Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Тіл табыса білейік
  • 22.01.2017
  • 75 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21228

ОҚО. Ордабасы ауданы
«Ынтымақ» жалпы орта мектебі
бастауыш сынып мұғаімі
Алдешова Шынар

Пәні: Өзін – өзі тану
Мерзімі: 29.11.
Сабақтың тақырыбы: Тіл табыса білейік
Мақсаты: «Өзара түсінік» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
- Өзара түсіністік, өзара сыйластық,тіл табысу туралы түсінік беру;
- Балалардың өзін және басқа адамдарды түсіне білу қабілеттерін дамыту;
- Балаларды өзара жағымды қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: суреттер, дәптер.
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып тұрады да, бір- бірімен сәлемдеседі.Өлең оқиды.
Біз – өмірдің гүліміз.
Зеңгір көктен, Бал достыққа,
Нұрын төккен, Жолдастыққа,
Ортақ біздің күніміз. Шақырады әніміз,
Жайдары өскен, Тыныштықта,
Жайныпа өскен, Нұр құштық та,
Біз - өмірдің гүліміз. Бақыттымыз бәріміз!

Достар тілін ұғамын
Б. Тәжібаев
Шәу – шәу үрсе күшігім, Үйшіктің де тәуірін
Жат дыбысты білгені. Соған арнап жасадым.
Миауласа мысығым, Жас болсам да әлі мен,
Тамақ іздеп жүргені. Достар тілін ұғамын.

Қыт –қыттаса тауығым, Сондықтан да бірімен
Алдына дән шашамын. Өте тату тұрамын.
Мәтінмен жұмыс.
Аяқталмаған ойын.
М. Төрежанов
Ауылдың шеті. Қарлы төбешікке су құйылып, сырғанақ жасалған. Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр. Олардың ішінде ағайынды Ахметовтер де бар. Ақан мен Асан екеуі бір шанаға отырып алып, таудан төмен зымырайды. Беттері қызара бөртіп, сырғанап ойнаудан жалығар емес.
Ақан мен Асан тау басына шықты. Шананың алдына Асан отыратын. Ол абайсызда шанадан айырылып қалды. Бос шана төмен қарай сырғанай жөнелді. Алысқа барып, бір – ақ тоқтады.
- Ақан, сен барып шананы алып кел, - деді інісіне Асан.
- Мен бармаймын. Шанаға ие болмаған өзің, сен бар, - деді Ақан.
- Жоқ . Сен барасың. Сен менен кішісің, - деді Асан.
- Бармаймын. Үлкенмін деп жұмсай бересің, шананы да үнемі мен сүйреймін.
- Бармасаң сырғанақ тепкізбеймін.
Сөзі өтпеген Асан ашуланып төменге түсті. Шананы жетектеген бойы тауға емес, үйіне қарай бет алды.
Ақан не істерін білмей, тау басында аңырып тұрып қалды.
Тіл табыса алмаған Ахметовтердің ойыны осылай аяқталмай қалды.
Дәйек сөз.
- Дұрыс айтасыңдар, бір-бірімен келісіп іс істеген жағдайда ортақ шешімге
келуге болады.
Адамдардың бір-бірімен тіл табысуы үшін өзара түсіністік пен сыйластық, кішіпейілділік, сабырлылық қажет. Адамдар түсіністікте өмір сүрсе, қуанышқа бөленеді, жақсылыққа кенеледі. «Түсінісе білу – жақсы қасиет», - деп халық бекер айтпаған.
Көрініс. «Әтеш, лақ және күшік».
Суретпен жұмыс.
Мысық пен күшік.
Ғ. Жұмабаев.
Мысығым мен күшігім, Бірі сүйек кеміріп,
Таласуға құмарда. Үйшігінен шықпайды,
Тарын қара ішінің, Бірі сүтке семіріп,
Не жетпейді бұларға? Пеш үстінде ұйықтайды.
Не керек бос таласып,
Жүрем ылғи жаратпай.
Дос болмай ма жарасып,
Меніменен Мараттай.
Дәптермен жұмыс.
Тіл табысып ойнау не үшін қажет?
Суретті бояп, өз ойларыңды айтып беріңдер?
Жүректен-жүрекке.
«Балалар, бір-бірімізбен тіл табысу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?» - деген мұғалімнің сұрағына балалар өз ойларын айтып, кезекпен жауап береді.
Ән. «Бала тілегі». Тәрбие.орг сайтынан Тіл табыса білейік Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алдешова Шынар Кошкаровна

ОҚО. Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекені "Ынтымақ" жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар | Логин: жони
Көрсетілім: 75 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar