«1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс»

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 171
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 03/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21490


Пәні: Қазақстан тарихы.
Сыныбы : 8 «Ә».
Сабақтың тақырыбы: «1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс».
Сабақтың мақсаты: Ресей империясының алғашқы жартысындағы орталық саясаты туралы түсінік беру.
Білімділік: Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың мән мағынасын жете түсіндіру, көтерілістің сәтсіздікке ұшырау сбеептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Көтерілістің себептерін, қозғаушы күштерін, мақсатын кесте арқылы түсіндіру, салыстыра білу, өз пікірін дәлелдермен тұжырымдай білу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, кестелер, картамен жұмыс, венн диаграммасы.
Көрнекілігі: карта, слайд, әдістемелік журнал.
Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарын аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: тест арқылы тексеру, сұрақтар.
ІІІ.Жаңа сабақ:
Жоспар :
І. Көтерілістің себептері,мақсаты және қозғаушы күштері.
2. Көтерілістің барысы.
З. Кенесарының хандық билігі.
4.Көтерілістің маңызы және жеңілу себептер Кенесары Қасымұлы-саясатшы, мәмілегер, батыр, ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы, Абылайханның ісін жалғастырушы , ең соңғы хан. Ол патша үкіметінің озбыр саясатын бейбіт жолмен шешуге тырысып, патша үкіметінің Қазақстандағы өкілдеріне бірнеше рет хат жазып, өздеріне қоныстарын қайтаруды сұрайды.
Көтерілістің басталу себептері:
XIX ғ.-дың 20 жылдарында Ұлы жүздің бір бөлігі, Кіші жүздің оңтүстік өңірі Қоқан бектерінің билігінде болды. Хиуа хандығы шекті, табын, төртқара, байұлы руларына қысым көрсетті. Сыр бойына бекініс тұрғызып, қазақ халқының тыныштығын бұзды.
1822 ж.жарғыдан соң, патша үкіметінің қысым, жазалау саясаты күшейді.Қазақ халқын ежелгі мекенінен айырып тонау саясатын жүргізді. Осыған қарсы көтеріліс бастаған Саржан Қасымұлын 1836 ж Қоқан ханы өлтірді. 1822 жылдан бастап, Кенесарының әкесі Қасым өзінің балаларымен бірге Ресейге қарсы күрес жүргізді. Қасым да, Есенгелді де азаттық үшін күрес жолында Ташкент билеушілерінің қолынан қаза тапты. Көтерілістің басты себебі: Қоқандықтардың езгісінен қазақтарды азат ету, Ресейдің озбырлығын тежеу. Кенесары әскерінің жеке отрядтарын басқарған батырлар: Ағыбай, Иман, Жоламан Тіленішұлы, Бұқарбай, Бұғыбай; Аңғал батыр, Жеке батыр, Байсейіт батыр, Сұраншы батыр. Көтеріліске әр түрлі ұлт өкілдері қатысты : орыс, өзбек, қырғыз, қазақ т.б.
Көтерілістің мақсаты: Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру, әрі Ресейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу. Қазақ жерлерін бекіністермен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату;
Көтерілістің басты қозғаушы күші: Қазақ шаруалары. Сонымен қатар егіншілер, старшындар, сұлтандар да атсалысты.
Көтеріліс қамтылған аймақ:
Барлық үш жүзді қамтыды :
Кіші жүзден -шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас.
Ұлы жүзден -үйсін, дулат және т.б. рулар қатысты.
Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс.
Көтерілістің тарихи маңызы: Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді.
Кенесарыға қойылған талаптар:
І. Патша үкіметі белгіленген шектеулі аймаққа ғана көшіп қонуға тиіс болды.
2. Кенесары соғыс қимылдарын толық тоқтатып, Ресейге бағынуға тиіс болды.
З. Кенесарыға қылмыстық істерді қарауға рұқсат берілмеді.
4.Орынбор ведмоствосына қарайтын қазақтардың барлығы Ресей империясына 1 сом 50 тиын түтін салығын төлеп тұруға міндетті болды.
Кенесары хаттары : (Оқушылардың өзіне оқулықтан оқытқызамын).
«Біздің ата-бабамыз,-деп жазды Кенесары, -бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайын, Обаған, Тобыл, Құсмұрын төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күнде басып алып,оған бекіністер орнатып жатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр» бірақ оған патша да, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі.
Орынбор генерал-губернаторына жазған хаттарында: «Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау және басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмір сүре аламын» десе, енді бір хатында патша әкімдерін достық-татулық қатынаста болуға шақырады: «біз достық пен ынтымақтастықта өмір сүрсек, қандай жақсы болар еді»-дейді.
Кенесары патша өкіметімен келісу әрекетінен еш нәтиже шықпағаннан кейін, қару алып күресуге бел байлайды. Бұл туралы патша өкіметіне жазған соңғы хаттарының бірінде: шауып кетті, сондықтан біздер, қазақтар, мұндай қысымға талан-таражға, кісі өлтірушілікке шыдай алмай, лажсыздан басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Бірақ олар сондада тыныштық бермеді. Сол себептіде мен -Кенесары Қасымұлы, қаруланып алып, ұлы күресті бастауға аттандым»-дейді. Ал ағалары мен әкесі өлгеннен кейін 1936 жылдан бастап, көтерілістің басшысы болады.
ІV. Көтерілістің басы : хронолиялық кесте жасау :
Жылдар .Оқиғалар
1837 ж, қараша: Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарына алғаш рет шабуыл жасады.
1838 ж, 26 мамырда: Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді.
1838 ж, күзінен : Қозғалыс Кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленішұлы қосылды.
1841 ж, тамыз: Кенесары қолының Ташкентке жұқпалы аурудың таратылуынан тоқтатылды.
Патша үкіметінің көтеріліске қарсы жүргізген шаралары.
Оқиғалар. Жылдар.
Орынбор-генерал-губернаторы Обручев әскері жіберілді.
Сібірден Сотников тобы аттанды.(1842ж.)
I Николай Старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді. (1842)
Сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы, полковник Герн, Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды. (1843ж.27 маусым)
Көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, сұлтанды мерт қылды. (1843ж)
Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін войсковой старшина Лебедев Орынборға шақырылып, сотқа берілді.(1847ж. 22шілде)
Ырғыз,Торғай өзендері бойында бекіністер салынды (1844-1845ж.ж).
Жылдар.Оқиғалар
1845ж.қазан, қарашадағы: Көтерілісшілер Созақ, Жаңа жүлек, Қорған бекіністерін алды.
1847 ж.сәуірде Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді.
1847 ж. Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты.
Көтерілістің жеңілу себебі:
-Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы.
Руаралық қайшылықтар.
-Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға қаталдық көрсетуі.

V.Сырым мен Кенесары көтерілісінің салыстырмалы сипаты.
«Венн диаграмма»
Деңгейлік тапсырма (таратып беру)
VІ.Бекіту сұрақтары:
І. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің басты себептері неде?
2. Кенесарының Қоқан,Бұқар хандықтарымен байланысы қандай болды?
З. Кенесары хандығының 4 құрылымы мен ХVІ-ХVІІ ғ.қазақ хандығын салыстырыңдар?
VІІ.Үйге тапсырама: 10.Оқу, түсінік беру, Кенесары Қасымұлымен байланысты қосымша мәліметтер оқып келу, «Тәуелсіздік-тірегім» эссе жазып келу.
1802 жылы -Кенесары Қасымұлы дүниеге келді.
1837 жылы-Кенесары Қасымұлы Ақтау бекінісіне шабуыл жасады
1838 жылы көктем-Көтерілісшілердің патша жазалаушы қолдарымен қақтығыстар жиіледі.
1838 жылы мамыр -Кенесары жасағы Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді.
1841 жылы тамыз-Кенесары қолы Ташкентке аттанды.
1842 жылы -В.А.Первскийдің Орынбор өлкесіне генерал губернатор болып тағайындалған В.А.Обручев қарулы қолмен көтерілісті жаншуды ойлады.
1843 жылы маусым- І Николай патша войсковой Лебедов бастаған 300 казак отряды көтерілісті басуға жіберілді.
1844 жылы шілде -Кенесары әскерінің шабуылы 20-нан 21 не қарарған күні жеңіспен аяқталды.
1845 жылы сәуір-Кенесарының ауылына Долговтан кейін штаб поручигі Герннің елшілігі келді.
1847 жылы -Кенесары Қырғыз жеріне басып кірді. Тәрбие.орг сайтынан «1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс» Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қанатова Венера

ОҚО Ордабасы ауданы "Ынтымақ" жалпы орта мектебі тарих пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar