1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 802
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 04/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22480


Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың отаршылдыққа, имперализмге қарсы сипатын түсіндіріп, қозғалыстың ең ірі орталықтарындағы барысы, басшыларын, жеңілу себептерін және тарихи маңызын ұғындыру.
Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау арқылы тарихи оқиғаны өз көзқарасы бойынша дәлелдеуге, талқылауға үйрету, бейнелі жадысын дамыту.
Тәрбиелік: ұлт-азаттық көтеріліс басшылары арқылы оқушылардың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру, Отанды сүюге, қорғауға, елжандылыққа, батырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, топтық жұмыс, ойталқы, кесте-сызбалар толтыру, салыстыру, венн диаграммасы.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, плакат, кітап көрмесі, суреттер.
Пәнаралық байланыс: Дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. Тест арқылы тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты оқып-үйрену кезеңі.
Жоспары:
1. Қозғалыстың Жетісудағы орталығы
2. Торғайдағы көтеріліс
3. Қозғалыстың қорытындылары, жеңілу себептері және тарихи маңызы. ( Сабақ 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың 2-ші сағаты, сондықтан оқушыларды 3 топқа бөліп,оқып-үйрену жұмысы жүргізіледі)
Қызығушылықты арттыру, жадыны жаңғырту
- Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы патша өкіметінің өлкедегі отаршылдық саясаты қандай?
- Қозғалыстың басталуына себепші болған факторларды атаңдар?
- Қозғалыстың негізгі себебеі неде?
Қазақ халқы ерте заманнан бергі дәуірде халқымыздың елдігін,ерлігін сынайтын үш кезеңді басынын кешірді.Оның біріншісі жаңа өмірге келгенде қолына қан уыстап туған Шыңғысхан шапқыншылығы болса,екіншісі елді еңіретіп «Ақтабан шұбырынды»еткен жоңғар шапқыншылығы, үшіншісі ең талмауытты-талмалы тұсы 1916 жылғы Ұлт-азаттық
көтеріліс.Тарих қазақ халқының шаңырағын үш рет шайқалтты. Олар «Ойран заман», «Зар заман»,«Қилы заман».Міне,біздің бүгінгі тақырыбымыз осы қилы замандағы ірі тарихи оқиғалардың бірі.
Оқушылар осы көтерілістің басшыларының бірі- Амангелді Иманов туралы білесіңдер ме?
Бұл кісілердің ерлігін ұрпақтар сабақтастығы деуімізге болады.
Ұрпақтар сабақтастығы. Атасы Иман батыр- Кенесары бастаған отаршылдыққа қарсы күреске қатысқан, өзі Амангелді Иманов – 1916 жылғы көтеріліс басшысы, баласы Рамазан Амангелдиев-Ұлы Отан соғысында Мәскеу шайқасына қатысып, Серпухов түбіндегі Воронино қыстағындағы шайқаста 13 фашистің көзін құртып, өзі де қаза тапқан. Міне, үш ұрпақ өкілдері Отан үшін от кешті. Біз-бүгінгі ұрпақ ата-бабаларымыздың ерлік дәстүрін жалағастырушы болуымыз керек.
Мағынаны тану-мәтінмен жұмыс.
1 топ оқушыларына-Жетісудағы көтеріліс.
2 топ оқушыларына- Торғайдағы көтеріліс
3 топ оқушыларына көтерілістің жеңілу себептері, қорытындылары беріледі. ( Оқушыларға тапсырманы оқулықтан оқып, тезистеп, қорғауға дайындалу тапсырылады және әр топқа тақырыптан ауытқымас үшін жаднама беріледі)

Жаднама 1 және 2- топқа
-Қозғалыстың басшылары, қамтығын аймақтары, ұйымдастыру мәселелері, көтерілістің болған жерлері, қатынасқан адам саны, шайқастың барысы, патша әкімшілігінің саясаты, көтерілістің салдары.
Жаднама 3-топқа
-Қозғалыстың сипаты, ұлтаралық қатыныс, көтерілістің жеңілу себебі, көтеріліс басшыларының тағдыры, жазалауы, қозғалыстың тарихи маңызы.
(Топ берілген тапсырманы қорғайды)
Ойтолғаныс. Тапсырмалар орындау.
1 тапсырма. Семантикалық карта толтыру.

қ\с

Бұл сөздерді кім айтқан?
А Байтұрсынов Ә Бөкейханов Т Рысқұлов М Дулатов
1 «1988 ж кейінгі қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды» +
2 «Жұрт сендей соғылды, түнде ұйқыдан күндіз күлкіден айырылды» +
3 «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» +
4 «Тыңдаңыздар,қан төкпеңіздер,қарсыласпаңыздар» + + +
5 «Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де келешекке қандай ел екенін білдірді» +
6 «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін-сорлы халық болар» +

2 тапсырма. Торғайдағы көтеріліс пен Жетісудағы көтерілісті салыстыру.
Венн диаграммасы

Болған жері: Торғай Болған жері: Жетісу
Басшылары: Ә Жанбосынов Мақсаты: патша өкіметінің отаршылд. Басшылары: Т Бокин, Б Әшекеев
А Иманов қарсы күрес. Көтерілісшілер саны: 102 болыстың
Котерілісшілер саны: 20 мыңға Сипаты: Ұлт азаттық барлық ер азаматтары.
дейін жетті. Себебі: ұлттық және әлеуметтік езгінің Шайқас өткен жер: Тоқмақ,Жаркент ,
Шайқас болған жерлер: Торғай күшейуі Жайымтал болысы
Қаласы, Доғал үрпек.
Салдары: патша өкіметі аяусыз Негізгі факторы: патшаның қара Салдары: Түркістан өлкесінен 347 ад
кек алды,3000 жуық адам жұмысқа жігіт алу жарлығы атылды,168 адам жер аударылды, 238 жазаланды Қозғаушы күші: халық бұқарасы мың адам Қытайға жер аударылды.
Нәтижесі: жеңілді

3-ші тапсырма. Көтерілістің жеңілу себептерін сызбаға толтыру.
Көтерілістің жеңілу себептері

Бытыраңқылық, ұйымшылдықтың жетіспеуі

Қару- жарақтарының тең болмауы , бай-феодалдардың сатқындық жасауы

Патша үкіметінің қолға түскен көтеріліс басшыларын тез, шұғыл жазалауы
4 тапсырма. Сөйлемдерді толықтыр

Амангелдінің серігі, атақты мерген --------------------------------
1916ж тамызда 5 мыңнан астам көтерілісші жазалу отрядын талқандап, -------------------- жәрменкесін басып алды. Орал мен Бөкей Ордасына ----------------------------- басшылық етті. Торғай даласында көтерілісшілер соңғы шайқасын ------------------------- ауданында өткізді. Көтерілістің ең ірі ошақтары ------------------------- қалалары болды. Қозғалыстың басты күші -------------- бұқарасы болатын.
1916 ж көтерілісте қара жұмыстан ------------------------------------------ босатылды.

Патша үкіметінің Жетісу көтеріліс басшысы Б Әшекеевті Боралдай асуында жұрт алдында дарға асады
Ақтық сөзі. Үшінші сөзге салдың осыменен
Өлтіргелі жатырсың шошып менен.
Сен итке қысқа жауап қылмадым ба?
Қайта-қайта сұрайсың шошып менен
Рас, мен соғысуға шықпақ болдым
Басыңды жер астына тықпақ болдым,
Рас десең, рас сөз мен айтайын,
Ақ патшаның тұқымын құртпақ болдым

1916ж Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде жазылған ақын-жазушылардың еңбектері мен таныстыру.
С.Мұқанов «Ботагөз» М.Әуезовтың «Қилы заман», Ж Аймауытовтың «Қартқожа»,С Сейфуллинның «Тар жол,тайғақ кешу»,романдары және Ж Жабаевтың «Зілді бұйрық»өлеңі.
5 тапсырма
Қорытынды. Инсерт әдісі.

Нені білем? Нені білдім? Нені білгім келеді?





Бағалау.
Үйге тапсырма:
1. Отаршылдық езгіге қарсы күрескен ұлт-азаттық күрес басшыларының тарихтағы орны.
2. С.Мұқанов «Ботагөз» М.Әуезовтың «Қилы заман», Ж Аймауытовтың «Қартқожа»,С Сейфуллинның «Тар жол,тайғақ кешу» романдарын оқу.

Сабақ аяқталды.


Қарасу орта жалпы білім беретін орта мектебі




Тақырыбы:



11 сынып
(Ашық сабақ)

Өткізген: А Утегалиева Тәрбие.орг сайтынан 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Утегалиева Асел Бактыгалиевна

Пікірлер: 0

avatar