Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Имандылыққа апаратын жол» «Өмірді алдын ала болжауға болама?»
  • 28.04.2016
  • 668 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18872

Сабақ жоспары

Сабақтың мақсаты:
Имандылыққа үйрету тектілікке тәрбиелеу. Ислам дінінң хақ дін екенін оқушыларға түсіндіру.
Өмір мәні туралы пікірлердің алуан түрлілігін көрсету, өмір жолын жоспарлаудың факторлары мен шарттарының маңызын түсіндіру, өмірдің мәнін анықтайтын құндылықтарды айқындау.
Сабақтың міндеттері:
- «Иман» деген сөздің мағынасын ашып айту және «иман» отбасыдан басталатынын ұғындыру;
- Қайырымдылыққа, кішіпейілділікке, адалдыққа, жомарттыққа, тәрбиелеу;
- Студенттердің өмірге деген көзқарастарын кеңейту;
- Өмірлік ұстанымын таңдай білуге жол ашу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгіме, мәтінге түсініктеме, пікірталас, ойын.
Пәнаралық байланысы: Анатомия, Құран Кәрім, өзін-өзі тану әдістемесі, психология, әдебиеттер, хрестоматия
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, схема, видео-ролик, оқу материалдары
Сабақ жүрісі
І.Ұйымдастыру кезеңі
«Сәлемдеме хат»
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Өзіндік жұмыс.
Сіз өзіңізге қажеттіліктеріңізді анықтаңыз. Сіздің материалдық және рухани сұрақтарыңыз қандай? Көңіліңіз қандай?
1. Егер сіз ата – аналарыңызбен тұратын болсаңыз, отбасы қаражатынан тек сіздің қажеттіліктеріңізді өтеу үшін қанша қаражат бөлінетінін есептеңіз?
2. Сізге жұмсалатын қаржының пайыз көлемінде қаншасы материалдық, қаншасы рухани қажеттіліктерге жұмсалатынын анықтаңыз.
3. Матералдық, рухани қажеттіліктеріңіздің қайсысын бірінші орынға қоясыз?

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту кезеңі
Көп нүктенің орнын толтырыңыз.
1. Ақшаның көптігінен.....
2. Жақсы адам өзінің жыртық тонымен де сыйлы.....
3. Өзін сыйлай білмеу – бақытсыздық өзіне шексіз риза болу.....
4. Егер сені ешкім қадір тұтпаса.....

ІV. Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға, меңгеруге студенттерді әзірлеу кезеңі.
«Қайырымдылық іс әрқашанда өзіңе қайырлы болып келеді» (видео ролик)
V.Жаңа білімді меңгеру кезеңі
1. Имандылыққа бастайтын жол
Ислам діні – дүние жүзіне кең тараған дін. Бұл дінді тұтынатын адамды мұсылман деп атайды. Адамның рухани жан дүниесін біліммен нұрландырып тәрбиелеуде ислам дінінің орны айрықша. Атап айтсақ, Мухаммед пайғамбардың 197-хадисінде: «Алла сіздің сырт келбетініз бен нақты ісіңізді қарайды» делінген. Енді арықарай Пайғамбарымыздың бірнеше хадистерін оқып көрейік.
• Балаларыңызбен жақсы қарым-қатынаста болыңыз және оларға дұрыс тәрбие беріңіз.
• Адам ұрпағына жақсы тәрбие беру, садақа беруден де артық.
• Ешбір ата-ана өз баласына жақсы тәлім – тәрбиеден артық мұра қалдыра алмайды.
• Сұлу әйел жастайынан жесір қалып, балаларына жақсы тәрбие беру мақсатында қайта тұрмысқа шықпай балаларына жақсы үлгі көрсетіп, тәрбие берсе, жәннәтқа кіреді.
Ұлы Абай: «Иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас көңіл керек»- деген екен. Иман араб тілінен алынған сөз. «Иман дегеніміз – иланған көңілмен ықтияр болушылық» делінген ислам тілінде. Иман дегеніміз – сенім. Адам сенімсіз, үмітсіз, армансыз өмір сүре алмайды.
Адамның ой-қиялы, ақылы алысқа шарлайды. Сондықтан адамға сенім, дұрыс көзқарас қажет. Сенім тәрбиеден шығады, сенім – тәрбие қанаты. Тәрбие қоғамның көркеюіне, ғылымның заңдылығына, өмір шындығына негізделген сенім.
Әдеп, адамдық қасиет, имандылық амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қол жеткен зор игілігі – сәлемдесу. Сәлемдесудің шарапаты мен кереметі көп. Сондықтан, имандылық нышаны ретінде қабылданған сәлемдесу «иманды екен», «иман жүзді екен» деген сөздер біздің санамызда қалыптасқан.


Енді адамның бойындағы «Имандылық» ұғымын талдап көрейік.
Иманды болу.
Жомарттық – адамның ең тамаша қасиеттерінің бірі. Жомарт болу – өзіңде барды зеру адаммен шын жүректен бөлісу.
Қанағат – әдептіліктің басты белгісі. Қанағатшылдық, адамшылдық жолдан тайдырмайды, аздың өзін қанағат етеді. Қанағатшыл кішіпейіл де қарапайым, иманды көптің құрметіне бөленеді.
Сабыр – сабыр түбі сары алтын, - деп бекер айтпаған. Адамның өзін-өзі билеуі, ісіне алдына қойған мақсатына талпына білуі, қиыншылықтарды жеңіп, өзінің сезімдерін қадағалай алу. Сабыр – әдеп, инабат, иман тұрғысынан жоғары бағаланатын түсінік.
Адал жан – ешкімнің ақысын жеп, ала жібін аттамай, өз еңбегімен дүние жинап, күн көріп жатқан, кісіге қиянат жасамайтын адам.
Тәубе – кісінің өзін-өзі жетілдіріп, кемелдендірудің бір түрі. Тәубеге келу біреулердің жаман істерін көріп, ондайдан безініп, өзінің жамандықты істемегеніне шүкіршілік жасап, нысапқа келеді.
Қазақтың ақыны, жазушы Ғабит Мүсірепов «Сәлем сөздің - анасы» деп бекер айтпаған. Сәлемдесу бұл біріншіден, адамдармен жақсы қарым-қатынасқа түсу болса, екіншіден ол адамның көргендігін, адамгершілігін, сыйластығын, үлкенді құрметтейтінін көруге болады.
Қазақта «Жетім көрсең жебей жүр», «Балам дейтін жұрт болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген сөз бар. Бұл дегеніміз тек қана жетімдерге жәрдем беру дегенді білдірмейді. Күллі адамзат баласына пайдасы тиіп жүрсе, еліне, жеріне, Отанына қайырлы іс істеген адамды қайырымды адам дейміз.
Халқымызда «Кісі болар баланың, кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар» деген мақалы бұл кішіпейілділіктің белгісі. Кішіпеілділік бұл – кішілік емес, кісілік. Кішіпейілділік үлкендерді құрметтеумен ғана шектелмейді, ол кішілерге ізет-құрмет көрсете алады. Себебі ол кісі ғой.
Тәртіптілік – бұл адамның отбасымен қоғамдағы өз орнымен жүріс-тұрысы. Бауыржан Момышұлы айтқандай «Тәртіп болмай – тыныштық болмас». Тәртіп бұл, өзін-өзі қадағалау, заң, тәрбие, ауызбіршілк, ата-анасын құрметтеу, тыныш өмір сүру,

Сәлемдесу – сөздің анасы
Қайырымдылық Адалдық

Жомарттық Кішіпейілділік

Сабыр Тәртіптілік

Қанағатшылдық Әдептілік
Нысап

Әз Төле би: Имандылық көзқарастары туралы әңгімелеу.

Сұрақтарға жауап.
1. Адамның бойындағы «Имандылық» қасиеттерге нелер жатады?
2. Имансыз деп нені айтамыз?
3. Неліктен адамдар есірткіні қолданады?
4. Темекі шегудің алдын алу үшін не істеу керек?
5. Төле би туралы не білеміз?

Тақырып : «Өмірді алдын ала болжауға бола ма?»
Айтылған ойларға түсініктеме беріңіз :
Жаманға бақыт қонса,
Қонғанын сезбей,
Ұшқанын бір – ақ сезеді (Б.Момышұлы).
Көңіл жақсы болғаны –
Өмір жақсы болғаны (халық мақалы)
Әрбір сүрінгеніңді бақытсыздық деп санама.
Бәлкім, сенің шын бақытың сол жерден басталар. (Лев. Толстой).
Өзен ағысын бөгеуге болады,
Өмір ағысын бөгеуге болмайды (халық мақалы).

Мәтінмен жұмыс.
Денелеріңізді бос ұстап, көздеріңді жұмып, өздеріңізге ыңғайлы поза ұстаныңыздар. Терең дем аламыз, қайта сыртқа шығарамыз. Аяқ, қолымыз босаңсып. Қазір мен сендерге мәтінді оқимын мұхият тыңдап, елестетуге тырысыңыздар.
Талдау: Жаттығу барысында өзімізді қалай сезіндік?
Ғұламаның айтқандарымен келісесіздер ме?
Не себепті ғұлама «Бәрі де өз қолыңда»,- деп жауап берді?
2. Студенттерге арналған психологиялық ойын (топпен жұмыс)
І топ. «Екі бақа» аңыз әңгіме
Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шыға алмайтынына көзі жетіп, қарсыласпай өліп қалады. Ал екіншісі, шыға алмайтынына көзі жетіп тұрса да, арпалысқанының бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бірақ соңында қаймақ, әлгі бақаның секіргенінен қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді.
Аңызды оқып шығып, негізгі ойдың мәнін ашып беріңдер?

II топ. М. Мақатаевтің өлеңінен үзінді.
Шыда, шыда! Өкінбе, өкпелеме бүгініңе,
Шыдай түс, шыда тағы! Өмір, өмір!
Шыдамдыны мына өмір ұнатады. Болмайды түңілуге,
Үміттің құлан иек құла таңы, Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Әйтеуір бір атады, бір атады. Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге
Өлеңдфі оқып шығып, өлеңге талдау жасап беріңдер?
III топ. Аяқталмаған сөйлемдерді аяқтау ұсынылады.

1. Өмір мен үшін...
2. Өмірдің мәні, ол...
3. Бақытты өмір, мен үшін...
4. «Өмір – бағасы жоқ сый» - дегенді мен...
5. Қызықты өмір сүру үшін, мен...

IV топ. Төмендегі сөзге анықтама беріңіздер

Мәнді өмір сүру үшін адамға керек қасиеттер.

Доп ойыны.
Допты ұсына отырып ойынға қатысушылар бір – біріне сұрақ қояды:
1. Адам өмірге не үшн келеді?
2. Адамдар бір – бірін неге алдайды?
3. Сіз өтірікті жиі айтасыз ба?
4. Сізді біреу алдап тұрғанын сезінсеңіз қандай көңіл күйде боласыз?
VI. Психологиялық тест. «Мен өмірге сеніммен қараймын»
VII. Жаңа білімді бекіту сұрақтары
Пікірталас үшін қойылатын сұрақтар:
- Сіздің ойыңызша, өмірдің мәні неде?
- Адам өмірінің басты мақсаты неде?
- Өмірді жоспарлау мүмкін бе?
- Өмірді жоспарлаудың қажеті барма?
VІIІ. Қорытынды
«Бақытты адам бейнесі» коллаж жасау.
Нұсқау: Әр топқа ватман мен қағаздар таратамын. Сіздер берілген құралдарды пайдаланып, сабағымызды қорытындылау негізінде «Бақытты адам бейнесін» жасауларыңыз керек. Және де топтан бір адам шығып, жұмысты қорғауы қажет. Іске сәт!
ІХ. Бағалау
Х.Үйге тапсырма:
1 топ: Абайдың «Отыз жетінші сөзін» оқып шығып ұнаған ойларды дәптерге жазып алыңыз;
2 топ: М. Шахановтың «Алтын, күміс және қалайы» өлеңін
3 топ: Сайф Сарай шығармаларынан үзіндіні, Әбілхасан Рудакидің «Өмір маған ақыл айтты»
4 топ: М. Мақатаевтың «Өмір жайлы» өлеңдерін оқып танысып, алған әсерлеріңізбен бөлісіңіздер. Тәрбие.орг сайтынан «Имандылыққа апаратын жол» «Өмірді алдын ала болжауға болама?» Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абилов Бауыржан

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы "Каспий" педагогика және салалық технологиялар колледжі педагогика және психология пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 668 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar