Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Өнерлі бала сүйкімді
  • 14.02.2017
  • 58 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21760

Өтілетін пәні:Өзін-өзі тану
Өтілетін күні:08.02.2017ж
Өтілетін сыныбы: 3 «Ә»
Сабақтың тақырыбы:Өнерлі бала сүйкімді
Құндылығы:Сүйіспеншілік
Қасиеттер: дарындылық, зеректік, талаптылық, қызығушылық т.б.
Пән мұғалімі:Сүгірбаева Бейбіткүл
Оқушы саны:30
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «өнер», «дарын», «талант» ұғымдарын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеті:
- оқушыларға өнер ұғымының тереңдігн түсіндіру;
- дарындылық, зеректік, талаптылық, қызығушылық қасиеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту;
-сұлулықты,өнерді сүюге,өнерпаз болуға тәрбиелеу.
Ресурстар:оқулық, дәптер, слайдтар, интернет материалдары.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
5т ережесі
1. Тәртіп
2. Тыныштық
3. Тазалық
4. Татулық
5. Талап
Тыныштық сәті.Қысқы бақ
- Балалар, сендер қысқы бақ ішін аралап жүргендеріңді көз алдарыңа елестетіңдерші. Төңірекке сүйсіне қараңдаршы.Өте тамаша!Бұл неткен ғажап!
Бақ мүлде өзгерген. Күздегі сап- сары алтын түске боялған жапырақтарды аппақ қар басқан. Аяқ астына қараңдаршы, жер ақ ұлпадай аппақ, кіршіксіз тап-таза. Жер жүруге ыңғайлы, жұп - жұмсақ. Осы тамаша сиқырлы баққа келген адамдар мейірімді, сыпайы, қамқоршыл, адал жандар болып келеді. Өйткені бұл - сиқырлы бақ.Қараңыздаршы, бақ ішінде бір үй көрінеді.Бұл үйде данышпан қария өмір сүріп келеді екен. Ол қария сендер сияқты жақсылыққа жаны құмар, ізетті, өнерлі балаларды жақсы көреді. Егер оның жанына барып:«Ассалаумағалейкум, Сәлеметсіз бе, ата?» - деп сәлем берсеңдер, ол өзінің жылы алақанымен сендердің бастарыңнан сипап, батасын береді. Ал енді қарияның батасын алып, өз сыныбымызға қайта оралайық!
Енді сендер, одан бетер мейірімді, инабатты, ізетті, тәртіпті, жақсы бала боласыңдар. Енді көздеріңді ашып, қолдарыңды жоғары содан кейін екі жаққа созыңдар, терең дем алыңдар, міне тамаша!
- Балалар, сендер қысқы бақта қандай сезімде болдыңдар?
- Данышпан қария сендерге қандай батасын берді?
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
К.Сегізбай «Құмға салған сурет» мәтінін оқып келу.Үй тапсырмасын сұрау мақсатында ІҮ топқа тапсырмалар беріледі.
І топ- «Адасқан жолдар» стратегиясы бойынша мәтінді құрастырады.
ІІ топ – мәтінді мазмұндайды.
ІІІ топ- алдарындағы стикерлерге мәтін бойынша сұрақтар әзірлейді.
ІҮ топ – берілген жағдаятқа жауап береді.

Сұрақтар:
- Әбілханның өнерге деген құштарлығы қалайша көрінді?
- Түргенбай қарт Әбілханды қалай қолдады?

Қосымша ақпарат. Мәтіннің кейіпкері Ә.Қастеев туралы мәлімет беру.
Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.Ол Алматы облысына қарасты Жаркент өңірінде дүниеге келген. Мәскеудегі көркемсурет студияcында Н.Г.Хлудовтан сабақ алады Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген. Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймай, туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.
- Туындыларын интерактивті тақта арқылы балаларға көрсету.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдісін пайдалану арқылы «Өнер» сөзіне синквейн жазу.
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Етістік
4. Сөз тіркесі
5. Түйін
ІІІ. Дәйексөз.
- Электронды оқулық арқылы сабақтың дәйексөзін тыңдату.

Адамның сәні – өнер, білім, ақылы.

Халық даналығы
Қыздар -1рет
Ұл балалар – 1 рет
Хор:қайталату
-Адам өнер,білім,ақылымен ерекшеленеді. Олай дейтініміз өнер, білім,ақыл арқылы табысқа,қуанышқа, бақытқа жетуге болады.Өнерлі, білімді, ақылды адамның жаны сұлу, мінезі де сыпайы, адамдармен қарым-қатынасы жақсы, қашанда көңіл күйі көтеріңкі болады.
Өнерлі болу адам баласына тән. Талпыну, талаптану әркімді өнерлі етеді. Ол үшін талмай еңбектену, іздену қажет. Қоршаған әлемді шығармашылықпен көркемдеп бейнелеу көрнісі өнер деп аталады.
Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді.

ІҮ. Мұғалімнің сыйы.
– Өнер дегеніміз ең алдымен – әдемілік. Өнер әрдайым әсемдіктің, адамдықтың, жақсылықтың жаршысы болуы тиіс. Өнер – әр адамның бойындағы белгілі бір құдірет күші секілді. Адамгершілік қасиетті сақтап жүру, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болудың өзі, тіпті ауыр хабарды біле тұра, өзге жанға жеткізудің өзі – өнер.
Қазақтың атын әлемге паш еткен өнер адамдарын атап өту.
- Бейнетаспа көрсету
Ү. Шығармашылық жұмыс
1. Әр топ берілген сурет қиындыларын құрастыра отырып, тақырып қойып, өз үйірмелерін жарнамалау.
І топ – Ән- би үйірмесін;
ІІ топ – спорт үйірмесін;
ІІІ топ – Бейнелеу өнері үйірмесін;
ІҮ топ – драма үйірмесін;

ҮІ. Топтық ән.
Әні мен сөзі:Бота Бейсенова
Қасиетті домбыра
Бабамыздың көзіндей қара домбыра,
Данамыздың сөзіндей дара домбыра.
Асқақтатып рухымды ағыл, домбыра
Әр қазақтың төрінен, табыл, домбыра

Қайырмасы:
Шанағында ойнаған,
Үніне еш тоймаған,
Қасиетті домбыра.
Күмбірлеген күйіңе, 2рет
Әрдайым мен сүйінем,
Қасиетті домбыра.

ҮІІ. Үйге тапсырма.
- Ақын деген кім?
Қ.Қайымов 92 бет оқып, түсінік айту;
- «Менің өнерім» тақырыбына эссе жазу;

ҮІІІ. Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.Мұғалім жәй дауыспен:
Балалар, бүгінгі өткен сабағымызды еске түсірейікші.Біз өмірде өзінің өнерімен танылған дара тұлғаларды танып, оларды өзімізге үлгі етіп, бір – біріміздің қандай өнерлі балалар екенімізді аңғардық.Сендер, өз сыныптарыңның, достарыңның қарым-қабілетін айтып, өнерін мақтан тұтасыңдар.Олай болса, өміріңізді өнермен өрнектеу үшін қиындыққа төтеп беріп, аяғына дейін шыдамдылық танытсаңыз еңбегіңіз зая кетпейтіні, оның шарапаты өзіңе, жақындарыңа, тіпті еліңе тиетінін сөзсіз.Енді көзімізді ашып, терең тыныс алайық. Тәрбие.орг сайтынан Өнерлі бала сүйкімді Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сугурбаева Бейбиткуль Идирисовна

Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті №249мектеп-лицей қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 58 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar