СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНІҢ РОЛІ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 618
  • Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
  • 23/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22873


Студенттердің шығармашылық қабілетін арттырудағы өзін-өзі тану пәнінің ролі.
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмы¬сы жайлы ой толғап, рухани адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.«Өзін-өзі тану» оқушыны өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге,қоғамда және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарын анықтауына,өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді. Сабақ барысында студенттердің «Нұрға бөлену» деген сәтінде бар жылулықты күннің жылуын беру арқылы бір-біріне ақ жүрекпен айтқан тілектері, арман тілегін айта отырып, өзіндік «менін» қалыптастыру, бойындағы күш қуатын жақсылыққа бағыттау, өзін жеке тұлға ретінде сезінуі — «өзін-өзі» танудағы игі нәтижелер екені анық. «Өзін-өзі тану» пәні болашақ ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұраттарды өмір бойы басшылыққа алатын жеке тұлға қалыптастыруға негізделген. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, студенттің білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп өміріндегі үздіксіз оқу-тәрбие процесінің ғана жемісі болып табылады. Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған. «Өзін-өзі тану» пәні басқа пәндерден алған білім мазмұнын толықтырып, адам баласын адамгершілікке, мейірімділікке, кішіпейілділікке баулитын пән. Бұл пәннің әрбір сабағы балаларды достыққа, сыйластыққа, әсемдікке, әдептілікке шақырады. Себебі: күнделікті сабақта «Нұрға бөлену» сәтінен бір-біріне деген сезімдерін білдіріп, қуанышпен басталса, дәйексөздің мәнін түсіндіре отырып, сабақтың тақырыбын ашу, әңгімелесе отырып мәтінді түсіндіру,осы кезде мұғалім сыйын ұйымдастыруға болады. Мұғалім сыйы сол күнгі тақырыпқа байланысты тақпақ,өлең немесе аңыз әңгіме айтып беруге болады. Осындай, әдіс-тәсіл арасында студенттерге қаншама жақсы игі тілектер мен өмірдің әсем де керемет және ол қайталанбайтындығын мұғалім мейірімділікпен жеткізеді. Әрбір сабақта адам баласына қуаныш сыйлау, мейіріммен қарау, кішіпейіл болу, үлкенді құрметтеу туралы бойына сіңіріп өскен жас ұрпақ міндетті түрде солай болуға тырысады. Қоршаған ортаның әсемдігін көріп, оның сұлулығын сезе білген адамзат баласы жақсылыққа ұмтылады. Атам қазақ қашанда ар-ұжданды, намысты дүние-мүліктен жоғары қойған. Дос үшін өзінің күш-жігерін аямаған, бауырына, досына, жақындарына көмекке қай кезде де дайын тұрған.«Өзін-өзі тану» пәні біздің бойымызға осындай қасиеттерді ұялатып, жан-жағындағыларға тек жақсылық тілеп, жанашырлық танытатын, кез-келген ортада өзін жақсы ұстай алатын, өмір сүруге құштар тұлға қалыптастырады.Өзін-өзі тану арқылы жеке тұлғаның бойында рухани-адамгершілік қасиеттердің қалыптасып, дамуын қамтамасыз етуімен, адамзаттың табиғатпен үйлесімділікке дамуын сезіндірумен айқындалады. Өзін-өзі тану бастауыш буында оқитын жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытуда, оның бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда ең маңызды орын алады, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасау мен дүниетанудың құралы, баланың зердесі мен шығармашылығын дамытудың арнасы. Ол арқылы студент қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, дүниетанымды сезіне бастайды, өзіндік пікірі қалыптасады, өзін-өзі танудың қарапайым қадамдарын жасай алады.«Өзін-өзі тану» сабақтарының өзіндік ерекшелігін байқататын «Нұрға бөлену», «Үй тапсырмасы», «Дәйексөз», «Әңгімелесейік», «Мәтінмен жұмыс», « Мұғалім сыйы», «Сахналау», «Шығармашылық жұмыс», «Топпен ән айту», «Үй тапсырмасын жазу»,«Тыныштық сәтімен» аяқтау балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді. «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.Жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты.Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.Рухани адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі саналатын.Адамзат табиғаттың ажырамас бір бөлшегі, адам табиғатта тіршілік етеді, оның мөлдіреген суын, биік тауларын, әсем бұлттарын, әсем де ерекше жыл мезгілдерін тамашалай отырып, осы кең байтақ жерімізді аялауға, кәусардай мөлдір суын ластамауға баулуымыз керек деген тәрбиенің қайнар көзі — осы «Өзін-өзі тану» пәні десек қате емес.Туған ел, туған жер, өскен орта туралы түсініктерін кеңейту, туған елге деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін дамыту, туған тілін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу – пәннің негізгі мақсатының бірі.«Өзін-өзі тану» пәні сабағында көзделген мақсат әрбір баланың өз бойындағы шығармашылық әлеуетін тани түсу және аша білуге, өзінің эмоциялық көңіл күйі мен мінез-құлық мотивтерін ұғына білуге, бағалай білуге мүмкіндік туғызу. Мұғалім балалармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынасқа түсе отырып баланы өзі туралы айтуға, баға бере білуге, өзінің сезімін, мінез-құлқын, әдет дағдысын бақылай және басқара білуге, сонымен бірге жанындағы адамдарды табиғи болмысымен қабылдау, ізгі ниет, ықылас таныта білуге үйретуді көздейді.Осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен рахымшылдықтың, адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылықтың дәнін себуге болады. Өзін - өзі тану сабағында мен көбіне балаларға тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмыстар жүргіземін.Балалар 5 – 10 минут ішінде әке, достық,ұстаз,туған жер, әр түрлі тақырыптарында өлеңдер немесе шағын әңгімелер жазып береді.Тапсырма берген кезде кейбір оқушылар «Мен өмірімде өлең шығарып көрген емеспін!», «Мен өлең жаза алмайтын шығармын», «Менің өлең жазуым мүмкін емес!» деген сияқты пікірлер айтып жатады.Осындай пікірлерін айтып отырған оқушыларға мен мынадай тапсырмалар берем
- Бүгінгі өтілген тақырып бойынша алған әсеріңді өлеңмен немесе қара сөзбен жазып,оғаң тақырып тауып қой. Сабақ барысында оқылған өлеңнің немесе шығарманың мәтінінің мазмұнын сақтап,сөздерін өзгертіп жазып көр.Кейде белгілі бір тақырыпқа байланысты тірек сөздерді беріп,соларды қатыстыра отырып өз туындыларын жазуын сұраймын.Шығармашылық жұмысқа берілген уақыт аяқталған соң, «жаза алмаймын» деп отырған оқушы өзі жазған шығарманы оқып таң қалып жатады. Мәселен,осындай тапсырмалар кезінде 6 сыныпта өзін - өзі тану сабағында «Жаныңда жүр жақсы адам»деген тақырыпта әр балаға өз жақын адамдарын туралы жазыңдар деген кезде Сырым Алтынай атты оқушы өзінің әкесіне деген сағынышын «Маған қымбат жандар» тақырыбында жазылған шығармасында өз жүрегіндегі тебіренісін былайша толғайды. Әрние, өмірде барлығына жақын, қымбат жандар болады. Менің де жақын адамым бар. Ол менің - әкем. Мен ол кісіні жақсы көремін. Көбіне әкем үйде болмайтын. Мен сол кезде оны қатты сағынатынымын. Әкем мені «жалғызым, жекеменшік қызым» деп еркелететін. «Жалғызым, жекеменшік қызым» деп еркелеткенде, әлемде менен бақытты жан болмайтын. Ойлап отырсам, мені өмірге әкелген анам, өзіммен қатар өсіп келе жатқан бауырларым болса да, көп күнімді әкеммен өткізген екенмін. Әкем барда менің көз жасым төгілген емес. Ол кісі мені осы күнге жеткізді. Оқу озаты болуыма да әкем көмектесті. Әкемнің туылған күні – 25 мамыр. Бұл күн мен үшін де керемет күн болатын. Өйткені, мен 25 - мамырда «Мақтау қағазын» алсам, әкем бұл «Мақтау қағазын» өзінің туылған күніне сыйлық деп қабылдайтын. Мен әкемнің өмір бойы қасымда болуын тілейтінмін. Алайда, мен әкемнен айырыламын деп ойлаған жоқ едім. Әкемнен айырылған кезде, өмір заңы барлығына бірдей екенін түсіндім. Менің әкемнің есімі жүрегімде мәңгі сақталатын болды. Мен оны ешқашан ұмытпаймын. Мен әкемді өмірде ерлік жасаған адамдарға теңеймін. Мен ӘКЕ орнын ешкім де баса алмайтынын да түсіндім. Менің ендігі тілегім - әкем жұмақтан орын алса екен! Сонымен қатар, «Шығармашылық –жетістік бастауы» осы бастау арқылы біз өз өмірімізге жол ашып бүгінгі сабақта өз бойымыздағы дарындылықты ашып өлең шығарып көрейік деген кезде балаларға сабақтың тақырыбына орайластырып шығарма,өлең жазуды тапсырып,арнайы мынадай тірек сөздер беремін.Мысалы.«Туған жер»тақырыбына арналған тірек сөздер: Кең Жылыой, мұнайлы өлке,әлем,киелі, туған өлке, т.б . Осындай тапсырманы орындаған оқушының бірі Жанбаев Ерназдың «Кең Жылыой» атты өлеңі:
Мұнайлы өлке Кең Жылыой,
Атқылап жатқан мұнайды.
Әр елдер келіп қызықтап,
Мақтайды біздің Жылыойды,
Қарышта,дамы,асқақтап,
Әлемге атың жайылсын,
Жүремін сені сан мақтап,
Ыстықсың маған әрдайым.
Оқушылардың шығармашылығын шыңдаудағы тағы бір әдіс – сабақ тақырыбына сай шығармаларды оқып беріп,соның мазмұнын сақтай отырып, өз сөздерімен жазғызу.Мысалы: «Туған тілім» тақырыбында өткен сабақта Қадыр МырзаӘлінің «Ана тілім» өлеңін оқыдым.Оны Жанболатова Венера былайша өз сөзін қолдану арқылы мазмұнын сақтай білді.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте
Оқушы жұмысы:
Ана тілің – асылың
Ар – ұжданың – бұл сенің
Барлық тілді меңгеріп,
Қазақ тілін қастерле.
Осы сияқты тапсырмалар негізінді көптеген оқушылар өз сезімінің әсерінен туған шығармаларын көркем тілмен жеткізуге тырысып жатады.
• Кейбіреулері ойындағысын өлеңмен жеткізуге бейімделеді.
• Ойын еркін жеткізуге тырысады.
• Оқушылардың түрлі қиял ұшқырлығы дамиды.
Үнемі осылайша жұмыстанатын шәкірттердің ойы терең,қиялы ұшқыр, яғни шығармашыл тұлға болып қалыптасары сөзсіз.В.А Сухомминский бала тәрбиесіндегі шығармашылық туралы еңбектерінде « Әрбір бала – суретші » деген.
Олай болса,мұғалімердің кәсіби еңбегінде шығармашылық әрекеттің орны ерекше маңызға ие. Тәрбие.орг сайтынан СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНІҢ РОЛІ Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: ДЖИЕНАЛИЕВА ПЕРИЗАТ АЙЗАТХАНОВНА

Жамбыл облысы Байзақ айданы №3 Байзақ колледжі өзін-өзі тану пәні оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar