§ 25. Ежелгі Македония

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 528
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 04/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18921


Сыныбы: 6 «б»
Пәні: Ежелгі дүние тарихы
Мұғалім: Бақытжанов Мақсұт
Мектеп: №124
Сабақтың аты § 25. Ежелгі Македония
Жалпы мақсаты 1.Ежелгі Македонияның табиғат мен халқы жөнінде ақпарат беру;
2. ІІ Филиптің ішкі және сыртқы саясаты туралы түсіну;
3. Бірлесіп топтасып, жұмыс жасауға тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже 1.Ежелгі Македонияның табиғат мен халқы жөнінде білетін болады;
2. ІІ Филиптің ішкі және сыртқы саясаты туралы түсінеді;
3. Бірлесіп топтасып, жұмыс жасауға үйренеді;
Негізгі идеялар Македония Грекияның солтүстігінде-Балқан түбегінде орналасқан. Оның солтүстік-шығыс бөлігі биік таулармен қоршалған, ал оңтүстік-батыс бөлігі жазық болып келеді. Македония таулары Балқан түбегінің солтүстік бөлігіндегі ең биік тау сілемін құрайды. Ежелгі дүниеде Македония көп уақыт Грекиядан оқшау тұрған. Оның жазық жері ауыл шаруашылығына өте қолайлы болды. Македония жерінде өмір сүрген тайпалар-гректер емес еді. Олар фракиялық тектен шыққандар болып есептелді. Македондықтардың бойы ұзын, аса қайратты болып келетін.
Тапсырмалар Топтық жұмыс «Жигсо» . Мәтінмен жұмыс
Тапсырмалар Жұптық жұмыс. «Пилот - штурман» әдісі
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау» 1-тапсырма. 2-тапсырма. 3-тапсырма
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады) І.Ұйымдастыру
1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.2. Топқа бөлу (Македония. Грекия. Кіші Азия елдері жазылған қима қағаздар арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді ) ( 2 минут)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (§ 24. Ежелгі Грек өнері тақырыбы бойынша сұрақтар тізбегін беру) (5 минут) «Кім тез, кім жылдам» ойыны арқылы (сұрақ-жауап)
1. Ежелгі Грекиядағы мерекелер кімнің құрметіне тойланып отырған?
2. Неліктен Грекияны «театр отаны» дейміз?
3. Миф дегеніміз не?
4. Грекияның қандай мифтерін білесіңдер?
5. Ежелгі Грекиядағы ірі-ірі, әсем де сәулетті құрылыстарды атаңдар?
6. Ежелгі Грекиядағы атақты мүсінші кім? Оның қандай мүсіндері болған?
ІІІ. Жаңа тақырыпты ашу үшін сұрақтар беріледі. (3 минут)
§ 25. Ежелгі Македония
Қазақ тілі пәнімен байланыс. Мына берілген сандарды әліпби ретімен тауып, жаңа сабақтың тақырыбын шығарыңдар. 17. 1. 14. 8. 7. 20. 18. 12. 42.
М. А. К. Е. Д. О. Н. И. Я.

ІV. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы, жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
( Әр топқа оқулықтан тақырыпшалар беріледі) І топқа. Табиғат жағдайы мен халқы.
ІІ Филиптің ішкі және сыртқы саясаты. (Сурет салу) ІІ топқа. Александр Македонскийдің Кіші Азияға жорығы. (Сурет салу) ІІІ топқа. Парсы патшасын жеңу. Александрдың жастық шағы (Ассосация)

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.Топ пікірлерін тыңдау.
Бағалау. Екі жұлдыз. Бір ұсыныс

V. Жұптық жұмыс «Пилот - штурман»
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы) (7 минут)
І топ. ІІ Филиптің реформалары
ІІ топ. Александрдың жастық шағы
ІІІ топ. Александрия маягы (қысқаша сипаттама беру) Жұптар бірін-бірі бағалау.

VI. Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырма» (10 минут)
1-тапсырма. Ежелгі македондықтар туралы оқулық материалын пайдалана отырып, кестені толтыр.
Мекендеген жері Македондықтардың түр -сипаты Негізгі шаруашылығы
Македония Грекияның солтүстігінде-Балқан түбегінде орналасқан. Оның солтүстік-шығыс бөлігі биік таулармен қоршалған, ал оңтүстік-батыс бөлігі жазық болып келеді. Македония таулары Балқан түбегінің солтүстік бөлігіндегі ең биік тау сілемін құрайды. Ежелгі дүниеде Македония көп уақыт Грекиядан оқшау тұрған. Оның жазық жері ауыл шаруашылығына өте қолайлы болды.

Македония жерінде өмір сүрген тайпалар-гректер емес еді. Олар фракиялық тектен шыққандар болып есептелді. Македондықтардың бойы ұзын, аса қайратты болып келетін. Македония Грекиямен шекаралас болғандықтан, олардың тілінде гректердің ықпалы болды, алайда өздерінің македон тілінде сөйледі. Македония халқының негізгі көпшілігі ерікті, жарым-жартысы тәуелді малшылар мен егіншілер еді. Олар, негізінен мал шаруашылығымен ,әсіресе жылқы өсірумен айналысты. Македонияның биік таулары мен жазық алқаптағы жайылымдары мал шаруашылығының дамуына қолайлы жағдайлар туғызды. Жері орманды болғандықтан ағаш-орман шаруашылығы да өркендеген.

2-тапсырма. Кестені толтыр.
Филиптің
саясаты Филиптің маңызды істері

Ішкі
саясаты

Сыртқы
саясаты

3-тапсырма. Александр Македонскийдің Шығысқа жорығы.
Жылы Шайқас болған жер

..................................................... ................................................................................
..................................................... .................................................................................
..................................................... ..................................................................................
..................................................... ..................................................................................
..................................................... .................................................................................
................................................... .................................................................................

VII. Кері байланыс ( Маған ұнады, қиын болды.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар § 25. Ежелгі Македония тақырыбын оқу және Александр туралы эссе жазып келу
Кейінгі оқу Қайталау тақырыбын оқып келу Тәрбие.орг сайтынан § 25. Ежелгі Македония Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бақытжанов Мақсұт Бақытжанұлы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Ақарық ауылы №124 орта мектебі Тарих және география пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar