Бақыт сыры

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 213
  • Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
  • 31/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21433


1. Дәйексөз.«Жаны тыныш адам қара суға да тоқ», «Кешіре білген сайын абыройың арта түседі», «Бір ауыз сөз жан тетігін табады, бір ауыз сөз мың әуреге салады», «Кек сақтаған адамның құты қашады, кешіребілген адамның мерейі өседі», «Жаны тыныштың дені сау», «Жан дүниемде тыныштық болса, бүкiл әлемде тыныштық».
2. Әңгiмелеу (сұхбат). «Болаттың отбасы» әңгімесін оқып, соның мазмұны бойынша төмендегі сұақтар бойынша ой-пікір алмасу:
- Болаттың отбасына бақытының қайтіп келуіне не себеп болды?
- Балаларының әкесіне деген сүйіспеншілігі мен сенімі оның өзгеруіне көмектесті ме?
- Болаттың мамасы қандай адам, ол балаларына қандай болуды үйретті?
- Неге кешіре білу өте қиын, бірақ шынайы кешіру бақытқа, жан тыныштығына әкеледі?

3. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.Сыныптағы оқушыларды 4 адамнан 4 микротоптарға бөліп «Менің бақытым» тақырыбына ватманға сурет салады. Сурет салу кезінде классикалық инструменталдық әуен «Балықшының бақыты» қойылады. Сурет салу кезінде толық тыныштық сақталады, әрбір оқушы өзінің ішкі жан дүниесімен сырласа отырып, өз бақытын суеттейді. Соңынан әр топ өз суреттері бойынша ой-пікір бөліседі.
4. Топпен ән айту.
Бір ауыз сөз
Сөзі: Қ. Салықовтікі
Әні: Ш.Әбілтаевтікі

Бір ауыз сөз
Бір ауыз сөз қасіретті тияды,
Бір ауыз сөз айықпас дерт жияды.
Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп,
Бір ауыз сөзжаманатқа қияды.

Бір ауыз сөзтаң Шолпанын әперер,
Бір ауыз сөз анаңдай боп мәпелер
Бір ауыз сөз «Ұл туды!» - деп қуантса,
Бір ауыз сөз әке өлімін әкелер.

Бір ауыз сөз мұхиттарды жалғайды
Бір ауыз сөз ұран болып самғайды.
Бір ауыз сөз әлемге әйгілі еткізсе,
Бір ауыз сөз арсыз жандай алдайды.

Бір ауыз сөз жан тетігін табады,
Бір ауыз сөз мың әуреге салады.
Қимас жандар көз жұмарда қоштасып,
Бір-ақ ауыз сөз айтысып, сөз айтысып қалады.
5. Үй тапсырмасы. А.Джексонның «Бақыттың он құпия сыры» атты еңбегін оқып, әрбір құпияға талдау жасау. Сонда сіздер жан тиыштығына әкелетін жолдарды таба аласыздар . Тәрбие.орг сайтынан Бақыт сыры Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Картджанова Эльмира Режепбаевна

Ақтау қаласы Мұнайлы ауданы №8 орта мектеп Өзін - өзі тану пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar