Келісім түбі-жарастық

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 871
  • Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
  • 29/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18219


Мектеп__№ 20 Мерзiм_ ___________№14_____
Тақырып: Келісім түбі-жарастық
Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану Қасиеттер: тату, шыдамды.
Мұғалiм Дауренбекова Салтанат
Сынып 2 б

Сабақ мақсаты: «Достъқ»,«сыйластъқ» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеті:
1. келісім, жарастық туралы түсінік беру;
2. достыққа бейімділік сапаларын дамыту;
3. өзара татулыққа, шыдамдылықка тәрбиелеу
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi.
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Піл мен маймыл» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.
Сұрақтар:
1. Адам қандай келісімге шақырды?
2.Ертегіде кімдердің достығы жарасты?
3.Жапалақ неліктен жалғыз қалды?
4.Әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңдер? Сабақ барысын талқылау:
4.Әңгімелесу
-кешірім жасау- қателікті мойындау;
-кешірім жасау- өзара түсінісу;
-кешірім жасау-ренішті ұмыта білу.
5.Дәйексөз
«Келісім достыққа жеткізер, достық бақытқа жеткізер» Адамдар бір-бірінен кешірім сұрап, бірін-бірі тыңдап, түсінісіп келісімге келе алса, достары көп болады. Досы көп адам - ол жалғыз емес. Басына қиындық туған жағдайдың өзінде достары көмектеседі. Сондықтан ол адам қиындық, көңілсіздік дегенді білмейді. Барлық уақытта да көңілді, қуанышты, бақытты. «Келісім достыққа жеткізер, достық бақытқа жеткізер» деген осы.Дәйексөзде берілген ой үй тапсырмасын орындау барысында пысықталады.Тапсырмада берілген адасқан әріптерді орнына қойып, берілген сөзді табыңдар. Әріптерді орнына қойғанда «Келісім түбі - жарастық» сөзі шығады.
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
Жаттығу. «Достық нұры»
Оқушылардың татулық, келісім туралы ойларын бекіту үшін жаттығу орындалады.
- Балалар арасында ренжіскен сәттерде бірін-бірі түсінбей калып, сол уақытта келісімге келгісі келмесе де, уақыт өткен соң түсініп, өкініп жататындары да болады. Ал біз сондай көңілсіз соттерді болдырмау үшін бір-бірімізді түсінуге тырысамыз, түсінісу үшін қандай қарым-қатынаста болу қажеттігін білеміз. Қанеки, өзімізді тексеріп көрейікші. Қазір мен тақтаға достықтың шапағын ілемін. Ал бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы үшін берілген сөздерді ашып оқып, «нұр таратамыз». Әр қағазда шыдамдылық, татулық, бірлік, келісім, сыйластық, жарастық, достық деп жазылған. Балалар әрбір қағаз орамын ашып, ішінде жазылған сөзді оқиды, тақтаға жапсырады. Сонда тақтада шуақ шашқан күн пайда болады.
- Осы шуаққа алақан тосып, нұрын сезінейік. Айтылған қасиеттер бойымызда болып, аталған әрекеттерді жасай алсак бір-бірімізбен келісіп, жарастықта бола аламыз.
7.Топпен ән айту. 3 мин.
«Бала тілегі» өлеңін бірге айтады.
8.Үй тапсырмасы. 2 мин.
«Ырыс алды-ынтымақ» әңгімесін оқып келу.
9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
- Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді
жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын! Тәрбие.орг сайтынан Келісім түбі-жарастық Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дауренбекова Салтанат

Жамбыл облысы Меркі ауданы № 20 Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar