ЖАНЫМ ТОЛҒАН ЖАҚСЫЛЫҚ

  • Жүктеулер: 9
  • Көрсетілім: 1018
  • Өзін өзі тану пәнінен презентациялар
  • 01/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19848


[color=blue]Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Қызығушылықты ояту:
- Сәлеметсіңдерме, оқушылар! Бүгінгі сабақты мен жүргіземін. Менің аты-жөнім – Алия Нурболатқызы. Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мына өлең жолдарын бірге айтайық.
Арайлап күн шықты,
Арайлап таң атты.
Махаббатым менің де,
Махаббатың сенің де
Бәріңізге, бәрімізге
Жақсылық, қуаныш, бақыт тілейміз!

2. Негізгі бөлім:
Әңгімелесу
Сабақтың тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады:
- Жақсылық жасау деген не?
- Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
- Жақсылық жасау адамның парызы ма?
- Өздеріңің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
Мәтінмен жұмыс.
Жақсылық жасау туралы балаларда түсінік қалыптастыру үшін әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады.
Жан Ана
Енгін Көсеоғлұ
Түрік тілінен аударған С.Дағайқызы

Пікірлесу сұрақтары:
1) Ауылдағылардың жасаған әрекеттеріне көзқарастарың қандай?
2) Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

Дәйексөз
Ертегі мазмұны бойынша туған ойлар дәйексөзбен түйінделеді.
«Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»
Ыбырай Алтынсарин
- Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин аталарың «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан.
Шығармашылық жұмыс:
«Жақсылық тамшысы» шығармашылық жұмыс беріледі.
Оқушыларңа тамшы үлгісіндегі қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін жазып жеткізеді. Мұғалім тақтадағы ақ қағазға тамшыларды ілуді ұсынады. Тамшыны іліп жатқанда әр бала өзгелерге жасаған жақсылықтарын жария етеді.
Мұғалім шығармашылық жұмыс нәтижесін қорытындылайды:
- Балалар, әрқайсыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналды(мұғалім тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін апарып іледі). Яғни, әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.
Тапсырма
Оқушылардың алған білім, біліктерін нақтылау мақсатында тапсырма беріледі. Тапсырма бойынша балалар оқулықта берілген суреттерге қарап, осындай жағдайларда қандай жақсылық жасауға болатынын әңгімелеп айтады.
Жаңа ақпарат
Жақсылық жасау – адам бойындағы асыл қасиет. Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, табиғатқа қамқорлық, қайырымдылық жасау, көмек көрсету. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылықты жасау- биік адамгершіліктің белгісі. Бойында адамгершілік қасиеті бар адам қай уақытта болсын жақсылық жасаудан аянбайды. Адамдардың бір-біріне жақсылық жасауынан достық, жолдастық, сыйластық сияқты ізгі қасиеттер туындайды.
Ойын – жаттығу
Оқушыларды жақсылық жасауға дағдыландыру мен олардың денесін сергіту мақсатында «Ептілік пен жақсылық» атты ойын ұйымдастырылады.
Ең алдымен ұзын жіп дайындалады. Оның екі ұшына жіңішке таяқ байланады. Ортаға екі оқушы шығады да, бір-бірінен алшақ тұрып, жіпті кереді. Әр ойыншы қолындағы таяқшаға жіпті тез-тез орап, әр адым аттаған сайын досының өзіне жасаған жақсылығы туралы айта отырып, алға қарай жылжи береді. Кім ортаға дейін тез орап шықса, сол жеңімпаз деп саналады.

Үй тапсырмасы:
Дәптерде берілген «Жақсылық бастауынан...» тараған тармақтарға мына сұрақтардың жауабын жазыңдар:
1) Айналаңдағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып жүресіңдер?
2) Өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді санамалап жазыңдар;
3) Қандай жағымсыз қылықтардан аулақ болу керек?
Қорытындылау: Сабақ қорытындыланады: -Балалар , сонымен жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, табиғатқа қамқорлық, қайырымдылық жасау, көмек көрсету екен, иә? Балалар, жақсы сөз, жақсы тілек айтудың өзі адамға жақсылық жасау екен.
Рефлексия:
- Ал, балалар осы сабақтан не үйрендік?
- Өздеріңе қандай ой түйдіңдер?
- Кімнің жауабы саған ұнады? Не себепті?
Сабақты аяқтау.
- Сабақ аяқталды, сау болыңдар. Тәрбие.орг сайтынан ЖАНЫМ ТОЛҒАН ЖАҚСЫЛЫҚ Өзін өзі тану пәнінен презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қасенова Кәмилә Ермекқызы

ШҚО Семей қаласы Өзін өзі тану пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar