Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Әсемдікке ұмтылайық
  • 01.12.2016
  • 180 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20293

Әсемдікке ұмтылайық
( 6 сынып оқушыларына арналған «Өзін – өзі тану» сабағының жоспары)
А. Сатыбаева, №39 орта мектептің мұғалімі, Ақтөбе қаласы.
Сабақтың мақсаты:
Әсемдікке ұмтылу мен адамның жан сұлулығы дұрыс әрекет жасау құндылығынан туындайтын туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1.Оқушыларға жамандық ойламау арқылы дұрыс әрекеттің мәнін ұғындыру;
2.Оқушыларда сенімділік қасиеттерін дамыту;
3.Оқушыларды әдепті болуға тәрбиелеу. Ресурстары: (құралдар, мәліметтер) Оқулық, дәптер, күнделік, қалам, түрлі- түсті қарандаштар, бейджик, аудиокасета.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. (амандасу, түгелдеу) 5"Т" ны сақтау.
Тыныштық сәті. «Күннің нұры»
Баяу әуенмен.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.
Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға юолады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Кун нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, тірек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз... Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуды. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерді ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға тек жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге жетті,көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте- бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды достарыңызға, ата- аналарына, бауырларына бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжесіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... МенНұрмын"
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.


2. Үй тапсырмасын тексеру.
Тапсырма: М. Жұмабаева «Сұлулық сезімдері» атты мәтінді оқу, 33 бет
Мәтін мазмұнын тыңдау.
Мамұны бойынша сұрақтар:
*Табиғаттың сұлулығы неде?
*Адамның «Жан сұлулығы» дегенді қалай түсінесіңдер?
*Сұлылықты неден іздеуіміз керек?
1. Адамдарға әдептілік не үшін қажет?
2.Сенімділік пен жамандық ойламауды қалай түсінесіңдер?
3.Сұлулық сезімдері адамдарды неге үйретеді?
3. Дәйексөз.
«Сырты сұлуға көз қызығады, іші сұлуға жүрек қызығады»
(Ғабиден Мұстафин Қазақстан халық жазушысы, қоғам қайраткері). (1902-1984)
Бәріміз қосылыпайту. 2- рет ұлдарға,2 –рет қыздарға айтқызу.
«сырты сұлу», «іші сұлу» деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіздер?
4. Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы.
« Екі дос» (аңыз)
Баяғыда екі дос шөл далада келе жатады. Олар бір нәрсеге дауласып қалады. Біреуі екіншісін ашуланып шапалақпен ұрып жібереді. Оның досы ауырғанын сезгенімен ештеңе айтпады.Ол үндеместен құмға «Бүгін менің ең жақын досым мені шапалақпен ұрды» деп жазды.
Екі дос айырылмастан жүруді жалғастыра берді.Арада біраз күн өткен соң олар көлді жерге келеді.Екеуі суға түседі.Таяқ жегені суға ағып кете жазбайды, оны досы құтқарып қалады.Ол есін жиып өз-өзіне келгеннен кейін «Бүгін менің ең жақын досым менің өмірімді құтқарып қалды»- деп тасқа қашап жазады.Біріншісі түсінбей досынан сұрайды:
- Мені сені ренжіткен кезімде сен құмға жазып едің, ал енді тасқа жазып отырсың. Неге? Оған досы былай деп жауап береді:
- Егер де бізді біреу ренжетсе, оны біз құмға жазымуымыз керек, өйткені оны жел кетіре алады.Кімде –кім бізге қандайда бір жақсылық жасаса, оны біз тасқа қашап жазуымыз керек. Себебі оны ешқандай жел кетіре алмайды.
1. Сен досыңнан таяқ жесең не істер едің?
2. Достар неге айырылмады?
3. Сен нағыз дос бола аласың ба?
*Достық сенімділіктен туындайды ма?
*Басқалар туралы жамандық ойламау дұрыс әрекет құндылығы ма?
*Адамды сұлу ететін не нәрсе?
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.Жеке жұмыс.
Тапсырма: Адамның «жан сұлулығын» суретші орнында болып бейнелеп салып көрейік
6. Топпен ән айту.
«Сен маған сүюді үйреттің»
Әні: Ербол Байырбеков, сөзі:Ақмарал Леубаева
7. Үй тапсырмасы. 9- сабақ, 33 -35 беттегі өнер туындыларын мұқият қарап, әрқайсысындағы сұлулықтың мәнін ашу.
8. Соңғы. Тыныштық Сәті
Балалар бүгінгі сабақтан алған үйренген жақсы қасиеттерді жүректеріңізге түйіп алыңыздар, рахмет балалар мен барлықтарыңызға ризамын. Сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Әсемдікке ұмтылайық Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: А. Сатыбаева

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: ұмтылайық, Әсемдікке, Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 180 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar