«Мейірімділік – асыл қасиет»

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 193
  • Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
  • 01/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22925


Жамбыл облысы «Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Өмірбаева Шолпан Сұраншіқызы

Сабақтың тақырыбы: «Мейірімділік – асыл қасиет»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық», құндылықтары түсініктерін кеңейту;
2. Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын, еркін жеткізе білуге үйрету;
3. Тәрбиелік: оқушылардың адамгершілік ұасиеттерді құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақтың міндеттері:
- Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- Өзара сыйластық қарым- қатынастарын дамыту;
- Мейірбандыққа тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: «Венн» диограммасы, «Эссе», «Елестету» стратегиясы.
Көрнекілігі: слайд , сөзжұмбақ.
Сабақтың құрылымы:
І.Ұйымдастыр кезеңі:
а) амандасу;
ә) Психологиялық дайындық: « Тілек шоғы» (қызғалдақ гүлі арқылы тілек білдіру)
б) Алтын ереже
г) Тыныштық сәті
ІІ. Қызығушылықты ояту: Сөзжұмбақ шешу,«Топтастыру» стратегисы
ІІІ. Мағынаны тану:
«Мейірім» тақырыбындағы мәтінмен жұмыс;
ІІІ. Топтарға тапсырма
І-топ – Көрініс көрсету ( мәтін бойынша)
ІІ- топ - «Мен Мейірімді баламын» эссе жазу
ІІІ – топ - жағдаяттармен жұмыс (көрініс көрсету)
ІҮ- топ – «Мен күн болсам» елестету стратегиясы
ІҮ. Ой толғаныс. «Венн»диаграммасы
Ү. Қорытынды. Шаттық шеңбері «Кім мейірімді»өлең шумақтары.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) амандасу;
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
- сабағымызды жылы тілек лебіздермен бастайық.
5- Т- ны еске түсіреміз
(Баяу музыкамен тыныштық сәті)
- Ол үшін,әр оқушы қолдарындағы қызғалдақ гүлдерін бір-біріне тілек айта отырып әр топ өздерінің тілек шоқтарын құрастырады.
Тілек шоғын құрады.
- Өте жақсы. Ал, енді гүлдерге қараңдаршы, бізге өзінің ісем сұлулығымен нұр шуағын төгіп тұр. Солай ма, балалар
ІІ.Қызығушылықты ояту:
- Балалар,біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбын біліп алу үшін мына бір сөзжұмбақты шешіп көрейік. Сол кезде бүгінгі тақырыбымыз белгілі болады.
- Осы сөзжұмбақты шешу үшін берілген мақалдарды жалғастырамыз.
Мақалдар:
1. Адамның күні ... (адаммен)
2. Тірліктің күші ... (бірлікте)
3. Байлық байлық емес,бірлік-....(байлық)
4. Үлкенге құрмет,
Кішіге ...(ізет)
5. Жақсыдан үйрен,жаманнан...(жирен)
6. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның...(тіленбей)
7. Білекті бірді жығар,
Білімді.... жығар(мыңдай)

а д а м м е н
б і р л і к т Е
б а Й л ы қ
І з е т
ж и Р е н
т І л е н б е г е н
м ы ң д ы

ІІІ. «Топтастыру» стратегиясы:
Балалар, мен сендерге плакаттар таратамын, осы плакатқа «мейірімділік» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?
Қалай түсінесіңдер?Сол сөздерді жазасыңдар.
(топ жұмыстарын тақтада қорғау)
- Өте жақсы.
ІҮ. Мағынаны тану:
«Мейірімділік» деген адамгершілік қасиеттің негізгі бір қасиеттері болып табылады. «мейірімді адам» болу үшін жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі болу керек. Сонда сен өзіңді және өзгені сыйлай алатын боласың. Жүсіп Баласағұн айтқандай «Кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең - мейірімділік көресің» деп айтқандай өзгеге мейірімділік етсең, онда жүрегің барлық мейірімділікке толы болады.
Мәтінмен жұмыс: Мәтінді мұғалімнің оқуы (анимациялық көрініс)
Мұз сұп-суық еді. Күн ұзақ шатырға ілініп-ап міз бақпай тұра беруден жалықпайтын. Балалар қызығып ұстағысы келсе, өзінің сұп-суық денесімен қарып алатын.
Оған адамдардың мейірімі жетпейтін еді. Ол өткен кеткендерден мейірім күтіп ұзақ тұрды. Мейірім үшін өзін құрбан етуге, еріп, су болып ағып кетуге бар еді.
Көктем келді. Күн шықты. Күн жер бетіндегі тіршіліктің бәрін бірдей көретін. Кенет Мұзға көзі түсті. Сол-ақ екен Күн күлімдеп қоя берді.
-Неткен сұлу едің? – деді күн.
-Мен бе? – деді мұз.
-Тұла бойы балқып,бірте-бірте еріп бара жатты.

Мәтін түсінігін сұрау.
1. Мәтін не туралы?
- Күн мен Мұз туралы.
2. Мұз қайда орналасып тұр еді?
- Шатырда
3. Оған не жетпейтін еді?
- Мейірім
4. Ол өткен кеткендерден не күтіп тұрды?
- Мейірім күтіп тұрды.
5. Кенет қандай өзгеріс болды?
- Көктем келді. Күн шықты.
6. Күннің көзі неге түсті?
- Мұзға.
7. Күн не деді?
- Неткен сұлу едің? –деді
8. Мұз не істеді?
- Еріп кетті.
Мәтіннің негізгі идеясы
- Мұз бен күн кейіпінде автор кімдерді көрсетіп тұр?
- Өмірде осындай адамдар бар ма?
- Мұзды кімге теңеуге болады?
- Күнді кімге теңеуге болады?
- Күнді жылы жүректі,қамқоршы, мейірімді адамдарға теңеуге болады.
- Сіздерге осындай қамқорлық танытып, мейіріммен қарайтын ол кім?
Ана, ұстаз
Яғни, біздің аналарымызда осы күн тәрізді сендерге әрқашан жылы жүзбен,мейірімді көңілмен,қамқорлықпен қарап отырады.
Топтарға тапсырма:
І-топ – Көрініс көрсетеді (мәтін бойынша)
ІІ-топ – «Мен мейірімді баламын!» эссе жазады.
ІІІ-топ – Мәтін желісі бойынша сурет салу.
ІҮ- топ- «Мен Күн болсам...» өз қиялдарын жазады.
Спикердің қорғауы. (Оқушылардың жауабы тыідалады)
Ой толғаныс: «Венн» диаграммасы.
Бүгінгі мәтін кейікерлері нелер еді?
Енді осы кейіпкерлердің қасиеттерін теріп жазайық
Мұздың қасиеттері қандай?
Мұз: суық,қатты,су, ериді, түссіз.
Күннің қасиеттері қандай?
Күн: ыстық,үлкен,жұлдыз,сары,жарқырайды,сәулелері бар

«Кім мейірімді?» тілек арқылы сабақты қорытындылау
Күлімдеген ... мейірімді. (күн)
Кіршіксіз ақ ... мейірімді. (қар)
Таза мөлдір... мейірімді (су)
Бәрімізді көріп тұрған ... мейірімді. (жер)
Аяулы ... мейірімді. (анам)
Қадірлі ...Мейірімді.(әкем)
Әлпештеген ... мейірімді. (әжем)
Жылы жүзді ...мейірімді. (ұстазым)
Тату-тәтті ... мейірімді (достарым)

(Баяу музыка қойылып тұрады)
Соңғы тыныштық сәті:
Табиғатттағы бар күште адам тәрізді мейірімді бола біледі екен. Ендеше бүгін сабағымыздан кейін мейірімді бола білесіздер деп сенемін!
Балалар, әр адам бір-біріне әрқашан қамқоршы, адал,қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күндеріңді күлімдеп қарсы алып,қоршаған адамдарға,достарыңа, бауырларыңа мейірімділік таныта білулерің керек. Әр уақытта жүректерің кең болып,мейірімдеріңді өзгеге сыйлай отырып,өздерің де жүректерің де мейірімге бай болсын деген тілекпен бүгінгі сабағымды аяқтаймын. Тәрбие.орг сайтынан «Мейірімділік – асыл қасиет» Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Өмірбаева Шолпан Сұраншіқызы

Жамбыл облысы «Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar