Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Өзін-өзі тану сабақ жоспары
  • 17.01.2017
  • 173 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21065

3-сыныптың өзін-өзі тану пәніне арналған сабақ жоспары.

Өзін-өзі тану сабағы
Мектеп «№14 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ
Мерзімі:
Мұғалім: Жанбабаева Гульнафис Алпысбаевна
Сыныбы: 3б
Оқушылар саны:
Тақырыбы: 1-сабақ. Өзін-өзі тану белестері
Құндылық: Өзін-өзі тану.
Қасиеттер: Сыйластық, кішіпейілділік, ізгілік.
Сабақтың мақсаты: Балалардың «Өзін-өзі тану» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- 3-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру;
- Өзін, өзгелерді, адамгершілік құндылықтарын танып білуге қызығушылықтарын арттыру;
- Сыйластыққа, кішіпейілділікке, ізгілікке тәрбиелеу. Ресурстары:
Үнтаспа, дәптер, қағаздан жасалған қармақ, алтын балықтар
Сабақтың барысы. Позитивті ойлау.
1. 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседе. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі оә келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шагады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет. Ескерту:
2. 2. Үй тапсырмасын тексеру:
2-сыныпта «Өзін-өзі тану» пәнінен өткендері туралы еске түсіру.
3. Дәйексөз (Жағымды ой-пікір )
«Өзін-өзі тану – адамгершілік құндылықтардың негізі»
- Адамның бірінші байлығы – денсаулық. Денсаулық болса адам бақытты. Адам ақ көңіл, адал ниетті болса сый-құрметке бөленеді. Өйткені адамның жасаған жақсылығы, адалдығы алдынан шығады. Өмірдегі бар қажеттіліктің, арман-мақсаттың орындалуына талаптану арқылы жетуге болады. Ертегідегі бай сияқты адамдардың қайырымсыз қылықтары, жағымсыз ниеттері мен тілектері жақсылыққа алып келмейді, адамның бақытты болуына көмектесе алмайды.
Дәйексөзді дәптерге жазып аламыз. Дәптермен жұмыс жүргізейік. Алтын балықтан өзін-өзі танудан не үйренгілерің келеді? Сол тілектеріңді бос жолдарға жазыңдар. Плакат
4. Оқиғаларды әңгімелеу.
А.Құнанбаевтың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін дауыстап оқытамын.
2 сыныпта өзін-өзі танудан үйренгендерін, жазғы демалыс кезіндегі жақсылық істерін естеріне түсіру. Оқулықпен жұмыс
5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Оқушыларға ақ парақтар таратып беремін. Парақтың алғашқы бетіне қатар отырған сыныптасының қандай қылықтары мен әрекеттерін жазғы демалыс кезін есіне түсіре отырып жазады.
Ал екінші бетіне сол сыныптасының өзі туралы нені есіне түсіру мүмкіндігін жазады. Жазбалары сәйкес келген жұп жеңімпаз атанады.
Күтілетін жауаптар: Арманның мені досыммен жарастырғанын есіме алдым. Айнұрдың мені ренжітіп, артынан кешірім сұрағаны есіме түсті. Алманың маған есеп шығарудың жолын көрсеткені есіме түсті. Сараның өз қолымен жасап, сыйлаған сыйлығына қарап жүрдім. Сыныптастарымның күлімдеп бір-бірімен сәлемдескендері көз алдымда болды. Анар үнемі, ұқыпты жүретіні есіме түсті.
- Жарайсыңдар, балалар! Жазғы демалыста бір-біріңді сағынып, жақсы әдет, қылықтарыңды естеріңе алғандарың қандай жақсы! Жасаған жақсылық, ізгі ниет, жақсы қылықтар барлық уақытта да адамның жадында сақталады. Оған қоса бір-біріңнің мінез-құлықтарыңды, әрекеттеріңді жақсы білетіндіктеріңе қуанып тұрамын. Өзін, өзгелерді тану деген осы!
Оқулықтағы суретпен жұмыс жүргізу.
М.Төрежановтың «Алтын балық» әңгімесін кідіріспен әңгімелей отырып, әрбір ойға байланысты балалардың пікірлері тыңдалады.
- Сендер кедейдің орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
- Сендер алтын балықтан қандай тілек сұраған болар едіңдер?
- Кедей не себепті бірінші тілегіне денсаулық сұрады, деп ойлайсыңдар?
- Адал ниет дегенді қалай түсінесіңдер? Неліктен кедей екінші тілегіне адал ниет сұрады деп ойлайсыңдар?
- Таудай талап дегенді қалай түсінесіңдер? Кедей неліктен екінші тілегіне таудай талап сұрады деп ойлайсыңдар?
- «Қайырымсыз мыңнан – қайырымды бір артық» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Не үшін балық «Құдайым бала берсін, бала берсе, сана берсін» деген нақылды байдың есіне түсіреді?
- Байдың бақытты бола алмауы, байлығына ие бола алмау себебі неде, деп ойлайсыңдар?
6. Топпен ән айту.

7. Үй тапсырма
«Жас Ұландар жыры»
Сөзін жазған: А.Байғожаев.
Әнін жазған: Ә.Молдағайынов.
Аялап туған ел,
Даңқымыз шырқады.
Атандық жас ұлан,
Бабалар ұрпағы.

Қырандай түлеттің,
Асқақтап самғаймыз.
Алғысын жүректің,
Өзіңе арнаймыз.

Жазира өңірде,
Сайраған біздің жол.
Құмартқан Өмірге,
Боламыз құрыш қол!

Көгілдір аспаны,
Бақытты баламыз.
Өмірдің дастаны,
Еңбеккер боламыз. Музыка
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
- Балалар, мен де сендердің әдепті, қайырымды, сыйлы болып өсетіндеріңе, Отанын қорғайтын, елін, жерін сүйетін азамат болатындарыңа сенімдімін.
«Жас ұландар жыры» үнтаспамен бірге әнді айту . Үнтаспадан баяу музыка ойнатылады.

Өзін-өзі тану сабағы
Мектеп «№14 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ
Мерзімі:
Мұғалім: Жанбабаева Гульнафис Алпысбаевна
Сыныбы: 3б
Оқушылар саны:
Тақырыбы: 2-сабақ. Өмірді танып білуге құштарлық
Құндылық: Білуге құштарлық.
Қасиеттер: Адамгершілік, сыйластық.
Сабақтың мақсаты: «Өмір» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу
Сабақтың міндеттері:
- өмірді тану туралы түсініктерін кеңейту;
- өмірді танып білуге қызығушылықтарын арттыру;
- өмірді сүюге, жақсы өмір сұруге тәрбиелеу. Ресурстары:
дәйек сөздер, түрлі-түсті суретер
Сабақтың барысы. Позитивті ойлау.
3. 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседе. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі оә келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шагады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет. Ескерту:
4. 2. Үй тапсырмасын тексеру:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен
5. Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
«Өзін-өзі тану белестері»
• Халықтар бірлігі дегеніміз не?
• Табиғатқа қандай қамқорлық бере аламыз?
• Денсаулығымызды қалай жақсартамыз?
3. Дәйексөз (Жағымды ой-пікір )
Өзіңді танығың келсе, адамдарға, олардың ісіне қара» деген Фридрих Шиллердің сөзіне балалардың назарын аудару.
- Нұртастың басқа адамдардың әрекеттерін көруі, ақыл-кеңесін тыңдауы, оның өз қателігін түсінуіне, өмір сүруге құштарлығын арттыруға, өзіне сенімді болуға, өмірді сүюіне көмектеседі. Ол өзін тағы бір қырынан таныды. Ал өзіңді тану арқылы өмірді танып білесің. Өмірде кездесетін қиыншылыққа да төзе білу, оларды жеңе білу әр адамның күш-жігеріне, өмірді сүюіне байланысты. Өмірді сүйген адам әрі бақытты, әрі ұзақ өмір сүреді.
Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма: «Менің бақытты болуым үшін» әңгіме жазу.
2-тапсырма: «Бақытты балалық шақ» тақырыбында сурет салу. Плакат
4. Оқиғаларды әңгімелеу.
С.Дәуітовтің «Адам болғым келеді» өлең жолын оқып, түсіндіремін.
1. Өмірді тану не үшін қажет?
2. Өз қызығушылықтарың туралы әңгімелеп беріңдер?
Дәптермен жұмыс бойынша: алтын балықтан «Өзін-өзі танудан не үйренгілерің келетінін» сұраған тілектеріңді әңгімелеп беріңдер.
- Адам, ұзақ, жақсы, бақытты өмір сүру үшін өмірді сүю керек. Ал өмір өзінен, айналасындағы адамдардан, қоршаған табиғаттан, Отаннан және олармен қарым-қатынас жасаудан құралады. Сол себепті де адам осы айтылғандардың барлығын сүюі, сыйлауы қажет. Адам өмірге қандай болып келсе, өзін сол табиғи күйінде қабылдауы тиіс, жасандылық адамға жат қасиет. Өмірде көп жетістіктерге жету мен жақсылыққа, сый-құрметке, қуаныш-бақытқа кенелу адамның өмірді танып білуге, оны үйренуге деген құштарлығына байланысты. Көп біліп, білгенін орынды қолданған адамның жақсы өмір сүруі ақиқат. Өмірге адам болып келген соң, өмірдің қуанышын, бақытын, жақсылығын сезіну керек. Өйткені өмірді жақсарту, бақытты өмір сүру өз қолымызда.
3. Өзіммен-өзім.
- Балалар, ыңғайланып, еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Бізге күн жарқырап, сәулесін мол төгіп тұр. Ауа тап-таза. Көгілдір аспан. Құстар сайрап даланың сәнін келтіріп тұр. Осылардың бәрі өз жақсылығын барлық адамға, барлық тіршілік иелеріне бірдей көрсетіп тұр. Адамдар да сондай болса екен, шіркін... Әрбір тірі жан иесі: кіп-кішкентай құмырсқалардан бастап құстар да, аңдар мен жануарлар да, адамдар да өзінің өмірі үшін құлшынып, ұрпағы үшін тіршілік етіп жүр. Бәрі де осы ашық аспан аясында, бейбіт елде өмірге келгеніне қуанышты, болашағына сеніммен қарайды. Осындай жақсы ниетпен бұрынғы қалпымызға келейік. Оқулықпен жұмыс
5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
1. Оқушыларға ақ парақтар таратып беремін. Парақтың алғашқы бетіне қатар отырған сыныптасының қандай қылықтары мен әрекеттерін жазғы демалыс кезін есіне түсіре отырып жазады.
Ал екінші бетіне сол сыныптасының өзі туралы нені есіне түсіру мүмкіндігін жазады. Жазбалары сәйкес келген жұп жеңімпаз атанады.
Күтілетін жауаптар: Арманның мені досыммен жарастырғанын есіме алдым. Айнұрдың мені ренжітіп, артынан кешірім сұрағаны есіме түсті. Алманың маған есеп шығарудың жолын көрсеткені есіме түсті. Сараның өз қолымен жасап, сыйлаған сыйлығына қарап жүрдім. Сыныптастарымның күлімдеп бір-бірімен сәлемдескендері көз алдымда болды. Анар үнемі, ұқыпты жүретіні есіме түсті.
- Жарайсыңдар, балалар! Жазғы демалыста бір-біріңді сағынып, жақсы әдет, қылықтарыңды естеріңе алғандарың қандай жақсы! Жасаған жақсылық, ізгі ниет, жақсы қылықтар барлық уақытта да адамның жадында сақталады. Оған қоса бір-біріңнің мінез-құлықтарыңды, әрекеттеріңді жақсы білетіндіктеріңе қуанып тұрамын. Өзін, өзгелерді тану деген осы!
2. Оқулықтағы суретпен жұмыс жүргізу.
М.Төрежановтың «Алтын балық» әңгімесін кідіріспен әңгімелей отырып, әрбір ойға байланысты балалардың пікірлері тыңдалады.
- Сендер кедейдің орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
- Сендер алтын балықтан қандай тілек сұраған болар едіңдер?
- Кедей не себепті бірінші тілегіне денсаулық сұрады, деп ойлайсыңдар?
- Адал ниет дегенді қалай түсінесіңдер? Неліктен кедей екінші тілегіне адал ниет сұрады деп ойлайсыңдар?
- Таудай талап дегенді қалай түсінесіңдер? Кедей неліктен екінші тілегіне таудай талап сұрады деп ойлайсыңдар?
- «Қайырымсыз мыңнан – қайырымды бір артық» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Не үшін балық «Құдайым бала берсін, бала берсе, сана берсін» деген нақылды байдың есіне түсіреді?
- Байдың бақытты бола алмауы, байлығына ие бола алмау себебі неде, деп ойлайсыңдар?
3. Мәтінмен жұмыс. «Ата өсиеті» әңгімесін сұрақ қою арқылы әңгімені талдау.
- Нұртастың ойына деген көзқарастарың қандай?
- Қария «Өмірді сүю керек» дегенді не үшін айтты? Осы сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Әңгімені қалай жалғастырар едіңдер?
Түйіндеме
Мұратқа жету жолын білуге арналған түйіндеме ұсынылады.
6. Топпен ән айту.
Ә.Дүйсенбиевтің «Біз өмірдің гүліміз» әнін тыңдап, үнтаспаға қосыла айту Үнтаспадан баяу музыка ойнатылады.
7. Үй тапсырма

8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
- Балалар, мен де сендердің әдепті, қайырымды, сыйлы болып өсетіндеріңе, Отанын қорғайтын, елін, жерін сүйетін азамат болатындарыңа сенімдімін.
«Жас ұландар жыры» үнтаспамен бірге әнді айту . Үнтаспадан баяу музыка ойнатылады.

Мектеп «№14 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ
Мерзімі:
Мұғалім: Жанбабаева Гульнафис Алпысбаевна
Сыныбы: 3б
Оқушылар саны:
Тақырыбы: 3-сабақ. Білім – ақиқат бастауы
Құндылық: Білім.
Қасиеттер: Еңбексүйгіш, жақсы оқу.
Сабақтың мақсаты: Балалардың «Білім» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- Білімге, оқуға қызығушылықтарын арттыру;
- Жақсы оқуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ресурстары:
Үнтаспа, дәптер, алтын балықтар
Сабақтың барысы. Позитивті ойлау.
6. 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседе. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет. Ескерту:
7. 2. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Өмірде кімдердің көмегін, қамқорлығын сезіндіңдер? Олардың өмір сүруге қандай көмегі бар?
2. Өз бойыңнан адамның қандай жақсы қасиеттерін сезініп білдіңдер? Өмірде қандай жағдайда сол қасиеттеріңнің септігі тиді?
3. Өмірді сүю неге жетелейді? Адамға өмірді танып білу не үшін қажет?
Күтілетін жауаптар: Әке-шешемнің, туыстарымның, досымның, ұстазымның, көршімнің, сыныптасымның және т.б.
1. Үлкенді сыйлаймын.Қамқорлық жасай аламын. Достарым көп. Көпшілікпен тіл табыса аламын. Жақсы оқуға тырысамын. Әдепті баламын және т,б. Өмірді сүю жақсы өмір сүруге, шыдамдылыққа, төзімділікке, ынтымаққа жетелейді және т.б.
- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын сезінуі, бойындағы жақсы қасиеттерін өмірде қолдана білуі, өзін-өзі және өзгелерді бағалауы оның өмір сүруге деген құлшынысын арттырады. Айналасына деген көзқарасын өзгертеді.
3. Дәйексөз (Жағымды ой-пікір )
Қазақтың ағартушы-педагогі Ы.Алтынсариннің «Өнер,білім-бәрі де
оқуменен табылған»,-деп айтқанын қалай түсінесіңдер?
Жауаптарын тыңдап,қорытындылау:
-Балалар,өнер де,білім де тек оқудың арқасында болатынын дұрыс айттыңдар.Оқу арқылы білімнің,өнердің қыр-сырларымен таныс боласыңдар. Білім,өнер-жақсы өмір сүруге септігін тигізеді.Жастайыңнан көп оқысаңдар,көп білесіңдерөздеріңе жақсы.Көп білгендерің-қиындықты жеңгендерің.
Білімді адамның, ала алмайтын биігі жоқ. Бәріне де өнердің, білімнің нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сол себепті әрі жақсы, әрі көп оқуға ұмтылғанымыз дұрыс. Плакат
4. Оқиғаларды әңгімелеу.
Балалар шеңберге тұрып, Ы. Алтынсариннің «Кел балалар
оқылық!» өлеңін жатқа айтады.
-Білім адамға не үшін қажет?
-«Оқу инемен құдық қазғандай» дегенді қалай түсінесіңдер?-
(ойларын тыңдау)
-Өзіңе белгісіз нәрселерді естігенде қандай күйде боласың?
-Теледидардан қандай танымдық бағдарламаларды қарағанды ұнатасың?
-Оқушылардың білім сайыстарына қатысқың
келе ме ? Неліктен?
Сөйлемдерді өз ойларыңмен толықтырыңдар.
Мен мектепке ... үшін барамын.
Мектепте ... үйрендім.
Мен мектепте ... жақсы көремін.
Мектеп ... ұнайды.
«Білім мен байлық» мәтінін әңгімелеп беру.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі кестеге мәтін бойынша білімнің байлықтан артықшылықтарын тауып жаздырту. Жазып болған соң, тақтадағы «Білім», «Байлық» атты күн суретіне жазған ойларын қойдырту. Салыстырмалы түрде әр ой талданады. Оқулықпен жұмыс
5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Оқушыларды «Алғырлар» мен «Білгірлер» тобына бөліп, оқулықтағы мақал-мәтелдерді жылдам жалғастырып айтуды тапсыру.
«Мақалды жалғастыр» ойыны.
Оқу, білім туралы мақал-мәтелдерді жалғастырып айтып, жарыс түрінде жүргізу.
Мақал-мәтелдер:
1.Ақыл тозбайтын тон,...(Білім таусылмайтын кен).
2.Білімдіге дүние жарық,...(Білімсіздің күні-ғаріп)
3.Білім –арзан,...(Білу –қымбат)
Тақтаға сызбаны іліп қою.Осыны әр оқушы өзінің алдында тұрған ақ параққа жазып, оған осы төрт тарамның(ойын,білім,байлық, еңбек) өмірдегі маңыздылығына қарай түрлі- түсті қарындашпен сызып көрсетуді тапсыру.
Дәптермен жұмыс.
Жұмбақтарда айтылған ойдың мәнін ұғынып, шешуін табуды тапсыру.
6. Топпен ән айту.
7. Үй тапсырма
Мақал-мәтел жаттау
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
- Балалар, мен де сендердің әдепті, қайырымды, сыйлы болып өсетіндеріңе, Отанын қорғайтын, елін, жерін сүйетін азамат болатындарыңа сенімдімін.
«Жас ұландар жыры» үнтаспамен бірге әнді айту . Үнтаспадан баяу музыка ойнатылады.
Мектеп «№14 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ
Мерзімі:
Мұғалім: Жанбабаева Гульнафис Алпысбаевна
Сыныбы: 3б
Оқушылар саны:
Тақырыбы: 4-сабақ. Менің сүйікті ісім
Құндылық: Адами қасиеттер.
Қасиеттер: Еңбек.
Сабақтың мақсаты: Балалардың «еңбек» құндылығы мен еңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту
Сабақтың міндеттері:
- Сүйікті іс туралы түсініктерін қалыптастыру;
- Еңбек ету іскерліктерін дамыту;
- Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ресурстары:
дәйек сөздер, түрлі-түсті суреттер
Сабақтың барысы. Позитивті ойлау.
8. 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседе. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі оә келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шагады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет. Ескерту:
9. 2. Үй тапсырмасын тексеру:
-Білімнің адам өміріндегі маңызы зор екенін түсіндік.
- Білім оқу арқылы жинақталатынын ұғындық.
-Білім арқылы өмірдің ақиқатына көзжеткізесің. Өйткені,білім-ақиқат бастауы.
Сабақты Д.Әлімжановтың өлеңімен аяқтау.
- Мен Дәулеттің сабақты өте жақсы оқып, болашақта заңгер болатынына сенім білдіремін.
- Егер ..... жақсы оқыса, болашақта ғалым болуы мүмкін.
- Мен .... болашақта ел басқаратынына сенемін
3. Дәйексөз (Жағымды ой-пікір )
«Сүйіп істеген іс шаршатпайды» Халық мақалы Плакат
4. Оқиғаларды әңгімелеу.
Сендердің жүздерің қуанғаннан бал-бұл жанып тұр. Сендердің әсем күлкілерің сынып ішін нұрлы шуаққа толтыратыны анық. Сондықтан да бүгінгі сабағымыз қызықты өтеді.
Ө.Тұрманжанов Кел, балалар, күлейік!
Өтебай Тұрманжановтың «Кім немен ойнайды?» атты өлеңін оқып, талдау.
Мәтінмен жұмыс
А.Қайырханованың «Өнерлі балалар» әңгімесін оқыту.
1. Ата-аналар, ұстаздар балаларға не үшін риза болды? Оқулықпен жұмыс
5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Кітаптағы суреттерге қарап, әңгіме құрастыру, өздерінің істері туралы айтып беру тапсырылады.
Ойын-жаттығу
- Қазір сендер, өз сүйікті істерің бойынша әрекеттерді немесе ол туралы екі-үш сөзді жұмбақтап айтып көріңдер. Балалар оның шешімін табуы тиіс.
Мысалы: адамның дене қимылына, қозғалысына қатысы бар. Шешуі: спорт, би;
Өсімдік, білім. Шешуі: өсімдіктер туралы кітап жинайды, оқиды; Адамға пайдалы, қолдан жасалады. Шешуі: тағам пісіру.
- Балалар, бүгінгі сабақта сүйікті іс жайында әңгімілестік. Сүйікті іс адамды көптеген жақсы қасиеттерге баулитынын білдік. Сүйікті іс адамды ұлы мақсаттарға жетелейді. Сондықтан да айналаңды сүйсінтер, өзіңе бақыт сыйлар сүйікті ісің болсын. Ол еңбекпен келеді.
Еңбек етсең Ә.Табылдиев
Еңбек етсең, ертеңгі. Достық іс пен қасты да
Бақытыма сенемін! Жеңеріме сенемін!
Мақсатыма жеткізер Ақыл сана білім мен
Уақытыма сенемін! Өнеріме сенемін!
Жаттығу- ойлану. Үш топ берілген дәйексөз бойынша ойларын білдіреді.
1 топ. «Ерекше іс істесең, ел таңырқайды» Қ.Айнабеков
2 топ. «Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді» Халық мақалы
3 топ. «Әрбір істі жақсы істеу үшін оны жақсы көру қажет»
Дәптермен жұмыс.
Ойын. Қазір сендер, өз сүйікті істерің бойынша әрекеттерді немесе ол туралы екі-үш сөзді жұмбақтап айтып көріңдер. Балалар оның шешімін табуы тиіс. Мысалы: Адамның дене қимылына, қозғалысына қатысы бар. Шешуі: спорт, би. Өсімдік, білім. Шешуі: өсімдіктер туралы кітап жинайды. Адамға пайдалы,қолдан жасалады., шешуі: тағам пісіру.
6. Топпен ән айту.
7. Үй тапсырма
«Менің сүйікті ісіммен шұғылданғанда» айдарымен сұраққа жауап жазып келіңдер.
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. /2 минут отыру/ Үнтаспадан баяу музыка ойнатылады.
Мектеп «№14 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ
Мерзімі:
Мұғалім: Жанбабаева Гульнафис Алпысбаевна
Сыныбы: 3б
Оқушылар саны:
Тақырыбы: 5-сабақ. Қиял арманға жетелейді
Құндылық: Арман қиялға жетелейді.
Қасиеттер: Қиял, арман.
Сабақтың мақсаты: Балаларды жақсы ниетпен армандай білуге баулу
Сабақтың міндеттері:
- қиял,арман туралы түсініктерін кеңейту;
- шығармашылық тұрғыдан қиялдау іскерліктерін дамыту;
- жақсылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Ресурстары:
үнтаспа, оқулық, дәптер, «сиқырлы сақа» (асық), түрлі түсті қарындаштар, ақ парақтар
Сабақтың барысы. Позитивті ойлау.
10. 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседе. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі оә келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шагады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет. Ескерту:
2. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сүйікті іс дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Сендердің сүйікті істерің бар ма?
3. Сүйікті іспен шұғылдану өздеріңе не үшін қажет?
Әрбір адамның ұнататын сүйікті ісі болады. Бірі ән салуды, екіншісі би билеуді, үшіншісі гүл өсірумен шұғылданса, келесісі кітап жинаумен айналысуы мүмкін. Кесте тоқу – біреудің сүйікті ісі болса, қолөнер бұйымдарын жасау – екіншісінің, тағамдар даярлау -үшіншісінің, үй жануарларын күту –төртіншісінің сүйікті ісі болуы да мүмкін. Сол іспен шұғылданғанда адамның бойында ерекше ынта , жігер, қызығушылық, сүйіспеншылык сезімдері артады. Сүйікті ісі адамға қанат бітіріп шығармашылыққа жетелейді.Сүйікті іс үлкен жетістіктерге қол жеткізеді, сондықтан бос уақыттарыңды сүйікті істеріңе арнауға тырысыңдар.
3. Дәйексөз (Жағымды ой-пікір )
Мұғалім тақтаға жазылған «Армансыз адам болмайды» деген халық даналығына балалардың назарын аударады және оның мәніне тереңірек тоқталады:
-Қиял-шексіз, ол адамның әр нәрсені ойлап табуға бейімділігі. Арман-адамның болашақтағы қиялының іске асуы. Жақсы қиял ізгі адами қасиеттерден пайда болады. Мысалы: Отанның тыныштығы, өмірдің қызықты, сәтті, бақытты болуы. Әр адамның қиялы әр түрлі және ол шексіз. Қиял адамның ойын, болашаққа деген көзқарасын өзгертіп, дамытады. Плакат
4. Оқиғаларды әңгімелеу.
Армен мен ақыл
Қ.Мырза Әли
-Шіркін-ай, күйші болсам, Шіркін-ай, биші болсам,
Шіркін-ай, ғалым болсам, Әлемге мәлім болсам,
Бал тамған бармағынан! Шығып бір арманымнан!
Тілдескен даналықпен! Ашқан көп жаңалықпен!

Шіркін-ай, әнші болсам, Шіркін-ай, батыр болсам,
-Көзіңнен күлімдеген, Алдымен Білім деген
Кәдімгі күміс таңдай! Айбатты арыстандай!
Бір ұшқын сезіп пе ең сен?! Бәйгеден озып келсең.
Сабақтың тақырыбын аша түсу үшін әңгімелесу жүргізіледі:
-Ерте-ерте, ертеде адамдар құсқа ұқсап ұшуды, алысты жақын етуді, теңіз, көлдердің үстімен жүруді, отынсыз тамақ пісіруді, су түбіне жүзіп,ондағы тіршілікті білуді қиялдапты. Сол қиялдар бүгінгі таңда адамның білімі, даналығы, талабы, еңбегі арқылы шындыққа айналып отырғанын біз білеміз.
• Адам қиялы іс жүзіне қалай асады деп ойлайсыздар?
• Өздеріңнің армандарың туралы айтып беріңдер.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Мұғалім олардың пікірлерін өз ойымен және дәйексөздің мәнін түсіндірумен түйіндейді.
-Қиял-адамның шексіз ойы. Қиялсыз өмір болмайды. Адам өзінің талабы, еңбегі, білімі арқылы қиялындағы арман-ойларын іс жүзіне асыра алады. Адам қиялының жақсы ниеттен туындауы, оның рухани дүниесінің тазалығына байланысты. Оқулықпен жұмыс
5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Оқушылардың шығармашылық тұрғыдан қиялдарын дамыту мен оларды жақсы өмірге ұмтылдыру мақсатында жаттығу-ойлану ұйымдастырылады.
Мұғалім балаларды үш топқа бөледі. Тапсырмаларды әр топқа бөліп береді.
Сол тапсырмалар бойынша балалар ақ параққа өз ойларын жазады.
1-топ. Менің қиялымдағы болашақтағы адамдар.
2-топ. Менің қиялымдағы болашақтағы оқушылар.
3-топ. Менің қиялымдағы болашақтағы әлем.
Әр топ тапсырманы орындап болған соң жария етеді. Мұғалім олардың ойларын қорытып, қиялдарының шындыққа асуына тілектестігін білдіреді.
Өзіммен өзім
Балаларды адамдарға, айналаңа көмектесу тұрғысынан қиялдауға дағдыландыру мақсатында релаксациялық тәсіл ұйымдастыры-лады.
-Балалар, көз алдарыңа алыс жерді, алыс өмірді елестетіп көріңдер. Ол жерде бәрі басқаша. Адамдар тек қана робот арқылы тіршілік етеді. Көліктер жоқ, оның орнына ұшқыш тәрелкелер бар... Күн қатты суық. Біздің достарымыз Алпамыс пен Ақбота адасып, сол жақта елге келе алмай, қиналып жүр. Данышпан ата бізден көмек сұрап жатыр. Әрқайсысымыз қалай көмектесуді ойлап отырмыз. Көзімізді ашамыз.
Дәптермен жұмыс.
Ыбырай Алтынсариннің «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңін айтады.
6. Топпен ән айту.
7. Үй тапсырма
Әңгімені өз қиялдарыңмен жалғастырып жазыңдар.
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. /2 минут отыру/ Үнтаспадан баяу музыка ойнатылады.

Мектеп «№14 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ
Мерзімі:
Мұғалім: Жанбабаева Гульнафис Алпысбаевна
Сыныбы: 3б
Оқушылар саны:
Тақырыбы: 6-сабақ. Бабалар сөзі – даналық көзі
Құндылық: Даналық, ақылдылықты дамыту.
Қасиеттер: Даналық сөздер.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың «Даналық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Сабақтың міндеттері:
- Даналық, ақылдылық туралы ұғымдарын қалыптастыру;
- Ойлау іскерліктерін дамыту;
- Ата-баба даналығынан өнеге алуға тәрбиелеу. Ресурстары:
Оқулық, дәптер, даналардың суреттері
Сабақтың барысы. Позитивті ойлау.
11. 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседе. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі оә келеді.
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет. Ескерту:
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Әңгімені өз қиялдарыңмен жалғастырып жазыңдар
3. Дәйексөз (Жағымды ой-пікір )
«Әдептілікті данадан үйрен» Плакат
4. Оқиғаларды әңгімелеу.
А.Құнанбаевтің «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқу.
1. Сендер үлкендерден естіген қандай дана сөздерді білесіңдер?
Даналық сөздерден не үйренуге болады?
Даналық дегеніміз – асыл сөздер, қасиетті сөздер, өсиет сөздер, өнегелі сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, нақыл сөздер. Олар бізді әдептілікке, жақсы адам болып өмір сүруге жетелейді. Бұл сөздерді даналар айтқан. Ал дана адам деп айтар ойын нақты да дәл, шұбарламай бір-екі сөзбен жеткізетін ақылды, көпті көрген адамдарды айтамыз. Даналардың айтқан даналығының мәнділігі соншалықты, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Ол сөздер ешқашан ескірмейді, ұмытылмайды, атадан балаға мирас болып қала береді. Өйткені оның болашақ ұрпаққа берер өнегесі мол. Оқулықпен жұмыс
5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Оқулықтағы көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, санамақты оқиды.
Мәтінмен жұмыс. Ә.Табылдиевтің «Ата өсиеті» әңгімесін оқу.
1. Сендер «Талап», «еңбек» деген сөздердің мәнін қалай түсінесіңдер?
2. Терең ой, қанағат, рақым сөздерінің мәнін айтып беріңдерші..
3. «Ақыл-жастан» дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Сендер үлкендерден естіген қандай даналық сөздерді білесіңдер?
Ойын
Оқушыларды даналық сөздерді білуге және өмірде қолдануға дағдыландыру мақсатында «Даналық сөздер» атты ойын ұйымдастырылады.
Қоржыннан қандай әріп шықса, сол әріптен басаталатын мақал айту керек. Мысалы: «Ұ»-әрпі болса – «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», т.б.
Дәптермен жұмыс
Атаның батасы
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, батаны аяқтау.
Керекті сөздер: сабақтан, еңбекке, дәптерің, үлкеннің, кеспе, кітапты.
Екінші тапсырма: дәптердегі берілген өлеңді оқып, мәнін түсініңдер, ұнаса жаттап алыңдар.
- Балалар, енді өзіміз осы даналардың сөздерін өмірден көрген білгендерімізді пайдалана отырып, әрі қарай жалғастырып көрейікші.
1-топ:
- Нені білу парыз?
- Туған жерді сүю парыз,
Сүю үшін білу парыз....
2-топ:
- Дүниеде не қымбат?
- Әлпештеген анам қымбат,
Еркелеткен атам қымбат....
Күтілетін жауаптар:
Отанды қорғау - парыз,
Күзетінде тұру – парыз.
Білім берген ұстаз қымбат,
Ақыл берген досым қымбат.
- Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар, туған жерді, Отанды, туған-туысты, табиғатты сүю – ол біздің парызымыз.
- Балалар, бүгінгі сабақтан түсінгендей ата-бабаның өнегелі, нақыл сөздері бізге тәлім, білім беретіндіктен даналықтың көзі болып табылады. Сондықтан да ол өшпес мұра. Оны оқып, біліп өскен біз әрі жақсы, әрі дана адам болып өсеміз. Қанеки, тағы да бір рет аталар сөзіне құлақ салайықшы.
Н.Айтовтің «Алтын сөз» өлең жолдарымен қорыту.
6. Топпен ән айту.
7. Үй тапсырма
Ө.Ақыпбекұлының «Санамақ» өлеңін жаттау
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. /2 минут отыру/ Үнтаспадан баяу музыка ойнатылады.

Мектеп «№14 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ
Мерзімі:
Мұғалім: Жанбабаева Гульнафис Алпысбаевна
Сыныбы: 3б
Оқушылар саны:
Тақырыбы: 7-сабақ. Бірлігі жарасқан халықпыз
Құндылық: Өзара сыйластық.
Қасиеттер: Бірлік, достық, ынтымақ.
Сабақтың мақсаты: Балалардың «достық», «бірлік», «халық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы, халықтар достығы, жарастығы, бірлігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
- Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру;
- Өз Отанын, туған тілін сүйіп құрметтеуге ынтымаққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу. Ресурстары:
интерактивті тақта, сахналау, оқулық, әр ұлт өкілдерінің суреттері, дәйексөз
Сабақтың барысы. Позитивті ойлау.
12. 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседе. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі оә келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шагады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет. Ескерту:
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Ө.Ақыпбекұлының «Санамақ» өлеңін жаттау
3. Дәйексөз (Жағымды ой-пікір )
«Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады» мақал.
- Біздің Отанымыз Қазақстан елін бүкіл дүние жүзі мойындап отыр. Мұнда тұрып жатқан адамдар бейбіт, бақытты өмір кешуде. Осындай өмірге Қазақстанды мекендеген ұлттардың бірлігі арқылы қол жеткіздік. Плакат
4. Оқиғаларды әңгімелеу.
«Достық» әні
Сөзі: Е. Елубаев
Әні: И. Нүсіпбаев
Өлеңнің мазмұны түсіндіріледі.
Түйіндеме:
- Балалар дұрыс айтасыңдар. Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады, бәрі де бір ұлттың балаларындай барлығы да бір - бірімен тең құқықта қарым - қатынас жасай алады, бірдей, өйткені бәрінің де жүрегі туған өз Отаны Қазақстан деп соғады.
Мәтінмен жұмыс
«Туысқан ел»
- Автор туралы түсінік
- Ақын не себепті әр түрлі ұлт өкілдерін «бірімен - бірі туысқан» деп айтады?
-«Терезесі тең жатыр» деген сөздің мәнін қалай түсінесіңдер?
- Не үшін Қазақстан бақытты ел деп ойлайсыңдар?
Түйіндеу:
- Иә, дұрыс айтасыңдар. Мұндағы әрбір адам қай ұлттың өкілі болмасын біздің елде тұратын барлық ұлттың тіліне, дәстүріне, әдет - ғұрпына сыйластықпен қарайды. Оқулықпен жұмыс
5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Көрініс
Бір қарт өзінің ұлдарына бір бума шабақты сындыруды ұсынған. Ұлдары
олай әуреленіп, былай әуреленіп бір бума шыбықты сындыра алмайды.
Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады.
Шыбықтар оп - оңай сынады. Сонда ақсақал қария: «Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге де ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке – жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады» дейді. Міне, бұл халықтар достығының қаншалықты мықтылығын көрсетеді.
Түйіндеу:
- Біздің Отанымыз Қазақстан елін бүкіл дүние жүзі мойындап отыр. Мұнда тұрып жатқан адамдар бейбіт, бақытты өмір кешуде. Осындай өмірге, Тәуелсіздікке Қазақстанда мекендеген ұлттардың бірлігі арқылы қол жеткіздік.
Сөзжұмбақ «Тәуелсіздік»
Т у
ә н ұ р а н
у ы қ
е с і л
е л т а ң б а
қ А з а қ с т а н
н е м і с
ө з б е к
д о м б ы р а
б і р л і к
Т ә у е л с і з д і к
1. Қазақстанның аспан түстес рәміздерінің бірі
2. Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов, Ш. Қалдаяқов қандай рәміздің авторлары
3. Шаңырақты немен ұстатамыз?
4. Астана қандай өзеннің бойында орналасқан
5. Шаңырақ рәміздеріміздің қайсысында бейнеленген?
6. Біздің Республикамыз?
7. Германияда қандай ұлттар тұрады?
8. Палау қай елдің ұлттық тағамы?
9. Қазақтың ұлттық аспабы
10. Бүгінгі тақырыбымыз не жайлы?
11. 1991 жылы 16 желтоқсаны заңды түрде қандай күн боп жарияланды?
Жаңа ақпарат
«Елде ынтымақ, бірлік болғанда халық жарасымды, бақытты өмір сүреді».
Дәптермен жұмыс. Басқа ұлттардың жақсы әдептері мен әдеттеріне оқушылардың сыйластықты қарым-қатынастарын дамыту.
Өз ұлтыңды таны.
Ойын. Ұлт туралы.
Картаға алақандарын салу.
Қазақстанда көп ұлт тұратынын білдік. Олардың бәрі бір - бірімен дос, жолдас және тату - тәтті өмір сүруде. Олардың әрбірінің жүрегі Отан деп соғады. Ал олардың Отаны - Қазақстан. Осындай халқы бар біздің Отан бақытты.
«Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқтау.
6. Топпен ән айту.
7. Үй тапсырма
Дәптерде берілген ашықхатқа бір ұлттың өздеріңе ұнайтын дәстүрлерін жазып келіңдер.
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. /2 минут отыру/ Үнтаспадан баяу музыка ойнатылады. Тәрбие.орг сайтынан Өзін-өзі тану сабақ жоспары Өзін өзі тану пәнінен презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жанбабаева Гульнафис Алпысбаевна

Алматы қаласы Медеу ауданы №163 мектеп-лицейі бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Өзін өзі тану пәнінен презентациялар
Көрсетілім: 173 | Жүктеулер: 6
Барлық пікірлер: 0
avatar