«Ашу – дұшпан, ақыл – дос »

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 364
  • Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
  • 18/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22838


Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: М.Жүнісов атындағы ЖОББМБ Мерзiм:
Тақырып: «Ашу – дұшпан, ақыл – дос » №11
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: ақылдылық, ұстамдылық
Мұғалiм– Г.Е.Муфтахова, Сынып -4а, 4б
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «ұстамдылық», «сабырлылық» , адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:
• Ұстамдылық,сабырлылық,ақылдылықтың мәнін түсіндіру;
• Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
• Ұстамдылыққа ,сабырлылыққа тәрбиелеу. Ресуртар:
(Құралдар, мәліметтер)

оқулық, дәптер
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлематсыздар ма оқушылар, отырыңыздар. Сыныптың сабаққа дайындығын тексереді . Сабақтың мақсат-міндеттерін хабарлайды.
2.Тыныштық сәті.
(Үнтаспадан баяу әуен естіліп тұрады).Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Үй тапсырмасын тексеру.
№11 сабақ Ж.Дәуренбековтың «Сурет» әңгімесін оқып келу. Оқушылардың жауабы тыңдалады. Сабақ барысын талқылау.

дәптер,оқулық ,күн бейнеленген плакат, бала санына орай қағаздан жасалған жүрекшелер ,интерактивтік тақта, бейнефильмдер.
3. Дәйексөз:
Сабақта айтылған ойлар мұғалімнің дәйексөз мәнін түсіндіруімен қорытылады:
-Ашуды жеңудің ең тиімді жолдары –ақылға салу,сабыр сақтау,ұстамды болу.Ақылды, кішіпейіл,әділ,батыл,қайырымды,мейірімді адам ашулана қоймайды.Ашуын ақылына жеңдіреді.Сондықтан да белгілі жазушы Мұхтар Әуезов: «Ақыл-адам көрігі, ақылдың сабыр серігі»,-деп өте орынды айтқан.

4. Әңгімелесу сұхбат:
Сабақ тақырыбының мәнін ашу мақсатында әңгімелесу жүргізіледі.
1.Бейнефильмнен не көрдіңдер?
2.Жауынгер шеберге не үшін келді?
3.Шебер жауынгердің сұрағын қанағаттандыра алды ма?
4.Қалай?
5.Осы бейнефильмді көру арқылы қандай ой түйдіндер?
6.Осыны көріп отырып,қандай ұнамсыз қылық байқадыңдар?
7.Ол туралы не білесіңдер?
8.Жағымсыз нәрсе не екен?
Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді:
-Адамдардың ойланбай істеген істерінің арты кикілжіңге апарып соқтырады. Кикілжің болған жерде міндетті түрде ашу туындайды. Ашу адамның өзіне де, өзгелерге де, айналасына да зиян. Өйткені адамның көңілі түседі, ешнәрсеге зауқы болмайды , жағымсыз сөздер айтады, айналасындағыларды ренжітеді. Ашу үстінде дұрыс шешім табу да қиынға соғады. Сондықтан да қандай жағдай болмасын ақылға жендіріп сабыр сақтап, ұстамды бола білу керек. Біз бүгінгі сабақта ашуланбау, сабыр сақтаудың адами қарым-қатынастағы мәні туралы әңгімелесеміз.
1.Сендердің ашуланған кездерің болды ма?Не себепті ашуландыңдар?
2.Сол уақытта қандай күйде болдыңдар?
3.Сол күйден шығудың қандай жолдарын іздестірдіңдер?
4. «Ашу-дұшпан,ақыл-дос»деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Мәтінмен жұмыс:
Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында «Сурет» әңгімесін оқу.
Сурет
Ж.Дәуренбаев
(көрініс ретінде көрсету)

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1. «Ашу-дұшпан, ақыл-дос» атты тапсырманы орындаған оқушылар ақ қағаз бетіне түсірген ойларымен бөліседі.Өз ойларын теңеу түрінде сабырлылықты, ашушаңдықты , ақылдылықты, ұстамдылықты бояумен көрсету.
Оқушыларды екі топқа бөлу.Бірінші топ плакаттың біріне , адам бойындағы ашушаңдықты неге теңейтінін көрсетеді, ал екінші плакатқа адам бойындағы ақылдылықты , сабырлылықты, ұстамдылықты неге теңейтінін көрсетеді.
2. Оқушылардың білімдерін бекіту үшін тапсырма беріледі. Тапсырма бойынша балалар «Досың ашуланған кезде оған қандай ақыл айтар едің?» деген сұраққа жауап береді.
6.Топпен ән айту.
1.Жан досым
сөзін жазған Б.Батырбекова
Әнін жазған:А.Меңжанова
2.Үнтаспаға қосылып, Луиза Хейдің «Ризамын» әнін орындату.
7. Дәптермен жұмыс.
Оқушылардың сабақтан түйген ойларын бекіте түсу үшін тапсырма беріледі.
Дәптерде берілген даналық сөздерді оқып,олар бойынша түсініктерін жазу.
1.Сабыр түбі-сары алтын.
2.Қайтып кірер есікті қатты жаппа.

8.Үй тапсырмасы.
№12 сабақ В.А.Сухомлинскийдің «Балалардың көз қуанышы» атты әңгімесін оқу.
9. Соңғы тыныштық сәті.
Данышпан атаның кеңесін оқып,ойға түю.
- Ашу қысқан кезде өзіңді-өзің ұстай біл.
- Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана.
- Жақсы нәрсе туралы ойла.
- Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.
- Басқа адамды ренжітетініңді ойла.
- Соңынан өкінетініңді есіңе ал.
- Ашуды ақылға жеңдір. Тәрбие.орг сайтынан «Ашу – дұшпан, ақыл – дос » Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Г.Е.Муфтахова

Пікірлер: 0

avatar