Отан сүйген ұланбыз

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 764
  • Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
  • 07/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20842


Тақырыбы: Отан сүйген ұланбыз
Күні: 24.10.16
Сыныбы:3 б
Мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың «Отан», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Отанға махаббат түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке,адалдыққа, батыр да төзімді болуға тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап,әңгімелеу,ой қозғау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, батырлар суреті
Барысы: - Сәлемдесу
І.Тыныштық сәті
Отан үшін,халық үшін,
Талмай еңбек етеміз,
Оқып-біліп,құлшынамыз,
Жеңістерге жетеміз.
ІІ.Жаңа сабақ
Отан сүйген ұланбыз
Біз бүгінгі сабақта Отанға деген махаббат тақырыбында әңгімелесеміз.Отанға махаббат отбасындағы махаббаттан,сондай-ақ жақын,туыс,дос адамдарға деген махаббаттан басталады.
ІІІ.Оқулықпен жұмыс
-Өлеңді оқу.
Төлеген Айбергенов
Өсіп келе жатырмын.
IV.Сұрақ-жауап
Отан неліктен қымбат?
Отанға деген махаббатты қалай көрсетер едіңдер?
Түйіндеме
Отан-ол аналарың,туған жерің, елің, досың, бауырың.Сен де Отанның бір бөлігісің.Отан біздің әрқайсымызға да ыстық,ол бізге бейбіт,бақытты өмір сыйлады.Отан үшін ерлік жасау Отанға деген махаббаттан пайда болады.
V. Мәтінмен жұмыс
Е.Естаев
Біздің Мәншүк
VI. Сұрақ-жауап
-М.Мәметованың жаудан қаймықпай ерлік көрсетуінің себебі неде деп ойлайсыңдар?
-М.Мәметованы ерлік шайқасқа қандай сезім жетеледі деп ойлайсыңдар?
-Отаны үшін ерлік жасаған тағы да кімдерді білесіңдер?
-Сендер осындай ерлік жасай алар ма едіңдер?
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына, жеңіске алдағы жылы 70 жыл толмақ. Ұлы Отан соғысында Отаны үшін ерлік көрсеткен, тылда еңбек еткен, ер азаматтың қолдарына қару алып соғысқа аттанғанда, әйелдер мен жас балалар қара жұмысқа, егін егуге, мал бағуға, мал саууға, фабрика, заводтарда жұмыс жасаған.
-Иә, балалар, Отаны үшін ерлік көрсеткендер елін, жерін жаудан аман сақтап, өзінен кейінгі ұрпақтың бейбіт өмір сүруін аңсаған. Олар Отанының әрбір бөлшегін, адамын, табиғатын, туған елін, жерін өз жанынан да артық сүйген. Қазір біз батыр ағаларымыз бен апаларымыздың, аталарымыздың ерлігі нәтижесінде жақсы өмір сүріп отырмыз. Сондықтан оларды үнемі еске алып, үлгі тұтып, отанды сүюді солардың іс-әрекеттерінен, өнегелі істерінен үйренгеніміз дұрыс.

VII.Дәйексөз. Дәптермен жұмыс
Отан үшін отқа түс-күймейсің
Бауыржан Момышұлы
Артындағы болашақ ұрпақ өмірін ойлаңдар, еліңнің келешегіне қамқор болыңдар деген насихатты ойды білдіреді. Отаныңның, болашағыңның өмірі жалғасады олар сені мәңгі ұмытпайды дегенді білдіреді.
VIII. Тапсырманы орындау. Дәптермен жұмыс.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді жалғастырыңдар.
Олардың мағынасын қалай түсінетіндеріңді айтып беріңдер.
Отан оттан да ыстық.
Отансыз адам
Ормансыз бұлбұл
Туған жерге туың тік
Ел іші – алтын бесік
IX. Шығармашылық тапсырма
-Отан туралы өлеңдер оқу
-Отан туралы эссе жазу
X.Қорытынды
Отан сүйер ұлан бол !
Б.Момышұлы
Үйге тапсырма: -Ата-аналарыңның, апаларыңның, көршілеріңнің, ағайындарыңның көрсеткен ерліктері, көмектері, игі істері туралы жазу.
М а д а қ т а у Тәрбие.орг сайтынан Отан сүйген ұланбыз Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Өтесін Алмажай

Пікірлер: 0

avatar