Сыр мен сымбат

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 527
  • Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
  • 14/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20026


Мектебі «Ынтымақ» жалпы орта мектеп.
Күні 04.10.2016 ж
Мұғалім: Е.Шахабаев Сыныбы:7 «Ә» Оқушылар саны: 23
Тақырыбы: Сыр мен сымбат
Құндылығы: Дұрыс әрекет Қасиеттер: әдепті болу; ұқыптылық,өсек айтпау,басқалар туралы жамандық ойламау,әділеттілік.
Мақсаты: Адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі туралы түсінік бере отырып,ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:
-оқушыларға жан мен тән сұлулығының үндестігін аша отырып, ішкі сұлулық, рухани тазалық,инабаттылық қасиеттері туралы түсінік.
-оқушыларға өзінің ішкі жан дүниесінің үңіле білуге үйрету арқылы ішкі сұлулықты, рухани тазалықты, инабаттылық дамыту.
-оқушыларды жан сұлулығын дұрыс түсіне білуге, рухани тазалық пен инабттылыққа тәрбиелеу.
Ресурстар:
(құралдар,мәліметтер)
-оқулық,күнделік,пенал, бейджик,дәптер
-бала санына төрт түрлі
гүл күлтелері

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті
Бес «Т» ны еске түсіру; тәртіп,талап,тыныштық,тазалық,татулық,
Тыныс алуға зейін қою.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай,түзу отыруыңызды өтінемін.Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз.Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз.Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз ..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л........ш ы ғ а р.... (жаймен 9-10 рет)

Үй тапсырмасын тексеру
«Тоғжан ауылында» (Абай жолы романынан үзінді) М.Әуезов, 23 бет.
Мәтін бойынша сұрақтар:
1.Автор Тоғжанның сұлулығын қалай жеткізген?
2.Тоғжан жүзінен Абай қандай нұрды көрді?
3.Тоғжанда тән мен жан сұлулығы үйлесіп тұрғанын қалай дәлелдей аласыңдар?
4.Жан сұлулығы дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?
5.Олардың үйлесімді болуы не үшін маңызды?
Дәйексөз
«Әр адам өзінің ішкі дүниесінің көрнісі».
Марк Цицерон
Оқушыларға іштей, жекелей дәйексөзді оқып шығуды өтіну;
Дәйексөз мағнасын қалай түсінесіңдер?
Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып, қорытынды жасау.

Әңгімелеу
Ертеде Ходжа Насредин саяхаттап тау-тасты кезіп ұзақ жол жүреді.Әбден қажып шаршап-шалдығып теңіз жағасына жетеді.Көз алдына ашылған көрніс тамаша болады. Мұндай ғажапты бірінші рет көреді.Көкпеңбек алып та әсем толқындар жағалаудағы жарға соғылып, тамаша су бұрқағы тәрізді аяғына шашырап жатады. Тамаша көрністен ләззат алған Ходжа еңкейіп, судың дәмін тарттып көреді.Су ішуге келмейтініне таң қалған Ходжа «Көз жауын алғаны сондай,ал ішуге тіптен жарамайды,кім білген» депті.

Талқылау сұрақтары:
1.Ходжа Насредин теңізді алғаш көргенде қандай сезімде болды?
2.Не себептен алып теңіздің суы ішуге жарамсыз болды деп ойлайсыңдар?
3.Жаны сұлу адамға қандай қасиеттер тән?

Шығармашылық,топтық жұмыс
Оқушыларды 3 топқа бөлу (Ол үшін оқушыларға 3 түрлі гүлдің күлтелері тартылады.Оқушылар күлтелері бойынша бірігіп, бір гүлді құрап,топ болып бірігеді.)
3 топқа 3 қасиет беріледі.Оқушылар постерге бейнелеп көрсетуі тиіс (суретпен,өлеңмен,көрніспен т.б бейнелеуге болады)ъ
№1 топ-Ішкі сұлулық қасиеті.
№2 топ-Рухани тазалық қасиеті.
№3топ-Инабаттылық қасиеті.

Топпен ән айту
Қыз сыны
Сөзі Қ.Қазбековтікі
Әні М.Омаровтікі

Үкілі камшат,бүрмелі көйлек,
Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.
Иықтан шашың төгіліп жерге,
Күмісті шашбау жарасып белге.

Қиылып қасың,қарақат көзің,
Жүректі баурап,оятар сезім.
Тал бойың нәзік, қызғадақ гүлдей,
Дидарың нұрлы шуақты күндей.

Жаңарып қайта жаңғырып көнем,
Ләззат алар көрген жан сенен.
Көркіңнен сенің айналдым көркем,
Халқыңның салтын сақтаған көркем.
Ескертулер

Соңғы тыныштық сәті
Үйге тапсырма
«Сұлулықпен сырласу» Б.Айтуқызы,29 бет оқып келу.
Жұмыс даптеріне 9 беттегі 1 тапсырманы орындап келу.
Балалар, осы сабақта үйренген жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңыздар. Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар. Тәрбие.орг сайтынан Сыр мен сымбат Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шахабаев Ербол Абдусаматович

Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекені "Ынтымақ" жалпы орта мектебі өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar