Абылай хан

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 292
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 23/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20672


Сабақтың тақырыбы: §15. Абылай хан
Сабақтың мақсаттары: Қазақ халқын бір хандыққа біріктіріп, Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған Абылай хан жайында оқушыларға мәлімет бере отырып, оның Қазақ тарихындағы орны, ерлік істері жайындағы білімдерін арттыру, Абылайдың жүргізген саясатының сырын түсіндіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап, интерактивті әдістер.
Көрнекіліктер: слайд презентациялары, «Абылай хан» бейнематериалы, «Абылай ханның суреті.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру – Сәлемдесу, сергіту сәті, түгендеу.
2. Үй тапсырмасын қайталау. (слайд арқылы)
Тапсырмалар орындайды
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
1) Дәптерді ашып, күнді жазу, тақырыпты анықтау.
2) Сабақтың мақсатын хабарлау.
3) Бұрынғы білімдерін анықтау.

Бейне жазба көру.
Көрген бейнежазбаға байналысты жекелеген оқушылардан 3 негізгі ойды сұрау.
ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС

І топ ІІ топ ІІІ топ
Хролнологиямен жұмыс Есімдермен жұмыс Кластер құру
1711 жыл –
Абылай хан Түркістанда Уәлидің отбасында дүниеге келеді.

1729 жыл – Абылай жоңғарлармен соғыста көзге түседі.

1771 жыл – Хан сайланды.

1781 жылы – Абылай хан Түркістанда қайтыс болып, жерленді.

- Әбілмансұр
- Уәли
- Төле би
- Сабалақ
- Бөгенбай
- Нарқызыл
- Шарыш
- Әбілмәмбет
- Бұқар, Үмбетей, Тәттіқара
- Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары
- Төле, Қазыбек



Сабалақ Шарышты
жеңді

Сәйкестендір
Жылдар Болған оқиға
1711 жыл Абылай хан сайланады
1729 жыл Әбілмансұр дүниеге келеді
1771 жыл Абылай хан Түркістанда қайтыс болып, жерленеді.
1781 жыл Жоңғарлармен болған соғыста аты шығып, көзге түседі
Есімдерге түсінік бер
- Әбілмансұр;
- Уәли;
- Төле би;
- Сабалақ;
- Бөгенбай;
- Нарқызыл;
- Шарыш;
- Әбілмәмбет;
- Бұқар; Үмбетей;
-Қабанбай; Малайсары; Бөгенбай;
-Төле; Қазыбек;
Абылай хан тек шебер басқарушы, ел билеуші, қолбасшы ғана емес, сондай-ақ күйші де болған. Оның бүгінгі күні бірнеше күйлері белгілі.
Абылай ханның ұрпақтары
Абылай өмір бойы ат үстінде жүрсе де, 12 әйел алып, артына 30 ұл, 40 қызын қалдырған. Олардың бәрінің есімдері тарихқа енбеген. Ұлдарының бізге белгілілері:
қарақалпақ бегінің қызы Сайман ханымнан: Уәли, Шыңғыс, Әділ, Есім тарайды.
Қашқар бегінің қызы Бабақ ханымнан: Шеген, Рүстем, Оспан, Сыздық, Әбітай, Әбділдә туады.
Қалмақтан болған Хошу мерген ноянның қызы Топыш ханымнан: Қамбар мен Қасым дүниеге келеді.
Сарғалдақ қожаның қарындасынан: Тоқ, Қосым, Арық; ал
Атығай-Қарауылдың қызы Тоқта ханымнан: Сығай, Тағай, Сүйік, Әли, Құлан, Тоғым дүниеге келеді.
Орыс сұлудан — Шама;
басқа әйелдерінен: Ғұмыр, Байыр, Жәңгір, Сыпатай туған.
Ресми және тарихи деректерге қарағанда, Абылай ұрпақтарының қазіргі жалпы саны 20 мыңнан асады. Олар Көкшетауда өткен ұлан-асыр тойға шақырылған. Соның бір шоғыры Қытайдан 80 адам болып келіпті.
Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды.
Уәлиханов Шот-Аман Ыдырысұлы— сәулетші, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторы. Шотаман Уәлиханов бірнеше ірі ғимараттардың, 20 монумент пен ескерткіштің авторы. Солардың қатарында: Алматы қаласындағы “Динамо” стадионы, “Универсам” дүкені, Уәлиханов ескерткіші т.б. бар. Оның арғы тегі Қазақ Ордасының Ұлы ханы Абылай.
Деңгейлік тапсырмалар
Нашар оқитындар Орташа оқитындар Жақсы оқитындар
Тақтада «Абылай хан кім?»
-қолбасшы,
-дипломат
-қоғам қайраткері. т.б.

Орындау, қорғау. Сематикалық карта толтыру. 1. Слайдта есеп шығарып, даталарды айту.
2. Ашық сұрақтарға жауап.
Бейне сұрақ қою.
4. Қорытындылау.
«Сиқырлы қорапша» ойыны. – Абылай ханға не үшін қажет болды? (заттарды қораптан алып шығып көрсету)
- Қалқан
- Қаламұш пен сиясауыт
- Қанжар
- Тұлпар
- Домбыра
- Бас киім
(Жәдігерлерді қорғау туралы айта кету)
5. Рефлексия.
6. Бағалау.
7. Үйге тапсырма беру.
§ 15 оқу, мазмұндау.
Абылай хан туралы қосымша мәлімет жинақтау. Тәрбие.орг сайтынан Абылай хан Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Орынбаев Ғалымжан Бақытжанұлы

Атырау облысы, Мақат ауданы, "Бәйге төбе мектеп-балабақша кешені" КММ Тарих пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar