«Жер-ана»

  • Жүктеулер: 22
  • Көрсетілім: 1258
  • Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
  • 14/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19217


Мерген ОЖББМ Мұғалімі: Қажғалиева С.О.
Пәні: өзін-өзі тану Сыныбы: 4 29- сабақ
Тақырыбы: «Жер-ана»
Құндылық: қиянат жасамау
Қасиеттер: әрқашан көмектесу, жақсылық, қамқорлық
Сабақ мақсаты:
«Жер-ана» туралы айта отырып, қиянат жасамау кұндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
-Оқушыларға жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- Оқушылардың жерге жақсылық жасайтын қасиеттерін дамыту;
- Оқушыларды әрқашан көмектесу арқылы жерге қамқорлық жасауға тәрбиелеу;
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәті . Нұрға бөлену
Үй тапсырмасын тексеру .
Э.Шимның «Көктем иісі» әңгімесі
Сұрақтар:
-Бала көктем иісін қалай сезінді?
-«Көктемнің иісі» деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?
-Жерге қалай жақсылық жасауға болады?
Дәйексөз.
«Баптағанға – жер жомарт. »
Халық мақалы
-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
-Неліктен жер өзін баптағанға жомарттық көрсетеді?
-Жердің байлығын пайдаланып, әрі оған қалай қамқорлық көрсетуге болады?
Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы) Зерттеу институтындағы тәжірибе.
Тбилиси қаласындағы ботаника ғылыми зерттеу институтында биолог ғалым Кохладзенің басқаруымен мынадай тәжірибе жүргізілді. Бақтағы екі түп раушан гүліне екі адам жібереді. Бірінші адам гүлдің сабақтары мен өзегіне ине тығып, зекіп, азап көрсетеді. Екінші раушан шоғына барған бағбан оған су құйып, небір тамаша жылы сөздер айтады. Екі шоқ гүлге сезгіш аппарат хабарлағыштар орнатып қояды да, әлгі тәжірибеге қатысқан адамдардың әрқайсысын өз гүлдеріне қайта жібереді. Сонда азаптаған адам жақындап қалғанын сезген гүл «ай-ай, әлгі қатыгез тағы да келе жатыр» дегендей хабарлағыш (датчик) зарлай жөнеледі. Ал, келесі бағбан жақындағанда гүл жұпар иісін шашып, қауызын ашқан.
Міне, бұл табиғатқа қиянат жасасаң, сөзсіз соның зардабын тартасың дегеннің дәлелі.
- Зерттеу институтындағы қандай тәжірибе жүргізілді?
-Табиғат тірі жан сияқты, өзіне зәбір көрсеткенде қиналуы мүмкін бе?
-Табиғатты қорғауда адамның іс –әрекеті қандай болу керек?
Шығармашылық жұмыс
Дәптерде берілген аяқталмаған ойды оқушылар өз ойларымен жалғастырып жазады.Жер- бәріміздің анамыз. Онсыз тіршілік жоқ.Өйткені... Жер-бәріміздің асыраушымыз. Өйткені...
Жер-анамыз дейтін себебіміз… Өйткені…
Топпен ән айту. Жасамайық қиянат
(Ұстазым менің әнінің әуеніне салып орындау.)
Арамызда өкпе, реніш болмасын,
Әрқашанда әділдікті қолдасын.
Адамдарға түсінікпен қарасақ,
Сонда ғана, гүлденеді болашақ.
Жасамайық адамзатқа қиянат,
Осының бәрін санаңызға ұялат.
Ізгіліктің жолында біз жүрейік,
Бәрін естен шығармайық, білейік.
Мейірім сізбен,
Бас қосып бізбен,
Нұр төгіп барлық адамға.
Жүрегің тасқан,
Пейілі дархан ,
Нұр төгіп барлық ғаламға.
Қиянат жасамайық адамзатқа,
Үй тапсырмасы.30-сабақ.
Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін оқу
Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады. Тәрбие.орг сайтынан «Жер-ана» Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: КАЖГАЛИЕВА САЛТАНАТ ОРАЗОВНА

БҚО АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ МЕРГЕН орта жалпы білім беретін мектебі өзін-өзі тану мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar