Жалпы білім беретін мектепте өзін-өзі тану пәнін психологиялық - педагогикалық тұрғыда қамтамасыз ету

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 243
  • Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
  • 27/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21327


Қазақ халқының ғұлама ғалымы әл-Фараби: «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» деген екен. Ал өзіңді алға қарай жетілдіру және бойында жақсы мінез-құлық қалыптастыру ең алдымен өзін-өзі танудан басталады. Өйткені, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін және қандай мінез-құлық қалыптастыру қажеттігін білу қиын.
Білім беру саласындағы бүкіләлемдік өзгерістер аясында адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті, Еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім жобасын ұсынды. «Өзін-өзі тану» эксперименттік жобасы Қазақстанда 2001 жылдан бері жүргізіліп келеді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының білім мекемелерінде пән ретінде жүргізілуі баға жетпес құнды дүние.
Жас ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз - оқушының өмірдегі өз орнын табуына, олардың өзін-өзі жан-жақты жетілдіріп отыруына жағдай жасау. Сонымен қатар баланы айнала қоршаған ортадағы адамдар мен жан-жануарларға және экологияға жақсылық тілеп, өз бетімен қайырымдылық жасауға тәрбиелеу. Осы аталған тәрбиені жүзеге асыруда мектептерде соңғы жылдары жүргізіліп келе жатқан «Өзін-өзі тану» пәнінің маңызы зор. Тәрбие.орг сайтынан Жалпы білім беретін мектепте өзін-өзі тану пәнін психологиялық - педагогикалық тұрғыда қамтамасыз ету Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дармагамбетова Багила Бегенишовна

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы Т.Әлиев атындағы №1 орта мектеп мемлекеттік мекемесі Өзін-өзін-тану пәні мұғалімі, педагог-психолог

Пікірлер: 0

avatar