Өзін-өзі тану – рухани өркендеу

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 627
  • Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
  • 02/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18377


Өзін-өзі тану – рухани өркендеу
аудандық семинар
Өзін-өзі тану пәні әлемдегі ең басты құндылық – адамның өмір сүру үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – жақсы адам болуға тұлғаны жастайынан үйрету біздің басты міндетіміз.Оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, ба¬лалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыра алуымен қатар, әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағыттау ұстаз міндеті. Елбасы жолдауы білім алушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі дегім келеді.Өзін-өзі тану ғылымының мақсаттардың бірі – білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жалпы орта білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Осы орайда, Т.Құлыбеков атындағы орта мектеп,шағын орталығында, Кербұлақ аудандық білім бөлімінің ұйымдастырумен «Өзін-өзі тану – рухани өркендеу» атты аудан мұғалімдерінің семинары өткізілді. Семинардың мақсаты: Жалпы орта білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» пәнінің оқыту ерекшеліктерімен таныстыру. Жеке тұлғаның өзінің өмірлік айқындамасын анықтау; түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу; өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым- қатынас жасауға тәрбиелеу. «Кешірімділік көңіл кеңдігі» жаттығу-сабақты Бекбергенова Жанар Жақсыбайқызы аудан ұстаздары және мектеп оқушыларымен өткізілді. Сабақ барысында бейнесюжет көрсетіліп, жағдаяттар шешіліп, постер қорғау жүргізілді.Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет . Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмы¬сы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше. Өйткені, бұл пән жасөспірімге рухани-адамгершілік білім беру, дамыту арқылы үйлесімді қалыптасуына ықпал етеді.


Семинар барысында ауданнан келген өзін-өзі тану мұғалімдерімен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған жаттығу-ойын өткізілді.


Психологиялық тренинг-жаттығу барысы.



Жағдаяттарды шешу. Постер құру.




Үлгілі сабақ
«Шаңырақ жарастығы » 3 сынып оқушыларымен жүргізілді.Бастауыш сынып мұғалімі Нүсупахметова Күләйхан Мырзаханқызы.







3 сынып «Жақсы көңіл-күй жан шуағы» сабақтан тыс іс-шараны бастауыш сынып мұғаілімдері Байбулатова Элнара және Рысбек Толқын жүргізілді.

Өзін-өзі тану пән мұғалімі
Бекбергенова Жанар Жақсыбайқызы
Т.Құлыбеков атындағы орта мектеп МДШО
Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Қоянкөз ауылы Тәрбие.орг сайтынан Өзін-өзі тану – рухани өркендеу Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бекбергенова Жанар Жақсыбайқызы

Пікірлер: 0

avatar