Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Еңбек –өмір мәні
  • 10.01.2017
  • 26 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20906

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп : № 41 мектеп Мерзiмі: 18.10.2016 ж . № 7 сабақ
Тақырып: Еңбек –өмір мәні
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: еңбек ету,талапкерлік ,шыдамдылық .
Мұғалiм: Кошенова С.С. Сынып 9 «А» Оқушылар саны : 16

Сабақтың мақсаты: оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1.Оқушыларға еңбек етудің маңыздылығын түсіндіру.
2. Оқушылардың бойындағы талапкерлік қасиетін дамыту.
3. Оқушыларды еңбек ету барысында шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi: 5 Т-ны ережесі.
Оқушыларды суреттерді таңдау арқылы топқа біріктіру.
Тыныштық сәтi.( Су асты патшалығына ойша саяхат)
(қолдарын тізесіне немесе үстел үсіне қояды,аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы ,баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім:Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз: денеңізді босатыңыз.Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз.Толқындардың жеңіл шалпылына , шағалалардың шуылына құлақ түріңіз.Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көрініп тұрсыз; ол жақындаған кезде делфин екенін түсіндіңіз.Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді.Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр.Жайлап оның арқасына отырыңыз , мықтап ұстап жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңізді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: Мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы , қандай орасан зор балықтар , ал енді анау жаққа көз тастаңыз....бұл орасан зор сегізаяқ.Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем.Сіз бір нәрсені байқадыңызба?.Мұнда неткен тұңғиық, толы тыныштық.Осы тыныштық күйде болыңыз.(мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады)
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз.Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз.Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызға сақтауға тырысыңыз.



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Бейджик, күнделік, оқулық, дәптер.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Аңыз әңгіменің мазмұнын ашу.
-Қалай ойлайсыздар, егер ағайындылар жерден шынымен алтын тапқан жағдайда өзгерер ме едің?
-Сіз ата –ана болсаңыз, балаларыңызға еңбектенуді қалай үйретер едіңіз?
Сабақ барысын талқылау:
3. Дәйексөз
« Еріншектік –күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
Талапсыздық ,жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады».
(Абай Құнанбаев)
Дәйексөзі әр топқа жеке–жеке айтқызамыз.
4.Әңгімелеу.(мұғалім сыйы)
«Әке мен бала» бейнебаян көрсету.
-Бейнебаянды көріп қандай әсерде болдыңдар?
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Адам –көркі еңбек»
1-топ.Суретшілер сурет салу
2-топ.Жазушылар шағын әңгіме құрастыру.
3-топ.Ақындар өлең шумағын құрастыру.


7.Үй тапсырмасы. Л.В.Рувинскийдің «Ұлы адамдар өмірі» туралы мәтінді оқып келу.
8.Соңғы тыныштық сәті.
Еңбек ету барысында адамның өмірге дағдылануы қалыптасады. Ал өз бойындағы табиғи қабілетін дамыту ,сол жолда тынымсыз еңбектену адамның өзіне байланысты. Ал сіздердің басты еңбектеріңіз жақсы оқу, сапалы білім,сондықтан шыдамдылықпен талаптанып еңбек етіңіздер. Сонда жақсы өмір сүресіздер.Жақсы өмір сүрем десеңіз дұрыс әрекет жасаңыз! Тәрбие.орг сайтынан Еңбек –өмір мәні Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кошенова С.С.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар, мәні, –өмір, еңбек
Көрсетілім: 26 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar