1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар.

  • Жүктеулер: 20
  • Көрсетілім: 1891
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 15/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 17964


Сабақтың тақырыбы:1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: XIXғ.1867-68 ж.ж патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген әкімшілік реформаларының мәнімен мақсаты және өзгерістер барысы туралы мағлұмат беру;
б) дамытушылығы: XIXғ. бойында Қазақстанда жүргізілген реформалардың бір-бірімен байланысын, ерекшеліктерін айыра білу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;
в) тәрбиелігі: Реформалардың отаршылдық мазмұнын айта отырып, оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: СТО, Блум таксономиясы
Керекті құралдар: Қазақстанның саяси картасы, интерактивті тақта, сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, түгендеу;
ә) оқу құралдарын тексеру;
б) бала зейінін шоғырландыру.
ІІ. Білу
а) ой шақыру; « Болыс болдым мінекей ... » өлеңі.
Империя,Отар, Жарғы, Реформа сөздеріне тоқталу, анықтама беру
Сабақ барысында:
Реформаның мазмұны, мәні.
Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы жарғылар жаңа капиталистік қатынастар дами бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.
Патша үкіметі 1867-1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді.
Реформа жүргізудің негізгі мақсаты:
Сұлтандар тобын өкімет билігінен біржола ығыстырып, жалпыимпериялық басқару тәртібін енгізу еді.
ІІІ. Түсіну
а) Тірек сызба арқылы өткен сабақты еске түсіру; І топ



ІІ топ
Бутков басқарған комиссия бүкіл қазақ даласын
екі облысқа бөлді

Батыс Шығыс
(орталығы Торғай) орталығы Сергиополь немесе Қарқаралы )
Қазақ өлкесін басқару жөніндегі реформа жобасын дайындағандар

ІІІ топ
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша
Қазақ жерлерінің біріктірілуі
Түркістан генерал-губернаторлығы Орынбор генерал-губернаторлығы Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы

Орал Торғай
Жетісу Сырдария
Ақмола Семей

ІҮ. Қолдану
Картамен жұмыс
1-топ:
Түркістан генерал-губернаторлығына кірген облыстарды көрсету
2-топ:
Орынбор генерал-губернаторлығына кірген облыстарды көрсету
3-топ:
Батыс-Сібір генерал-губернаторлығынакірген облыстардыкөрсету
1-топ Бес саталы басқару жүйесі. (оқушылар басқару жүйесінің реттілігі мен басқарушысын жазады)
Генерал –губернаторлық
(басқарушысы – генерал-губернатор)
Облыстар
(басқарушысы –әскери-губернатор, атаман)
Уездер
( басқарушысы- уезд бастықтары)
Болыстар
( басқарушысы- болыс сұлтаны, 1-2 мың, кейде 3 мың шаңырақ)
Ауылдар
(басқарушысы – ауыл старшыны, 100-200 шаңырақ)


Тұжырымдау. ІІ топ
1867 – 1868 жылдардағы реформа бойынша құрылған сот жүйесі

Уездік сот Әскери сот

Қазылар соты Билер соты

Облыстық басқармалар

Шаруашылық Жарлықты жүзеге асыру Сот істері

Генерал- губернаторлар тағайындап отырған уезд бастықтарына көмекші екі кісінің біреуі жергілікті халық өкілдерінен алынды.
3-топ Салыстыру
1822--1824жж.реформа 1867-1868 жж.реформа

V. Талдау
1. Реформаны әзірлеуде бұқараның талап - тілегі ескерілмеді. Мәселен, ғалымШ. Уәлиханов Қазақстанда халықтың өзін - өзі басқару негізінде әкімшілік басқару жүйесін енгізуді ұсынған болатын. Оның «Сот реформасы туралы» деген хатында әлеуметтік - экономикалық жаңалықтар енгізу керек деп есептеді.
2. Жалпы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы реформалардың болмысы туралы, қорыта айтқанда, мынадай түйін жасауға болады. Патша үкіметі Қазақстанға енгізген әкімшілік реформалары негізінде оның саяси дербестігін толығымен жойып, қазақ жерінде империя құрамындағы әкімшілік басқару жүйесін орнатты.

1. Реформаның жағымсыз жақтары:
1. Қоғамның қайшылықтарын шеше алмады;
2. Реформа арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды;
3. Халықты бағынышты жағдайда ұстайтын,үстем таптың саясатын бұлжытпай орындайтын әскери әміршілер Қазақстанда да өз күшіне енді;
4. Реформалар Қазақстанды Ресейге қосып алу үрдісінің толық аяқталғанын көрсетті;
5. Қазақстанның кең байтақ жері Ресейдің мемлекеттік меншігіне өтті;
6. Патша үкіметі енді қазақтардың құнарлы жерлерін кез-келген сылтаумен тартып ала беретін болды;
7. Қазақтарға болыс және ауыл старшыны деген ең төменгі дәрежедегі қызметтер ғана тиді;
8. Патша өкіметінің Қазақстанның табиғи бай ресурстарын оңды-солды емін-еркін пайдалануы бұл өлкені Ресей экономикасының қосалқы арзан шикізат көзіне айналдырды.
Реформаның жағымды жақтары:
- Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында белді орын алды;
- Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты;
- Әлеуметтік,шаруашылық өмірге капиталистік құбылыстар ене бастады;
- Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың да күнделікті өмірі өзгеріске түсті;
- Кедейленген қазақтардың қалаларға,алғашқы өндіріс орындарына шоғырлануы.
VI. Жинақтау: Семантикалық карта толтыру.

Реформалар Шаңырақ салығы Облыс округ ауыл 3 сатылы басқару 2 генерал -губернаторлық 5 сатылы басқару уезд Дистанциялық басқару Хандық билікті жою
1822-1824 + + + + + +
1867-1868 + + + + + + +

VΙI Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Қосымша құжаттармен танысу.
VIII. Бағалау . Әр топқа парақшалар таратылады. Критерий бойынша бағаланады. Тәрбие.орг сайтынан 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар. Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алибаев Нұрғазы

ОҚО Түлкібас ауданы Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar