Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Бақыт құшағында
  • 11.11.2016
  • 224 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19984

Өзiн-өзi тану сабағы

Мектеп : №133
Мерзiмі: 15.10.2016ж
Тақырып: Бақыт құшағында.
Құндылық Дұрыс әрекет.
Қасиеттері: Бақытты болу, бақытты сезіну.
Мұғалiм:Баратбаева Маржан Абдалиқызы
Сынып: 7 «Е»
Оқушылар саны: 25

Мақсаты: оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
 Оқушыларға адам өміріндегі қуанышты сәттер, істеген игі істерден рахаттану, барды қанағат тұту және адам бақыты туралы түсініктерін кеңейту
 Оқушылардың үйлесімді қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету
 Оқушыларды рухани -адамгершілік қағидаларды өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi:
-Оқушылармен амандасу
-Сыныпты түгелдеу
-Топқа бөліну
-Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ресурстар:
(құралдар,мәліметтер)
Интерактивті тақта,оқулық,дәптер,видео материал,түрлі-түсті маркерлер,плакат.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Б.Айтуқызының «Сұлулықпен сырласу» мәтінімен сұхбат жүргізу.

Сабақ барысын топпен бірге талқылау:оқушылар өз ойларымен бөліседі

3. Дәйек сөз
Меніңше адамның ең бір үлкен бақыты –күресе білу,қуана білу,жұмыс істей білу және басқалардан қалыспай,өмірге ілесе білу.

В.Н.Терешкова

• Дәптерге жаздырамыз.
• Дәйек сөздің мағынасын сұраймыз.
• Бала жауабына сүйеніп,қорытынды жасаймыз.

3.Мұғалімнің сыйы.
-«Бақыт туралы» бейнебаян көрсету.

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып,өз ойларын ортаға салады.

4.Мәтінмен жұмыс.
Бақытты адамның көйлегі.
1. Патшаның мазасын алған қандай ой еді?
2. Неліктен уәзірлер бақытты адамды таба алмады деп ойлайсыздар?
3.Қойшының бақыты неде екен?

5.Топпен ән айту
Мұғалім оқушылармен М.Мақатаевтың «Бақыт » әнін бірігіп орындайды.

Бақыт

Бақыт жайлы менін мынау білгенім
Бақыт деген бірде шаттық бірде мұн
Бақытты сол тәрік етіп түндерін
Бақыт іздеп азаптанса кімде-кім

Бақыт деген сенін бала күндерін
Бақытсыз ақ бақытты боп жүргенін
Бақытын да басқасын да білмеуін
Бақытсыз ақ ойнап күлгенін

Бақыт деген әркімдерде бір арман
Сол арманнын шыққан жері құмардан
Ал мен үшін ең бақытты күндерім
Бұл өмірде бақыт іздеп жүргенім



Топпен бірге ән айту

5.Шығармашылық жұмыс.
Топпен жұмыс.
1-топ
Қандай қасиеттер адамды бақытқа жетелейді?
2-топ
Бақытты сәттердің бейнесін көрсету?
3-топ
Бақытқа байланысты өлең шығару?

Ақ қағаз,түрлі–түсті қаламдар,маркер.

7. Жүректен жүрекке
Мұғалім сыныптағы оқушылардың қарым-қатынасын жақсарту мақсатында бір-біріне жүректен шыққан жылы тілектерін білдіртеді.


8. Үйге тапсырма беру.
Жұмыс дәптерге «Бақытты болғым келеді» деген тақырыпта ой-толғау жазу.

«№133 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекеме


Тақырыбы: Бақыт құшағында

Пәні: Өзін – өзі тану.
Сыныбы: 7«Е»
Мерзімі:15.10.2016ж.
Мұғалім: Баратбаева Маржан Абдалиевна

Алматы 2016ж. Тәрбие.орг сайтынан Бақыт құшағында Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Баратбаева Маржан Абдалиевна

«№133 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекеме педагог-психолог, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 224 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar