Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
§ 21. Ауыл шаруашылығының дамуы. Тың игеру.
  • 11.05.2016
  • 582 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18979

Бекітемін:
Пәні: Қазақстан тарихы
Күні:
Сыныбы: 9 «а»
Сабақтың тақырыбы: § 21. Ауыл шаруашылығының дамуы. Тың игеру.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік
Жаңаша оқыту технологияларын қолдану арқылы оқу материалын игеруге оқушының іс-әрекетін қалыптастыру арқылы білім беру. Яғни ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайы, тың игеруге жаппай кірісуі, тыңның алғашқы табыстары, тың игерудің нәтижелері, мал шаруашылығының жайы.
ә)дамытушылық
Шығармашылық қабілетті дамыту, алған білімді талдау, әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, өз бетінше іздену, зерттеу және фактілер мен құбылыстарға баға беру арқылы ой-өрісін дамыту.
б)тәрбиелік
Оқушыларды еңбекқорлыққа, татулыққа, өз бетімен ойлау логикасына үйрету, талдауға, бағалауға үйрету. Оқушыларды тазалыққа, өзін-өзі күтуге, жат қылықтан аулақ болуға, халқымыздың әдет-ғұрпын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың типі: Білім, икем-дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой-қозғау, салыстыру, топтау.
Сабақтың технологиясы: Сто
Пәнаралық байланыс: География, математика, биология
Пайдаланатын әдебиеттер: Интерактивті тақта

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2. Сыныптың тазалығын тексеру.
3.Түгендеп, журналға белгілеу.
4.Оқу-құралдарын түгел алдыру.
5.Зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
«Цифрлы табло»
1 3 7 10 5
4 6 8 9 2
1.1940 жылы Қазақстанда қанша жұмысшы, қанша шаруа болған?
2.Қай жылы әлеуметтік қамсыздандыруға арналған қаржының көлемі артты?
3.1960 жылы жұмысшылар мен шаруалардың саны қаншаға жетті?
4.Өндіріс техникасы қай жылы дами бастады?
5.Шымкент пресс автоматтары зауыты қанша машина жасап шығарды?
6.Қай жылы азық түліктерді карточкамен өлшеп беру жойылды?
7.Қай жылы ақша реформасын жүргізуге мәжбүр өтті?
8.1950 жылы ұжымшар мүшелері айына неше сом жалақы алды?
9.Қай жылдан бастап қалаларда пәтерлерге газ беріле бастады?
10.1950-1965 жылы аурухана саны қанша болды?
ІІІ Бағалау.

IV Жаңа сабақты түсіндіру.
§ 21. Ауыл шаруашылығының дамуы. Тың игеру.

V Жаңа сабақтың мазмұны.
Соғыстан кейінгі алғашқы жылдар ауыл шаруашылығы үшін ауыр болды.
Ол жылдары Қазақстанның егіншілік мәдениеті мейлінше төмен болды. Ауыл шаруашылығы техникасының жетіспеуінен, КСРО-ның өзге өңірлеріндегідей, егіске күш малын пайдалану 1960 жылдарға шейін орын алып келді. Ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыруды өрескел келеңсіздіктерге жол берілді. Ұжымшарлар мен кеңшарларды билеп тұрған сауаты төмен, әпербақан басшылардың қоғамдық әрекетінің оңды нәтижелерге бастауы мүмкін де емес еді.
Жағдайды жақсартуға бағытталған шаралар да жүргізілмей қойған жоқ. Ауыл шаруашылығы өндірісін өркендету жөнінде бағдарлама белгіленіп, шаруашылыққа басшылықты жақсарту міндеті қойылды. 1949 жылы мал шаруашылығын дамыту жоспары қабылданды. Әкімшілік-шаруашылық қызметкерлері едәуір қысқартылды. Ауыл шаруашылығына маман кадрлар дайындау ісі жолға қойыла бастады. 1953 жылдың соңында тың игеруге қатысты мәселелер Одақ деңгейінде қызу талқыланып жатты. Жарамды жерлері мол Оралмен, Сібірмен қатар Қазақстан да аталып жүрді. «Жерді жаппай жыртып тастау дәстүрлі мал шаруашылығын дамытуға зиян келтіреді» деп санаған республика партия ұйымының басшылары орнынан алынды.
Орталықтың нұсқауы бойынша Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып П.К.Пономаренко сайланды, ал оның орынбасарлығына, біраз уақыттан кейін бірінші хатшының өзі болып сайланған Л.И.Брежнев отырғызылды.
VI Сабақты бекіту.
1. Сәйкестігін тап
1.Тың жерлерді игеру. 640 мың.
2.Алғашқы екі жылда келген адам 1954 жыл
3.1946-1950 ж алынған өнім 6,5 млн га
4.Жыртылған жер көлемі 5-6 ц
5.Астықтың жалпы түсімінің мөлшері 16 млн. т.
6.1956ж алынған өнім 7650 мың т.
7.Қазақстанға қоныс аударған адам 200 мың
8.Қытайдағы қазақтардың оралуы 2 млн
9.1965 жылы мал басы 2 млн 787 мың
10.Ұлт өкілдерінің саны 39 млн

2.Гумус – сапалық жағы емес санына қарай ұлғаю
Экстенсивті – жердің құнарлы қарашірік қабаты
Интенсивті – сан жағынан емес, сапасына қарай даму.

VII Хронологиялық сөзжұмбақ.
1.Қазақстан Коммунистік большевиктер партиясының IV сьезі болып өтті.
2.Қазақстан кәсіподақтарының республикалық І конференциясы болды
3. «Звезда» , «Ленинград» журналдарының қаулысы қашан шықты?
4.Ермұхан Бекмахановтың «Қазақ КСР тарихы» еңбегі қай жылы шықты?
5.Дарынды тарихшы Ермұхан Бекмаханов қай жылы ақталып шықты?
6.Қай жылдардан бастап жазалау әдістері өзгерді?
7.Қай жылдары электр станциялары мен оның жүйелері бір орталықтан басқарыла бастады?
8.Қай жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы жемісін берді?
9.Республикада химия өнеркәсібі қай жылы дамыды?
10.Азық-түлік өнімдерін карточкамен өлшеп беру жойылды?

1 9 4 9
1 9 4 8
1 9 4 6
1 9 4 3
1 9 5 4
1 9 5 0
1 9 5 0
1 9 4 7
1 9 6 0
1 9 4 7
VIII Қорытынды.
2 топ арасында дебат.
Тың игерудің нәтижелері

Жағымды жақтары , жағымсыз жақтары,
яғни пайдасы яғни салдары

ІХ Бағалау.
Х Үй тапсырмасы.
§ 21 оқып , мазмұндап келу.
Реферат жазу. Тәрбие.орг сайтынан § 21. Ауыл шаруашылығының дамуы. Тың игеру. Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бақытжанов Мақсұт Бақытжанұлы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Ақарық ауылы №124 орта мектебі Тарих және география пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тарихтан ашық сабақтар
Көрсетілім: 582 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar