Махаббат – өмір өзегі

  • Жүктеулер: 8
  • Көрсетілім: 659
  • Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
  • 03/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18411


Алматы облысы Достық ауылы
«Қаратұрық орта мектебі» кмм
Симетова Нуржамал Джалалдиновна
Пәні: өзін-өзі тану
Сыныбы:5
Тақырыбы:Махаббат – өмір өзегі
Мақсаты:-«махаббат», «сүйіспеншілік» ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
-сүйіспеншілік қарым-қатынастарын дамыту
-оқушыларды өз Отанын, туған жерін, ата-анасын сүюге тәрбиелеу.
Ресурстар:видеоролик
Сабақ барысы:
І.Тыныштық сәті. Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,
олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.
ІІ.Ой қозғау:
Махаббат деген сөзді ортаға тастаймын
Оқушылар өз ойларын, пікірлерін айтады.
ІІІ.Дәйексөз.
«Сүйіспеншілік — жүректен».
Ш.Құдайбердіұлы
Дәйекісөзді оқып, мағынасын түсіндіру.
ІV.Шығармашылық жұмыс:
1-тапсырма: Балалар өз достарына хат жолдайды, өз махаббатарын білдіреді, сүйіспеншіліктерін білдіреді.
2-тапсырма: Оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарына сәйкес келесі кластерді толықтыруды ұсыну.

V.Топпен ән айту.
«Достар» әнін шырқайды.
VІ. Жүректен-жүрекке
.
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Тәрбие.орг сайтынан Махаббат – өмір өзегі Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Симетова Нуржамал Джалалдиновна

Алматы облысы Достық ауылы "Қаратұрық орта мектебі" кмм өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar