Іздегенде табылатын қасыңнан

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 535
  • Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
  • 17/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22604


Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп Талдыкөл мектеп – балабақша кешені Күні 25/11/2016ж № 12
Тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан
Құндылық: «Дұрыс әрекет»
Қасиет : жанашырлық, мейірімділік, адалдық
Педагог Жұмашева А.О Сынып___8 Оқушылардың саны 15
Мақсаты: Дос, достық ұғымдарының мәнін ашу, балаларды дұрыс әрекет жасауға баулу.
Міндеттері:
1.Достар арасындағы адалдықтың мәнін түсіндіру.
2.Айналадағы қоршаған адамдарға деген тілеулестік, мейірімділік, сүйіспеншілік қасиеттерін дамыту.
3.Адалдыққа, жанашырлыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ресурсы:(материалы, источники)
Сабақтың барысы: Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
Тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөлісу.
1.Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды жағдай туғызу.
2.Үй тапсырмасын тексеру. Б.Момышұлы мәтінді оқу Сабақтың барысын
талдау
Дәйек сөз (цитата)
Досы жоқпен сырлас , досы көппен сыйлас. (Абай)
Дәйексөзді топпен қайталау. 2-ұлдар, 2-рет қыздар.
Дәйексөздің маңынасын ашу. Қанатты сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
• Достық деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Мұғалім сыйы: «Жақсы дос-жан азығы»
Мұсабекова А.А Тәрбие тағылымдары.
Танымдық – тәрбиелік оқу құралы.
«Ертеде, елімізде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Кенет тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасап, елдің мал-мүлкін тонап, азаматтарын айдап әкетеді. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр, күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскері оны бас салып ұстап, тұтқынның сұрауымен қолбасына алып келеді. Жігіт қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Бірақ, менің беретін мал-мүлкім жоқ, тек өмірімді ғана бере аламын. Өмірімді алып, досымды босатыңдар, - деп өтінеді.
Қолбасы:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сенің көздерің керек, екі көзіңді ойып аламын, - дейді оған.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт.
Жау жағы оның екі көзін ойып алып, досын тұтқыннан босатады. Әлгі жігіт тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, күлімдеп келе жатқан екен».
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты бетпе-бет ұрыста жену қиын екен деп шешіп, әскерлеріне шегінуге бұйрық берген дейді».

4.Әңгімелеу (әңімелесу).
1)Мына аңыз әңгімедегі достықты қандай достық деп бағалайсың?
2) «Дос қияметтік» деген сөзді қалай түсінесің?
3)Достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едін?
4) Жан достарың бар ма?
5) Өздеріңді достыққа адалмыз деп есептейсіңдер ме?
7) Достықтың құдіреттілігі неде?
5.Шығармашылық жұмыс.
1 Топ: «Менің сүйікті досым» тақырыбына шағын әңгіме жазады
2 Топ: «Дос жүрегі» өлең жолдарын құрастыру.
3 Топ: Достыққа байланысты сахналық көрініс көрсетеді.
6Топпен ән салу. «Жан досым» 1)Іздегенде табылатын қасыңнан
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған
Көріспесек сағыныштан жүдейтін
Кім бар жақын бала күнгі досыңнан

Жан досым, үстем болсын мерейің
Әрқашан жеңісіңді көрейін
Сырымыз да бітпесін
Жырымыз да бітпесін
Жырымыз да бітпесін

2)Қос бұтағы секілденіп ағаштың
Қатар тұрып гүлімізді сан аштық
Жол тапсақ біз бірге жүріп жол таптық
Адассақ та бірге жүріп адастық

3)Өмір өзі арқамызға жүк салып
Бәрімізді қияларға жұмсады
Қатар ұшқан құсқа ұқсадық әлде біз
Қатар жанған екі шамға ұқсадық


7.Үй тапсырмасы. «Дос жүрегі- шар айна» эссе
«Достық менің көзіммен» айдарымен газет дайындап келу
8.Қорытынды тыныштық сәті. Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,
тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде. Олай болса балалар ішкі тыныштығызды жүрегімізде сақтап, өз ойымыз, ісімізбен сөзімізге сенімді болып, ешкімге қиянат жасамай, дұрыс әрекет ете білейік Тәрбие.орг сайтынан Іздегенде табылатын қасыңнан Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жумашева Айнур Уразовна

Талдыкөл мектеп- балабақша кешені Өзін- өзі тану пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar