Табиғат тал бесігің - аялай біл!

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 320
  • Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
  • 30/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22915


Сабақтың тақырыбы: Табиғат – тал бесігің, аялай біл!
Мақсаты: оқушылардың табиғатпен үйлесімділік , табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
 оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту;
 оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету;
 Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: кітаптар.
Әдіс-тәсілі: сұрақ ,жауап әңгімелеу
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу.
Шаттық шеңбері:
Оқушылар мұғаліммен бірге шаттық шеңберіне тұрып, бір – біріне сәттілік тілейді. К. Салықовтың өлеңін оқиды.
Арал кеуіп кетпесін... Арал кеуіп,
Марал кеміп кетпесін... марал кеміп.
Табиғаттың тәніне түскен ұшқын
Талмау жерден тиеді маған келпі.
Жаңа ақпарат: Адам өмірі табиғатпен тығыз байланысты.Адам табиғатты аялап, қамқорлап, туған жерге сүйіспеншілікпен қарауы тиіс. Адам табиғат сұлулығынан, әдемілігінен, әсемділігінен бойына қуат, көңіліне шуақ алып, аса зор іңкәрліктерін сезімге бөленеді.
Дәйексөз: Табиғаттың адамға берер сыйы ұшан – теңіз; таза ауа, мөлдір су, қанатты достар, жасыл желек, сан алуан түсті хош иісті гүлдер, тазалық, сұлулық, әдемілік. Осы табиғат сыйын тек табиғатты аялап, сүйе білген, табиғатқа аялы қарым – қатынас жасаған адам ғана түсінеді, сезіне алады. Сондықтан да белгілі ғалым Ш. Уәлиханов: «Табиғаттың өзіне өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар» - деп тегін айтпаған.
Жүректен жүрекке:
Мұғалім оқушылардың бір – бірінің қолынан ұстасып, шеңбер құрғызып, сабақты оқушылардың табиғат ғажаптарына байланысты бір – біріне жақсы тілек айтумен қорытындылауға болады. Мұғалім оқушылардың пайымдауларын саралап, адам табиғаттың ғажаптарын сезініп, сүйіп, аялай білсе ғана табиғатпен үйлесімді өмір сүре алатына олардың көзін жеткізеді. Тәрбие.орг сайтынан Табиғат тал бесігің - аялай біл! Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: ДЖИЕНАЛИЕВА ПЕРИЗАТ АЙЗАТХАНОВНА

Байзақ ауданы №3 Байзақ колледжі психолог

Пікірлер: 0

avatar