Жаным толы жақсылық

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1028
  • Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
  • 25/Янв/2018

Жарияланған материалдың жеке номері: 23650


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп____№5______Мерзiм___18.03.17.____
Мұғалiм: Мухамеджанова Гүлшат
Сынып__2 «ә» ___Оқушылар саны__24__
Тақырып: Жаным толған жақсылық
Құндылық_Ішкі тыныштық_
Қасиеттер: Өзіңді - өзің алдамау, шыдамдылық, байсалдылық

Мақсаты: Өмірде жақсылық жасауға үйрете отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
- Оқушыларды өміріндегі қиыншылықтарды шыдамдылықпен жеңуді ұғындыру;
- Жақсылыққа ұмтылып, өзіңді - өзің алдамауға тәрбиелеу;
- Іс әрекетті сабырлықпен, байсалдылықпен шешуге үйрету.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Оқулық, оқушы дәптері, интерактивті тақта
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатысты тексеру. 5 «Т» ережесін қайталау.
1. Тыныштық сәтi.
«Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.

2. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасына тақырыптағы Жақсылыққа жақсылық ертегісін үйден оқу және өз ұсыныстарын жинақтап, осы ертегідегі теріс қылықтардан арылып, риясыз жақсылық жасаған көріністерді естерінде қалуы үшін суреттер салып келу.
(Оқушылардың үйден салып келген суреттерін талқылау).
Ескерту
3. Дәйексөз.
Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе!
Ыбырай Алтынсарин
Дәйек сөзді оқушылар барлығы бірге оқып шығады. Қыздар бірге оқып шыққаннан кейін ер балалар бірге оқиды.

1. Адамдар бір - біріне риясыз жақсылық жасаудан жалықпаса өмірде не орнайды?
2. Жақсылықтың өтеуін сұрау қажет пе?
3. Өмірде жақсылық жасаудың маңызы қандай?
4. Сендердің жақсылық жасаған кездерің болдыма?
4. Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат)
Тату ағайындылар
Өте ертеде бір патшалықта екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың екі жағында болса да, олар бір- біріне көмектесіп, тату-тәтті өмір сүреді.Бір күні ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп бөліп алдық, бұл дұрыс емес. Інім жаңа ғана шаруашылығын бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек».
Ағасы тұрып, түнде інісіне бір қап бидайды апарып
тастайды.
Ал бұл кезде інісі жатып, олда ойлап жатады: «Жоқ,.біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек».
Таңға жақын інісі де білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды.
Таңертең ағайындылар өз қамбаларына қарап, таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой, ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта-қайта санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!»
Түн болысымен ағасы мен інісі бір бидай қапты арқалап, үйлерінен шығады.
Толық ай туады жарықтандырып тұрған. Осы жрде қарағайдың түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды:
- А, бұл сен бе? Кештетіп қайда бара жатырсың?
Інісі айтады:
-А, бұл сен бе едің? Ал сен қайда бара жатырсың?
Екеуі де үндемей қалды, бір-бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жіберді. Осыдан кейін екеуі бір-бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді.
Сұрақтар:
1. Әнгіме кімдер жайлы? Екі ағайындының іс-әрекеттері дұрыс па?
2. Сен болсаң не істер едің?
3. Әңгіменің соңында ағайындыларды не біріктірді?
4. Осындай дұрыс әрекет жасап отырсақ,риясыз сүйіспеншілікпен көмектесіп отырсақ ішкі тыныштығың жай табады. Мысалы өздеріңнің өмірлеріңде осындай жағдай кездесті ме?
5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Оқушыларды жемістер арқылы топқа бөлемін.


1 топ алмұрт тобының тапсырмасы сахналық қойылым көрсету.
2 топ банан тобы сөзжұмбақ құрау.
3 топ алма тобы ребус құрау.


6. Топпен ән айту.
«Шынайы достық» әнін айтамыз
Барлық жанға мейірім сыйла,
Мейіріммен алтын күн де жарқырайды.
Жүзіңде күлкің де арайлы,
Бүкіл әлем бәрімізге нұр сыйлайды.

Қайырмасы:
Аспанда ақша бұлттар,
Күлімдеп бізді құптар,
Шегірткелер әнге салып шырылдайды ...
Сылдыр қаққан бұлақтан
Басталады өзен-көл
Ал мейірім басталады шын достықтан.

Мейіріммен өзгерет өмір,
Мейірімнен құс та аң да шаттанады.
Жүректе ұялап ақ сенім,
Айналамыз бір ерекше нұрланады.

Қайырмасы:
Аспанда ақша бұлттар,
Күлімдеп бізді құптар,
Шегірткелер әнге салып шырылдайды ...
7. Үй тапсырмасы.
Үйге келесі тақырыпта берілген «Туған жер ғажаптары» мәтінін оқып келу тапсырылады. Және де дәптердегі берілген тапсырманы аяқтап келу.

8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды сау болыңдар! Тәрбие.орг сайтынан Жаным толы жақсылық Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мухамеджанова Гүлшат

" Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі" КММ "Өзін-өзі тану" пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar