Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сен де бір кірпіш дүниеге...
  • 16.03.2016
  • 1327 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 17997

«Өзін-өзі тану» сабақ жоспары
Мектеп: «Сауран» жалпы орта мектебі
Мүғалім: Табынбаев Олжас
Сыныбы: 8 «А» Оқушылар саны: 25
Сабақтың тақырыбы: Сен де бір кірпіш дүниеге... № 2 сабақ
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Әдепті болу, басқалар туралы жамандық ойламау, өзіне -өзі сенімді болу.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға дұрыс әрекет құндылығының маңызы туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Білімділік: оқушыларды әдепті болуға,барлық уақытта дұрыс әрекет жасауға үйрету;
Дамытушылық: оқушыларға басқалар туралы жамандық ойламау, мәнін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, өзіне - өзі сенімді болуға, тәрбиелеу. Ресурстар
(материалдар)
оқулық,дәптер.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті: (Баяу музыка
«Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ -қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.
№ 2 сабақ 8,9 бет
Оразақын Асқардың «Өмір өнегелері» өлеңін оқып сұрақтарына жауап береді.
1. «Өмір өнегелері» өлеңімен не айтпақшы болды?
2.Балалар сендердің өмірлерің мәнді ме?

3.Дәйексөз
«Өзін-өзі таныған,өмірдің мәнін түсінген адам ешқашанда сол қалпында қала алмайды»
Томас Ман (1875 — 1955)
1.Дәйексөзден қандай ой түйдің?
2.Өзіңді -өзің танымасаң,өз өміріңнің кандай екенін түінесің ба?
Дәптерге жаздыру, жаттатып айтқызу

4. Әңгімелеу: Мұғалімнің сыйы
Достық- өмірлік нұсқа

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: “Достық нешеу?” – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
– Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық.
– Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:
– Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет
1.Сендердің ойларыңша “Достық нешеу?”
2.Адал дос деген не?
3.Амал дос деген не?
4.Бұл аңыз әңгімеде қандай құндылық жайлы айтылған?

5.Шығармашылық жұмыс
Достық туралы өлең шығару
6.Топпен ән айту
Дүние-ай
«Жігіттер» тобы
Өтетін сейілмен
Ей,дүние базарсың,
Пенделік пейілден
Жүрегім тазарсын

Қайырмасы:
Адамға бақ берер тек қана Алла мекен
Өмірдің қызығы біреуге арман екен,
Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен
Бес күндік бұл дүние расында жалған екен

Қуаныш қайғының
Бәрі де бітеді,
Бұл дүние таусылса,
Шын дүние күтеді

Қайырмасы:
Адамға бақ берер тек қана Алла мекен
Өмірдің қызығы біреуге арман екен
Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен
Бес күндік бұл дүние расында жалған екен

Амал бұл сән үйде
Иманның жолында,
Бәрі де,бәрі де
Алланың қолында


7.Үй тапсырмасы.
1. Сен де бір кірпіш дүниеге... атты өлеңіне эссе жазып келу.
2.Келесі сабақ: Сабақ №3 19 бет. И.Есенберлиннің шығармасын оқып келу.
8.Соңғы тыныштық сәті:
Баяу музыка қойылады. (балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайлап отырыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар, өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тынышттыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер)
Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтаймыз.
«Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет» бар жерде.
«Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет» бүкіл әлемде. Тәрбие.орг сайтынан Сен де бір кірпіш дүниеге... Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Табынбаев Олжас

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 1327 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar