1916 жылғы Ұлт - азаттық қозғалыс

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 741
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 14/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18628


Бекітемін:
Күні:
Сыныбы: 9 «а»
Пәні: Қазақстан тарихы
Пән мұғалімі: Бақытжанов Мақсұт Бақытжанұлы
Мектеп: № 124
Сабақтың аты
1916 жылғы Ұлт - азаттық қозғалыс
Сілтеме
«МАН» III-деңгей
www.cpm.kz
Қазақстан тарихы
9 сынып.
Жалпы мақсаты
1. 1916 жылғы Ұлт- азаттық қозғалыс жөнінде ақпарат беру;
2. Көтерілістің себептері мен басталуы туралы түсіну;
3. Бірлесіп топтасып, жұмыс жасауға тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже
1. 1916 жылғы Ұлт- азаттық қозғалыс жөнінде білетін болады;

2. Көтерілістің себептері мен басталуы туралы түсінеді;
3. Бірлесіп топтасып, жұмыс жасауға үйренеді;

Негізгі идеялар
1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жұмыстарға алынатындардың тізімін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі билік иелері ұшырады. Іс жүзінде тізімдер жасау жүйесі жаппай парақорлық пен бұрмалаушылыққа жол ашқан болатын. Оның үстіне патшалық өкімет орындары лауазымды адамдарды, болыстарды, село және ауыл басқарушыларын, байырғы тұрғындардан шыққан төменгі шенді полицейлерді, имамдарды, молдалар мен мүдәристерді, ұсақ кредит мекемелеріндегі есепшілермен бухгалтерлерді, жоғарғы және орта оқу орындарындағы оқушыларды, үкіметтік мекемелердің шенеуніктерін, дворян және құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын адамдарды әскерге алудан босатты.
Тапсырмалар
Топтық жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар
Жұптық жұмыс «Пилот – штурман»
Тапсырмалар
Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады) І.Ұйымдастыру
1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.2. Топқа бөлу (Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин, Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов есімдері жазылған қима қағаздар арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді ) ( 2 минут)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (Бірінші дүниежүзілік соғыс тақырыбы бойынша сұрақтар тізбегін беру) (5 минут)
«Ия немесе жоқ» ойыны (ауызша тест)
1. Бірінші дүниежүзілік соғыс 1916 жылы басталды ма? Жоқ (1914ж)
2. Соғыстың басталуына Франц Фердинандтың өлтірілуі сылтау болды ма? (Ия)
3. Бірінші дүниежүзілік соғыс Үштік одақпен Антанта арасында болды ма? (Ия)
4. Түркия бұл соғыста Антанта жағында болды ма? (Жоқ)
5. Түркияның Үштік одақ жағына шығуы және Дарданелл бұғазын жабуы Ресейдің экономикасын дағдарысқа түсірді ме? (Ия)
6. Қазақтар майданға қымбат бағамен ет, нан, киіз үй, малды сатып отырды ма? (Жоқ)
ІІІ. Жаңа тақырыпты ашу үшін сұрақтар беріледі. (3 минут)
1. 1916 жылы 25-маусымда патша жарлығы бойынша, қара жұмысқа 19-43 жас аралығандағы ер адамдар алынды. Нәтижесі не болды?
ІV. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы, жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
( Әр топқа оқулықтан тақырыпшалар беріледі) 1-топ Бекболат Әшекеев. 2-топ Тоқаш Бокин. 3-топ Жәмеңке Мәмбетов. 4-топ Ұзақ Саурықов
Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері
Көш
басшы
Хатшы
Баяндамашы
Уақыт сақшысы
1
Тақырыптың ашылуына үлес қосу




2
Міндетін атқару




3
Топтық жұмысқа атсалысуы




Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
V. Жұптық жұмыс «Пилот – штурман» (7 минут)
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)
«Тұлғаны таны» суреттер тізбегіне сипаттама жасайды. 1-топ Бекболат Әшекеев. 2-топ Тоқаш Бокин. 3-топ Жәмеңке Мәмбетов. 4-топ Ұзақ Саурықов
Штурман мен Пилот мұғалім тапсырмасын естерінде қалғанын жеке-жеке қағаз бетіне түсіреді, сосын мұғалім жауап үлгісін ұсынады, жұптар бір-бірінің қателерін түзеп талқылайды.
VI. Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырма» (10 минут)
№1. Дұрыс жауаптарды сәйкестендіріңіз.
Бекболат Әшекеев
Бөкей даласындағы көтеріліс жетекшілердің бірі
Сейітқали Меңдешев
Верный уезі, Жайымтал болысынан хан болып сайланды
Әліби Жангелдин
Торғай облысындағы көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі
Амангелді Иманов
Жетісу облысындағы көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі
Жәмеңке Мәмбетов
Торғай өңіріндегі бас сардар


№2. Хронологиялық кестені рет-ретімен сәйкестендіріңіз:

1907-1912 жылдары
45 млн. десятина ең құнарлы жерлер қоныс аударушыларға жергілікті тұрғындардан тартып алынды
1917 жылы
Еуропалық бөліктерінен 2 млн 400 мың адамды қоныстандырды.
1916 жылы 25 маусым
300 мыңнан астам қазақтар мен қырғыздар туған жерін тастап, Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды
1916 жылы
Түркістан генерал-губернаторы А. Куропаткин құпия бұйрығымен билеуші топтардың балалары қара жұмыстан босатылды
1916 жылы 23 тамыз
Бұратана халықтан 19-дан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық ер адамдарды қара жұмысқа алу туралы патша жарлығы

№3. Кестедегі дұрыс жауаптарды сәйкестендіріңіз:
Ресей империясы
Демократиялық қозғалыс қайта өрледі
Орталық губерниялардан
Ресейдің шет аймақтарына зор апат әкеліп, бас көтерулерге себепші болды
Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов
Түркістан мен Қазақстанда патша өкіметі бүлік шығарған байырғы халық бұқарасын жазалады
1914 жылы
Қазақ өлкесіндегі отаршылдық саясатын қазақтарды жерден ығыстыру арқылы жүргізді
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Шыққан жұмысшыларды жинау туралы бұйрық шығарды
1916 жылы
Қоныс аударған шаруалар Семей, Ақмола, Жетісу облыстарына қоныстанды
Бұратана халықтан
Ресейді қамтыған жалпы ұлттық дағдарыстың бір көрінісі болды
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын әшкерелеуде белгілі рөл атқарды

VII. Кері байланыс ( Маған ұнады, қиын болды.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар
1916 жылғы Ұлт - азаттық қозғалыс тақырыбын оқу
Кейінгі оқу
1917 жылғы революциялар аралығындағы Қазақстан тақырыбын оқып келу Тәрбие.орг сайтынан 1916 жылғы Ұлт - азаттық қозғалыс Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бақытжанов Мақсұт Бақытжанұлы

Пікірлер: 0

avatar