§32. Римнің мәдени өмірі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 206
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 07/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20840


C а б а қ т ы ң ж о с п а р ы
Сыныбы: 6
Пәні: Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: §32. Римнің мәдени өмірі
Сабақтың мақсаты: Рим қалаларының мәдени орталыққа айналуын, сурет, мүсін өнерінің дамуын анықтап, христиан дінінің қалыптасуы туралы түсіну
Сабақтың міндеті:
1. Рим мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерін ұғыну.
2. Мәдени мұраларды қорғау, оларға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
3. Әсемдікке, эстетикалық талғамдарға баулу.

Сабақтың нәтижесі:
1. Ежелгі Римдік қалалар мен қала өмірін қазіргімен ұқсастықтарын салыстырып
біледі, сәулет өнері мен мүсін өнерінің ерекшеліктерін анықтайды.
2. Христиан дінінің шығу тарихымен танысады. Әлемдік 3 діннің бірі екендігін
біледі. Рим мәдениетінің дүниежүзілік маңызын түсінеді, оқып-біледі.
3. Жаңа тақырыпты игеру барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы дамиды, топта оқушының жұмыс жасай білуі анықталады, белсенділігі төмен оқушылардың ынтасы артады.

Сабақтың көрнекілігі: 1. «Ежелгі Рим» картасы.
2. Дүние жүзінің саяси картасы
3. Интерактивті тақта, слайдтар

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру. Топқа
бөліп отырғызу.Топ жетекшісін сайлау. Бағалау парағын
үлестіру.

Үй тапсырмасын тексеру.
«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы тексеру.
1. Ежелгі Римде балалар неше жастан бастап оқыған ?
2. Білім берудің екінші сатысында оқытылған ең басты пәндерді ата ?
3. Цицерон “римдіктер геометрияны не үшін оқып үйренген” деп жазды ?
4. Рим поэзиясының “алтын ғасыры” деп қай кезеңді айтамыз ?
5. “Энеида” поэмасының авторы кім ?
6. Қай ақын өз шығармаларында Августың жеке басын, қызметін мадақтаған, Рим
қаруын дәріптеген, достықты уағыздаған ?
7. Цицеронның қанша трактаттары мен хаттары, шығармалары сақталған ?
8. Цицерон кімнің шығармаларын жоғары бағалаған ?
9. Римде қабылданған қай жылғы заң нормалары халықаралық қатынастарды да
қамтыды ?
10. Римде б.з.б. II және I ғасырларда жаңа заңдар мен ережелер неге сүйеніп
жасалды ?

Үйге тапсырма мен жаңа сабақты байланыстыру.

Жаңа сабақ:
Жоспар:
1. Қалалар мен қала өмірі
2. Сәулет өнері
3. Мүсін өнері
4. Христиан дінінің шығуы
5. Рим мәдениетінің дүниежүзілік маңызы

«Топтастыру стратегиясы» арқылы мағынаны ашу
Әр оқушыға жеке мәтін беріледі. Оқушы INSERT әдісін пайдаланып оқу.
1.Іштей оқиды. Түсінеді. Ойланады. v білемін
2. Өзінің оқығанын топта талқылайды. + жаңа білім
? тереңірек білгім келеді - менің пікіріме қайшы
Әр топтағы 4 оқушы 4 жоспарды кезекпен бір-біріне түсіндіреді.Топтағы талқылау аяқталған соң, экраннан суреттер көрсетіліп, сұрақтар қойылады. Сол сұрақтарға кітаптан оқыған мәліметі бойынша жауап беріледі.Экраннан қосымша мәліметтер де көрсетіледі.







Т а п с ы р м а л а р :
1-топқа “Қала өмірі” (РАФТ әдісін пайдалану)
2-топқа “Мен ежелгі Рим театрында болдым” (әңгіме құрастыру)
3-топқа
Не таңқалдырды? Неліктен? Сұрақ


4-топқа “Тарихи сынақхат”
Қорытындылау: «Рим мәдениетінің дүниежүзілік маңызын» айту.
Бағалау критериі бойынша бағалау. Шығу парағын толтыру.
Үйге тапсырма: Венн диаграммасын пайдалана отырып, Римнің мәдени өмірі мен
Грекияның мәдени өмірін салыстыру.
C а б а қ т ы ң ж о с п а р ы

Сыныбы: 6
Пәні: Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: §31. Ежелгі Римнің өнері
Сабақтың мақсаты:
Ежелгі Римдегі мектеп, оқу жүйесі туралы, әдеби шығармалар мен шешендік өнер жөнінде, құқықтың дамуы туралы мәлімет ала отырып, ежелгі Рим өнерінің ерекшеліктерін анықтау

Сабақтың міндеттері:
1. Рим өнеріне басқа елдер мәдениетінің әсерін, өнер түрлері, олардың ерекшеліктерін, даму жолдарын анықтау.
2. Тиянақты білім алуға құштарлық, шешендік өнер мұраларына деген
құрмет сезімі, поэзияны түсіне білу және құқықты сақтау.
2. Бұлардың бәріне жалпы адамзаттық мұра, құндылықтар ретінде қарау.
Сабақтың нәтижесі:
1. Рим мектебіндегі оқу жағдайын, қазіргімен салыстырып біледі, әдеби
шығармалармен танысады. Шешендік өнердің дамуына үлес қосқан атақты шешендерді оқып-біледі.
2. Ежелгі Рим құқығының қалыптасуын оқып-үйренеді.
3. Оқушылар жаңа тақырыпты игере отырып, сыни тұрғыдан ойлауы дамиды, топта оқушының жұмыс жасай білуі анықталады, белсенділігі төмен оқушылардың ынтасы артады.
4. Сабақтың көрнекілігі: 1. «Ежелгі Рим» картасы
2. «Ежелгі Рим мемлекетінің дамуы» картасы
3. Дүние жүзінің саяси картасы
4. Интерактивті тақта. Слайдтар

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру. Топқа бөліп отырғызу. Бағалау парағын тарату.

Үй тапсырмасын тексеру: §30. Империя дәуіріндегі Рим
(Үй тапсырмасын ойын арқылы тексеру)

А) “Адасқан әріптер” ойыны
натомид, перимия, тсане, рәкес, икібл
Ә) «Зымыран сұрақ» ойыны
1. Билік үшін күрес кімнен кейін басталды ?
2. Елді дара басқарушыны кім деп атады ?
3. Октавиан Августің императорлық билігі қай жылдарды қамтыды ?
4. Кімнің билік жүргізген кезінен бастап өкімет абсолюттік деп аталды ?
5. Диоклетиан жасаған басқарудың жүйесін не деп атады ?
6. Кімдер өздерін римдіктерміз деп санады ?
7. Қай ғасырда болған өзара және азаматтық соғыстар елдің шаруашылығын құлдыратты ?
8. Жерді жалға алған қайыршыланған шаруалар мен азат етілген құлдарды қалай атады ?
9. Рим империясы қай жылы екіге бөлінді ?
10. Батыс Рим империясы мен Шығыс Рим империясына қараған аймақты картадан көрсетіңдер.

Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру

Жаңа сабақ:
Ж о с п а р :
1. Рим мектебі
2. Рим поэзиясы
3. Шешендік өнер
4. Құқық
Топтарға жоспарларды бөліп беріп, жеке оқып шығуына тапсырма беріледі.
Топтардағы оқушыларды реттік номермен біріктіру
INSERT әдісін пайдаланып оқу.
v білемін 1. Жеке оқу
+ жаңа білім 2. Топта талқылау
- түсінбедім 3. Өз топтарына барып түсіндіру
Топтан ортаға шығып әр жоспар бойынша сөйлейтін оқушыны белгілеу.
Өзге топтардан сұрақ қоюшыларды тағайындау.




Тақтадан көрсетілген слайдтар арқылы қосымша мәліметтер алады.

«Түртіп алу» стратегиясы (Оқушылар тақырыптағы маңызды жерлерді дәптерлеріне жазып алады)
1. Б.з.б.I ғасырдың соңы мен б.з. I ғасырының басы – Рим поэзиясының «Алтын ғасыры»
2. Вергилий – Римнің атақты ақындарының бірі. «Энеида» поэмасын жазған.
3. Гораций – римдік ақын.
4. Марк Туллий Цицерон – римнің атақты шешені
5. Гай Юлий Цезарь – көрнекті шешен

Қорытындылау. Білім римдіктерге не үшін қажет екен. Білімі жоқ адам қандай болады? Білім сендерге не үшін керек? деген сұрақтар қойып, білім қоғам дамуының бірден-бір қайнар көзі екеніне көздерін жеткізу.

Бағалау критериі бойынша бағалау. Шығу парағын толтыру.

Үйге тапсырма:
1. «Ежелгі Римнің өнері» тақырыбын оқып келу, қосымша мәлімет жинау.
2. «Не білгім келеді» бағанасындағы сұрақтарға жауап іздеу. Тәрбие.орг сайтынан §32. Римнің мәдени өмірі Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мекеева Жангүл

Пікірлер: 0

avatar