Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Мақсат – жетістік желкені
  • 05.01.2017
  • 191 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20779

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Тақырып: Мақсат – жетістік желкені
Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: дұрыс ой, еңбекқорлық,
жауапкершілік.
Мақсаты: оқушыларды өз болашағының бағытын айқындап, мақсат қоя білу туралы түсініктерін кеңейту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- Оқушыларды дұрыс ойлауға үйрету арқылы өз мұратына жету жолдары туралы түсінік беру;
- Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы еңбекқор болу дағдыларын дамыту;
- Оқушыларды табандылыққа тәрбелеу. Ресурстар: үнтаспа, плакат, бейнежазба, оқулық, оқу құралдары, интернет.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. (сәлемдесу,түгендеу, «5 Т» ережесімен таныстыру, құрал-жабдықты талап ету).
Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену».
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер жасайды және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, сөздер ғана айтады. Нұрды ақырындап құлақтарыңызға жетті, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқындалып шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын» Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде сәл отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Себебі нұрға толы бүкіл әлем сіздердің жүрекгеріңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
- Қандай сезімде болдыңыздар? Үнтаспа. «Волшебная композиция – Хрустальная грусть»
Үй тапсырмасын тексеру.
Б. Төреқыздың әңгімесін оқу
- Әңгімеден қандай ой түйдіңдер?
- Жетістікке қол жеткізу үшін адамда қандай қасиеттер мен дағдылар болуы керек деп ойлайсыңдар?
- Алдыға қойған мақсаттарың бар ма? Қандай? Оқулық
№ 5- сабақ, 26– беттегі

Дәйексөз.
Мақсатсыз жанталасып жүрген адамнан өз мақсатын көзден таса етпеген сылбыр адам әлдеқайда артық.
Э.М. Форстер
- Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?
Эдвард Морган Форстер, чаще Э.М.Форстер(англ.Edward Morgan Forster, 1 января 1879, Лондон—7 июня 1970, Ковентри) — английский романист и эссеист, которого занимала неспособность людей различных социальных (классовых, этнических) групп понять и принять друг друга.
Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат).
Адам өмірі
(Аңыз-әңгіме)
-«Үш ағайынды жігіт «Адам өмірінің өткені, қазіргісі, әлде болашағы маңызды ма?» деген сауалға дауласып қалады.
Біріншісі:
- Өткен өмірім менің қазіргімнің бастауы болды. Бұрын үйренгендерім қазіргі өміріме азық болып отыр. Мен өз – өзіме ризамын, себебі алға қойған мақсаттарыма жету үшін мен қажымай – талмай күресе білдім. Өз өміріме серік еткен жолдастарым да сенімді, - дейді.
Сонда екіншісі:
- Егер сенің айтқаның дұрыс болса, адам «Түйе көргенінен жазбас» дегендей, бір орнында дамымай тұрып қалар еді. Маған бұрынғы үйренгенім, қазіргі білетінім маңызды емес, болашағым маңызды. Сондықтан да мен өз болашағыма қажетті нәрселерге үйренемін. Маған «екі жыл бұрын мен кім едім?» деген сауалдан «екі жылдан кейін менің өмірім қандай болады?» деген сауал маңыздырақ. Менің қазіргі қаракетім бұрын қандай болғаныма емес, болашақта қандай болатындығыма бағытталып отыр. Маған жаңа таныстар өте ұнайды, олардан білмегенімді үйренемін, ал ескі таныстарымның білетінін өзім де білемін, - деп дауласа жөнелді.
- Өткен мен болашақ тек сендердің ойларыңда ғана болатындығын ұмытып кеттіңдер ме? – деп сөзге араласты үшіншісі:
- Өткенің енді қайтып келмейді, ал болашағың жеткізбейді. Сондықтан да өткеніңді қанша аңсасаң да, болашағыңды қанша қиялдасаң да, олар қолға түспейді. Тек қазіргі өміріңде ғана алдыңа ізгі мақсат қойып, өміріңнің әр сәтін осыған арнасаң ғана, өз өміріңді өзгертуге болады. Өйткені өткен бақытты ойлау – жаныңды жабырқатады, болашақ бақыт туралы ой жаныңды жегідей жейді, тек қазіргі өмірде ғана өз ойыңды жүзеге асыра аласың».
- Аңыз-әңгімеден не ой түйдіңдер?
- Мақсат қоюдың адам өмірінде алатын орны қандай?
- Өздерің –қайсысының пікірімен келісесіңдер? Неліктен? Бейнебаян, интернет желісі.
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. Оқушыларды «мақсат, арман, қиял» деген жазулар жазылған жасырын карточкаларды тарату арқылы 3 топқа бөлу.
«Бүгіннен – жарқын болашағыма!» тақырыбына жоба (мақсат, әрекет, құрал, уақыт, нәтиже) құрыңдар. Баяу әуен, үнтаспа, плакат, түрлі-түсті маркер, карандаш.
Топпен ән айту.
Мақсат – бақыт бастауы
Сөзі: А. Беляевтікі
Әні: Б. Қажымұқановтікі
1.Жолдас керек әр жанға
Мақсат керек бір биік
Тұманы мол жалғанда тұрмайды ма нұр құйып
Сылдыр сөзбен күлкіне
Жете алмайсын мұратқа
Адасасын бір күні
Арман жанар жыраққа
Қ/сы:
Мақсат бойға күш берер жақсы жырдай
Ойында оғыс кетпес
Адалдыққа жүгіндес
Жазықсызды қолда
Мақсат женер түбінде
2.Сол жырақта межелеп
Жұмса қайрат-күшіңді
Жатпайды ешкім елеп сені
Кез-келгенге жүгінбе
Өзің ұмыт жалында
Тосады өмір түбінде
Бақытыңның бағында
Тосады өмір түбінде
Қ/сы Үнтаспа, бейнебаян.
Үй тапсырмасы.
А.Есенбаеваның «Талап» өлеңін жаттау. Оқулық, 32 бет.
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
- Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін қандай?
«Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,
Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде». Тәрбие.орг сайтынан Мақсат – жетістік желкені Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сембай Аида Нуртайқызы

Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласы "Ақын Сара атындағы орта мектеп" КММ өзін-өзі тану мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 191 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar