайындаған көгершіндеріне тілек жазып бір- біріне сыйлайды. Тәрбие.орг сайтынан Армысың, кең дүние! Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Амилова Бостангуль Махаметовна

Алматы облысы Достық ауылы "Қаратұрық орта мектебі"кмм өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 1757 | Жүктеулер: 6
Барлық пікірлер: 0
avatar