Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Шаңырақ жарастығы
  • 21.12.2016
  • 74 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20621

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (494.5Kb)

Мектеп: №6
Мұғалім: Кабакова Жайна
Сабақтың тақырыбы: Шаңырақ жарастығы
Құндылық: сүйіспеншілік.
Қасиеттер: сыйластық, өзара құрмет, мейірімділік, адамгершілік, кішіпейілділік, ізеттілік.

Сабақтың мақсаты: Балаларға «Махаббат» , «сыйластық» құндылықтары туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Білімділік: Шаңырақ жарастығы, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;
Дамытушылық: Жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Өзара сыйластыққа , адалдыққа тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) интербелсенді тақта, оқулық, дәптер, үлкен ватман қағаз, түрлі түсті суреттер, себет, үнтаспа.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Сабақтағы жағымды күйге келу.
Тыныштық сәті: "Ғажайып табиғат" (Баяу ән жүреді)
Ыңғайланып, терең тыныс алып жайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмсаңдарда болады.
Көз алдымызға сондай керемет табиғат көрінісін елестетейік. Хош иісті гүлдер, сылдырап аққан бұлақ, әнші құстар. Осынау ғажайып бақтың ортасымен бір өзің ғана табиғаттың әсем көрінісіне көзің тоймай жүріп келесіз. Кенет, бір талдың түбінде жатқан жаралы киікті көрдіңіз, ол жаныңызға қатты батты. Қуанышқа толы көңіл - күйіңіз су сепкендей басылды. Осы кезде сіздің айналаңызға өмірдегі ең жақын жандарыңыз ата – анаңыз, бауырларыңыз, достарыңыз келіп, біз біріксек қандай қиыншылық болса да жеңеміз деп, демеу көрсетті. Осылайша сіз жаралы киікті бірнеше күнде емдеп жаздыңыз. Бәрінің көңіл - күйлері өте тамаша. Сізде отбасыңыздың, достарыңыздың, жақындарыңыздың жаныңыздан табылғаны үшін өмірге ризасың. Осылайша сіз әсем табиғат аясында өзіңе жақын жандарыңызбен тату әрі әдемі ғұмыр кешіп жатырсыз.
Ендеше көзімізді ашып, бұрынғы қалпымызға енейік. Рахмет!
Топқа бөлу: Оқушылар қоржыннан суреттерді таңдап алу арқылы төрт топқа бөлінеді.
1-топ: Ата – ана.
2-топ: Ана.
3-топ: Әке.
4-топ: Бала. Сабақ барысын талдау. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушылар суреттерді таңдап алып, суреттер бойынша төрт топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрау. Өткенді еске түсіру: «Гүл тілегі»
Мұғалім әр топ мүшелеріне себеттен гүл таңдап алуды ұсынады. Гүлді таңдаған топ мүшесі сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса топ мүшелері көмектеседеі.
• Өзгелерді аялау үшін адамдарда қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыз?
• Жанашырлық дегенді қалай түсінесіз?
• Табиғатты қалай аялауға болады?
• Сізді кімдер аялайды? Ал өзің ше?
• Табиғат бізді қалай аялайды деп ойлайсыз?
• Адамгершілік, жанашырлық, қамқорлық қандай адамдарда болады деп ойлайсыз?
Оқушылар гүлдерді таңдап алады және сұрақтарға жауап береді.

Әңгімелесу
• Бір шаңырақта тұратын адамдар арасындағы сыйластық қандай болады?
• Өз отбасыңның сыйластығы туралы не айтар едіңіз?
— Бір шаңырақ астында тұратын адамдарда махаббат, сыйластық, бауырмалдық, ынтымақ, татулық, бірлік, сүйіспеншілік болуы керек. Балалар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөліседі.

Дәйексөз.
«Шаңырақ сәні – сыйластық»
Халық даналығы
- Шаңырақтағы сыйластық, сүйіспеншілік, бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, қамқорлық, өзара түсінісу шаңырақтың сәнін кіргізіп, жарастық орнатады. Дәйексөзді оқып, өз пікірлерімен бөліседі. Топ болып хормен дәйексөзді оқиды және дәптерлеріне жазып алады.
Мәтінмен жұмыс.
Оқушыларға оқулықтың 48 бетіндегі Абдрахман Асылбековтың «Сүйіспеншілік» мәтінін тыңдату.
Сүйіспеншілік
• Сіздер болсаңыздар қайсысын шақырар едіңіздер? Неге?
• Әйелдің дұрыс әрекетін қайдан бақылауға болады?
• «Сүйіспеншілік бар жерде – байлық пен сәттілік бар» дегенді қалай түсінесіздер?
Қорытынды: – Шаңырақ жарастығының негізін сүйіспеншілік, яғни бір үйде тұратын адамдардың бір-біріне деген махаббаты құрайды. Сол себепті бір шаңырақ астында тұратын адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі басым болса, ол үйде бақ та, сыйластық та, ынтымақ та, береке де байлық та болады. Оқушылар үнтаспадан мәтінді тыңдап, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Ойын. «Мақалдарды жалғастыру»
1.Балалы үй-базар.
2.Ата-бәйтерек,
Бала-жапырақ.
3.Ата-асқар тау,
Ана-бауырындағы бұлақ,
Бала-жағасындаңы құрақ
4.Ата-ананың қарызы,
Ұрпақтың өмірлік парызы.
5.Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.
6.Ананың сүті-бал,
Баланың тілі-бал.
7.Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер. Оқушылар топ болып мақалдарды жалғастырады.
Шығармашылық жұмыс. «Отбасы ағашы»
Тапсырма: Оқушылар өз шаңырақтарында жарастық орнау үшін не керектігін және адамдардың бойында қандай қасиеттер болуы керек екенін жапырақтарға жазады және «отбасы ағашына» іледі. Оқушылар жапырақтарға өз ойларын жазып, «отбасы ағашына» іледі.
Топтық жұмыс. Топпен ән айту
«Жанұям» әні
Ой ойлаткан талай-талай өтті күндер алыс,
Міне бүгін бізде үй-жай, олда біздің парыз.
Өз үйіміз бір отан береке,
Қандай қызық бір қыдырсаң жанұяңмен бірге
Қайырмасы:
Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,
Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған.
Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,
Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.
Адал жаным сен қолыма гүл боп біттің менің,
Тосу менен өтті талай күнім менен түнім.
Шаршап келсем жұмыстан мен үйге,
Жадырап сен қарсы аласың нұрын шашқан күнім
Қайырмасы:
Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,
Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған.
Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,
Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.
Жанұяның бір қызығы арадағы бала,
Онсыз үйде болған емес құт-береке сірә.
Жастайымнан еркелетіп өсірген,
Аман болшы теңдесі жоқ Ата менен Ана!
Қайырмасы:
Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,
Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған.
Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,
Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. Оқушылар топпен бірге жағдаяттарды шешіп, өз пікірлерімен бөліседі.
Үй тапсырмасы.
1. «Сүйіспеншілік» мәтінін оқу, мазмұндау.
2. Дәптермен жұмыс (дәптердегі 1 – тапсырманы орындау)
3. Шығармашылық жұмыс: «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбына сурет салу. Үй тапсырмаларын күнделіктеріне жазып алады.
Қорытындылау.
Отбасы - шаңырақтан түзеледі. Отбасы – тәрбие бастауы. Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Ұрпақтың жақсылығы мен жамандығы отбасында қалыптасады. Отбасындағы бір – біріне деген сүйіспеншілік – ең басты құндылық. Отбасы жарастығы осы сүйіспеншіліктен құралады.
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды көңіл – күй суреттерімен бағалау.
Кері байланыс: Рефлексия
 Ерге сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаңыз, кейіпкерлерді жасыл түске бояңыз;
 Егер сабақты белгілі бір қиындықты кездестірген болсаңыз, кейіпкерлердісары түске бояңыз;
 Егер сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, кейіпкерлерді қазыл түске бояңыз.

Оқушылар суретті алған білімдеріне сай бояйды. Тәрбие.орг сайтынан Шаңырақ жарастығы Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кабакова Жайна Алипбаевна

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №6 жалпы орта мектебі өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар | Логин: kzhaina1206
Көрсетілім: 74 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar