6 сынып Қазақстан тарихы "Адамзаттың пайда болуы"

  • Жүктеулер: 33
  • Көрсетілім: 1415
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 15/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20531


6 сынып Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Адамзаттың пайда болуы.
Мақсаты:
-Білімділік: Оқушыларға алғашқы адамдар туралы, олардың даму барысы туралы,алғашқы адамдардың қаңқасының табылған жерлері туралы толық мағлұматтар беру.Қазақстанда алғашқы адамдардың пайда болуы туралы баяндау.
-Тәрбиелік: Халқымыздың ғасырлар бойғы басынан өткерген тарихын білу арқылы, ұрпағымызды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
-Дамытушылығы: Оқушылардың тарих пәнін оқып-білуге деген қызығушылықтарын арттыру. Ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.
-Көрнекі құралдар: Қазақстан Республикасының картасы, әдебиетттер, тірек сызбалар.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, өзіндік жұмыстар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. (1,2,3 санау арқылы топқа бөлу)
2. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша біз нені оқып, білеміз?
2. Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық
дамуында қандай кезеңдерге бөлінеді?
3. Қазақстан жерін мекендеген қандай тайпаларды
білесіңдер?(сызбаны толтыру)
3.Жаңа сабақ.
Түр-сипаты мен ақыл-ойы осы заманғы адамдарға ұқсайтын адамзат қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Тарихта осы мәселеге байланысты екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Оның бірі діни түсінік.
Ол бойынша еңбекке қабілетті адам баласын Құдай жаратты. Оны жер жүзіндегі барлық тірі жан иесінен артық етті. Оған ой-сана мен тіл берді.
Ал екінші бір көзқарас, ол табиғаттану, биология және тарих ғылымдарына негізделген.
Археологияның соңғы жаңалықтары бойынша, адам баласы жер бетінде үш миллиондай жыл бұрын пайда болған. Алғашқы адамдар Солтүстік-Шығыс Африка, Алдыңғы және Оңтүстік Азия аумағында қалыптасқан. Кейін жер шарының барлық аймақтарына таралып қоныстанған.
Тас дәуірінде адамдар негізінен тас құралдарды пайдаланды. Сондықтан да адамзат баласының тас құралдарды өндірген және пайдаланған уақыты тас дәуірі деп аталады.
1-тапсырма Кесте толтыру

Тас дәуірі(палеолит)

ерте палеолит
кейінгі палеолит
олдувэй б.з.б.2,6млн-800мың жыл
ашель б.з.б.800- 140мың жыл
мустье б.з.б.140-40мың жыл

Палеолит дәуірі өте ұзаққа, шамамен 3 миллиондай жылға созылған. Осы уақыт ішінде ірі өзгерістер орын алды:
1. Адам баласының түр-тұлғасы, бет-бейнесі, ой-санасы қалыптасты.
2. Адамзат Африка жерінде пайда болып, палеолит дәуірінде жер бетіне біртіндеп таралды.
3. Тас құралдар жасау ұдайы жетілдіріле түсті, сапасы жақсарды.

2-тапсырма.Адамзаттың даму барысы

Адам дамуының сатысы Табылған жері
1.Гоминид «Епті адам» 1959-60 ж.ж Танзаниядағы(Шығыс Африка) Олдувэй шатқалынан табылған. Осыдан 2,5млн.жыл бұрын өмір сүрген.
2.Питекантроп «Тік жүретін адам» 1891 ж. Ява аралынан табылған.Бұдан 1млн.жыл бұрын өмір сүрген.
3.Синантроп (тік жүретін «Қытай адамы») 1927 ж. Солтүстік Қытайдан табылған. Ол бұдан 500-200 мың жылдар бұрын өмір сүрген.
4.Неандерталь 1856ж. Германиядағы Неандерталь деп аталатын жер-ден табылған.Бұдан 200-35 мың жыл бұрын өмір сүр-ген. 1938ж. Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен табылды.
5.Кроманьон «Саналы адам» 1868ж. Франциядағы Кроманьон үңгірінен табылды. Бұдан 40-35 мың жыл бұрын өмір сүрген.

Қазақстан аумағында алғашқы адамдар шамамен бұдан 1 миллион жылдай бұрын пайда болды. Жамбыл облысы Арыстанды өзенінің бойынан және Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратаудан табылған тас құралдар алғашқы адамдардың еңбек құралдары. Көне іздер Маңғыстау түбегіндегі Шақпақата, Қазақстанның оңтүстігіндегі Шабақты, Қазанғап, Тәңірқазған т.б. қоныстар-дан табылған.
Алғашқы адамдар жеке-дара емес, олар бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін үлкен топ құрып топталып жүрді. Ол топтарды ғалымдар адамдар тобыры деп атайды.
4.Бекіту:
1.Адамзаттың шығу тегі туралы қандай көзқарастар бар?
2.Алғашқы адамдар қалай аталған?
3.Қазақстан аумағында алғашқы адамдар қанша жыл бұрын пайда болды?
4.Адамдардың ұжымы қалай аталды, ұжымның құрылу себептері неде
деп ойлайсыңдар?
5.Тапсырмалар орындау.
5. Бағалау.
6. Үй тапсырмасы. $1-2 оқу, түсінік айту. Тесті дәптерге жазу. Тәрбие.орг сайтынан 6 сынып Қазақстан тарихы "Адамзаттың пайда болуы" Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тулегенова Аида Досаналиевна

Жуалы ауданы, Қызыларық ауылы, №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі тарих пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar