Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Бақыт құшағында
  • 13.02.2017
  • 41 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21728

Жұмыс орны: ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы. «Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ.
Мамандығы: Өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Аты-жөні: Юсупова Айсулу Амангельдиновна
Байланыс нөмірі: 87762017702
Сертификат алу үшін

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Бақыт құшағында.
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: Мейірімділік, қанағат, сыйластық, қарапайымдылық, кішіпейілділік
Мұғалім: Юсупова А.А. Сынып: 7 а Оқушылар саны: 15

Мақсаты
Оқушыларға мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік қасиеттері арқылы ішкі тыныштық құндылығын ашу; Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
Міндеттері:
• Оқушыларға адам өміріндегі қуанышты сәттер, істеген игі істерден рақаттану, барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты туралы түсіндіру;
• Оқушылардың өмірге деген көзқарасы туралы өзіндік ой-пікірлерімен бөлісу арқылы шығармашылыққа баулу; Бала бойындағы адалдық, мейірімділік, қарапайымдылық қасиеттерін дамыту.
• Оқушыларды рухани адамгершілік қағидаларды өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу. Слайд, А4 формат, түрлі түсті маркерлер.даналық сөздер.
Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования.-Алматы: Ғылым,1998.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды әр түсті стикерлер арқылы үш топқа бөлу.
Тыныштық сәті.
Жайлы, баяу музыка қойылады.
Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек -қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын еслестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе тусуде,оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.Нұр бірте- бірте қарқынмен шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан -жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп журген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан- жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын”.
Осындай Нұр,махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Жағымды музыка арқылы жәйбарақат жұмсақ дауыспен тыныштық сәті өткізілді. Оқушылар тыныштық сәтінде елестеткен жағымды көңіл-күйлерімен бөлісті.
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтағы «Бақытқа барар жол» әңгімесін мазмұндап келу. (34 бет.)
- Шәкірттер ұстаздан не туралы айтып беруді өтінді?
- Бақыт туралы ұстаз қандай ой айтты?
- Бақыт дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?
- Бақытқа жету үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
«Өзін-өзі тану» оқулығы 7 сынып. Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2010.-34 бет. Әңгіменің мазмұнын бір оқушы ортаға шығып айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Әңгімелеу.
Бақытсыз бай
Ертеде жалғыз басты бір бай өмір сүрді. Оның туысқаны да, баласы да жинаған мал мүлкі мен ақшасы еді. Соларды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп оның үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді “мынау менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне барып мәз болып жатыр” деген жаман ойға кетті. Ол жалшысының есігін бір теуіп кіріп барды. Сөйтсе жалшысы екі баласын арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен.
— Ақымақ, бүгін қиралаңдап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен мына мұрынбоқтарыңды ойнатамын деп шаршайды екенсің ғой! — деп ақырды.
— Қожайын, осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, тыңайып, сергіп қалам, — деп байыпты қалпынан жазбай жауап берді малайы.
— Нағыз ақымақ екен! — деп үйден атып шыққан бай енді “мен кеш кіріп қалдым ба екен, ол ұрлаған ақшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы” деп күдігінен арыла алмай-ақ қойды.
Екінші күні жалшы таң атқанша жұмыс жасады. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне қайтты. Бай соңынан бұқпантайлап барып тағы тың тыңдады. Құлағына шықырлаған ақша мен сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тағы да есікті бір теуіп кіріп барды. Екі баласын екі жағына алып қаннен қаперсіз рахаттанып ұйықтап жатқан жалшысын көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз білдіртпей үйден шығып кетті. Сонда да күдігі сейілер емес.
Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін мазақ қылып тұрғандай көрініп кетті. Бай ақыры:
— Менің қазынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сенен басқа ешкім алған жоқ. Себебі сен үнемі көңілді жүресің, тыққан ақшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр, — деді.
Сонда жалшысы:
— Қожайын, жағдайың сорлы құлдан да жаман-ау. Күнде кешке үйімді торауылдайсың. Менің байлығым екі балам мен жан жарым және денсаулығым мен қара күшім. Құланиектеніп таң атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме деп тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін, — деп жауап берді.
Не дерін білмеген бай үн-түнсіз қалды. “Япырмай, шынында да мына қара құл бақытты. Мен сияқты қызғанатын байлығы да жоқ. Байлық маған бақытсыздық үшін біткен бе? Басым ауырып кетті”.
Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Оның сыртынан қарап тұрған бай алдынан жүгіріп шыққан екі баласына қызыға қарап қалды…
Әңгіме бойынша сұрақтар:
1. Бай неге өзінің малайын аңдыды?
2. Жалшының бақыты неде болды?
3. Бақытты болу дегенді өздерің қалай түсінесіңдер? Мұғалімнің кәде сыйы.
Мазмұндап айтып беру. Әңгіме желісі бойынша бірнеше сұрақтар қойылады. Оқушылар өз пікірін білдіреді. Тақырып одан сайын ашыла түсті.
Дәйексөз
Басқаларды бақытты етуге тырыса отырып, өз бақытымызды да табамыз.
Платон Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып,мағынасын ашып,өз ойларын жеткізеді.
Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс.

І топ: «Бақытқа апарар жол» тақырыбында сурет салу
ІІ топ: Өлең жолдарын жалғастыр.
1. Минут сайын сезінем бақыт дәмін,
Қуанышқа толады уақыттарым.
..........................................................
..........................................................

2. Күні-түні шүкір деп шаттанамын,
Сәбидеймін, көңілім аппақ әлі!
.....................................................
.......................................................
ІІІ топ: Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып, «Мен үшін БАҚЫТ.....» тақырыбында ой толғау жазу. Нұрлы өмір, қиянат жасамау, арайлы таң, қуанышты сәт, тыныштық,денсаулық т.б. Әр топ өзіне берілген тапсырмаларды орындайды. Өз пікірлерін топ алдында қорғайды.
Топпен ән айту.
Бақыт деген...
М.Мақатаев
1.Бақыт жайлы менің мынау білгенім,
Бақыт деген бірде шаттық,бірде мұң.
Бақытты сол тәрік етіп түндерің
Бақыт іздеп азаптанса,кімде кім.
Қ-сы:
Бақыт деген сенің бала күндерің,
Бақытсыз ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да,басқасын да білмеуің,
Бақытсыз ақ ойнап күлгенің.

2.Бақыт деген әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір,
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
Сабақтан алған әсерлерін қорытындау мақсатында мұғаліммен бірге қосылып топпен ән айтады.
Үй тапсырмасы.
39 беттегі «Бақытты адамның көйлегі» ертегісін оқып келу. Күнделіктеріне берілген тапсырманы жазып алады.
Сабақтың қорытынды сәті: Соңғы тыныштық сәті
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көздерін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет. Көздеріңізді ашуға болады.
Жұмсақ музыка сүйемелдеуімен сабақтың соңғы сәтін түйіндеу. Тәрбие.орг сайтынан Бақыт құшағында Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Юсупова Айсулу Амангельдиновна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар, бақыт, құшағында
Көрсетілім: 41 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar