Жер – ортақ үйіміз

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 776
  • Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
  • 03/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22939


Сыныбы: 1 «Б»

Тақырып: Жер – ортақ үйіміз

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: табиғатты қорғау

Мақсаты: Оқушыларға Жер-ананың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға жердің ортақ үй екенін түсіндіре отырып, ынтымақтастық қасиеті туралы түсінік беру.
  • Оқушыларды Жер-ананы қадірлеуге, оның тұрғындармен ынтымақтастыққа үйрету арқылы сыйластық қасиетін дамыту.

Көрнекіліктер:(құралдар, мәлiметтер) Плакат, үнтаспа, карточкалар

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

2.Шаттық шеңбері:

Армысың шапағатты күн нұры

Армысың қайырымды аспан ана

Арысың мейірімді жер ана

Құт береке бар әлемге жарылқа

 

Здраствуй солнце золотое

Здраствуй небо голубое

Здраствуй ветер ветерок

Здраствуй мой дружок

Балалар терезеге көз салып , табиғатқа қарайықшы ! Бүгін табиғат қандай тамаша !Біз осы тамаша , әсем , көрікті табиғатқа тамсана отырып , бүгінгі сабағымызды бір – бірімізбен және табиғатпен сырласамыз . Алдымен табиғатқа сәлем берейік .

3.Тыныштық сәтi.(баяу әуен) Орманға ойша серуен

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң орманға саяхат жасаймыз.

Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгiмелеу (сұхбат).

Мәтін: «Жер – біздің ортақ үйіміз»

  • Жер-ананың риясыз қызметін неден байқауға болады?
  • Жерде өмір сүріп жатқан қандай ұлт өкілдерін білесіңдер
  • Біз табиғатты қалай қорғау керекпіз?
  • Жер қалайша ортақ үйіміз?
  • Туған жеріңнің қандай көрінісін ұнатасың?

 

5.Дәйек сөз.

Адазаттың бәрін сүй, бауырым деп...

Абай Құнанбаев

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіз?

 

Табиғат туралы біраз мағлұматтар біледі екенсіңдер . Енді бәріміз зейін қойып үнтаспадағы дыбыстарды тыңдайық. (үнтаспада орман, жел , су, құс, т.б.)

• Бұл үнтаспада ненің дыбыстарын естідіңдер ?

• Ол дыбыстарды естігінде қандай әсерде болдыңдар, көз алдарыңа не елестеді ?

6.Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі суретті бояңдар. Сурет бойынша әңгіме құрастырып айтыңдар.

Жүректен жүрекке

Бүкіл әлем балаларына арнап жақсы сөз, жылы тілектеріңізді білдіріңіздер.

7.Топпен ән айту

«Әрқашан күн сөнбесін»

8.Соңғы тыныштық сәтi.

Аяғымызды айқастырмаймыз, қолымызды тіземізге қоямыз, көзімізді жұмамыз. Бүгінгі сабақтан алған білімдерімізді ойымызға сақтап аламыз.

Жер-ананың берген бізге сыйы бұл -аң,құстар, өсімдіктер, тау, тас, өзен, ауа, жер т.б. Олар біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы.Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті. Бұл заңдылық деп білейік!

9..Үй тапсырмасы. 2 мин.

дәптердегі 2-тапсырманы орындау

10. Кері байланыс.

Тәрбие.орг сайтынан Жер – ортақ үйіміз Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Копбаева Гүлжан Апрелевна

«Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекеме Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar