Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Адам-қайталанбас тұлға
  • 01.02.2017
  • 92 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21453

Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы
№ 2 орта мектептің тарих пәні мұғалімі, жоғары санатты.
Орунбасарова Бағила.

Сынып сағатының тақырыбы: Адам-қайталанбас тұлға
Сынып сағатының мақсаты:
 Адам бойындағы моральдік, этикалық, мінез – құлық ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландыра отырып қоғамға денсаулығы жақсы, жан-жақты дамыған азаматтың қажет екенін түсіндіру.
 Оқушыларды өз бойындағы қасиеттерді танып білуге, жетілдіруге ұмтылдыру.
 Кішіпейілділік, әдептілік, көмек беру– адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.
Көрнекілігі: Плакат, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.
Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың мақсатын айту. -Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! -Бүгінгі болатын 5 «А» сынып оқушыларының тәрбие сағатына қош келдіңіздер! - Сынып сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Психологиялық дайындық. Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, біз бір-бірімізге әуелі жақсы тілектер тілейік. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген.
І кезең. «Жүректен жүрекке» ойыны (гүлге жазып, тілектер айтылады. ) -Денің сау болсын! , Ұқыпты бол!, Батыл бол!, Кішіпейіл бол!, Ізетті бол!, Әдепті бол!, Ақылды бол!, Білімді бол! Сүйкімді бол! , Қазақтың баласы бол!, Отаныңның баласы бол!, Еліңе қорған бол! , Арманшыл бол! ,Атаңның ұрпағы бол! Өнерлі бол! , Нұр жаусын! ,Мерейің үстем болсын! , Білім беріп, жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рахмет! Рахмет!
Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол жақсылық, өзімізге соншалық болып оралады екен.Адам туралы «индивид», «жеке адам» , «жеке тұлға» деген ұғымдары бар.
а). Индивид-белгілі бір әлуметтік бірліктің жеке өкілі ретіндегі адам.
б). Жеке адам -әрбір адам бола алады.
в) Белсенді саналы ,іскер «индивид» бірте-бірте «жеке тұлғаға» болады. «Адам табиғат перзенті»,- дейді Қорқыт ата өз кітабында. Оның дәлелі ретінде төменгі өлең шумақтан көруге болады.
Ал адамға ақыл менен ой берген, сана берген Жер бетінен пана берген,Жалғыз тәңір табиғат. Ал қоғамда білімді азаматтар болу үшін сол азаматтарды өмірге әкелетін болашақ анаға қамқорлық қажет. «Қай заманда болсын, азамат алдында тұратын ұлы міндеттің бастысы -өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі өзық азамат етіп тәрбиелеу -біздің қоғам алдындағы борышымыз»-дейді Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан -2030» атты еңбегінде. Неліктен солай деп ойлайсыңдар ? ( балалар еркін түрде өз ойларын ортаға салады)
Өзін ғана ойлаған -
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған –
Адамдықтың белгісі,- деген ұлағатты жолдар бекер айтылмаған. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады. Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттер. Демек, асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек. Осы жерде бірден ұлы Абайдың сөздері ойымызға орала кетеді: Ал енді балалар бәріміз тақтаға қарайықшы, «Адам болам десеңіз...» (тақтадан сабақ тақырыбын көрсету) Иә, бұл өлең жолдар ақынның қай өлеңінде айтылатын еді? Кәне, кім айтып берер екен? «Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол;
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз…» -
деп, ұлы Абайдың адам баласына айтып кеткен адамгершілік қасиеттері бізге сабақ екенін ешқашан ұмытпауымыз керек. «Бес асыл іс» - адамгершіліктің Абай ұсынған этикалық-әдеп нормалары. Гуманист атаулының бәрі де дүниедегі ең асыл, бағалы нәрсе - адам деп түсінетін болса, сол адам бойындағы ең басты сипаттар адамгершілік қасиеттер деп жауап береді. Ойшыл ақын жас ұрпақты жаңа дәуір талабы деңгейінде, адамгершілікке тәрбиелеуді мақсат тұтып, күрес жүргізді. Біз де өз тарапымыздан жеңіл ұғындыруға әрекеттендік, өздеріңіз көріп отырғандай күн мен бұлтқа теңедік. Не үшін деп ойлайсыздар? Абай адам болуға ұмтылған әрбір жалынды жастың бойына адамшылықтың қандай нәрін, нендей ізгілікті қасиеттерді егу, орнықтыру керектігін «Ғылым таппай мақтанба...» өлеңіңде: «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз...» - деп, айқындап берген екен.
Мына нақыл сөздерді жадыңда сақта! Дүниедегі ең оңай нәрсе – кісіге ақыл айту, ең қиыны өзіңді-өзің түсіну. Әл-Фараби Өзіңді-өзің тану – даналықтың бірінші белгісі. Карл Маркс. Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды. Адам өз мінезіне өзі жауапты. Б.М.Теплов Жақсы мінез-құлық пен ақыл екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.
Әл- Фараби
Ал, балалар, біраз нәрселерді түсіндік. Абайдың дана сөздеріне талдау жасап, жадынама, нақыл сөздер оқыдық, сюжет көрдік, енді нені көңілге түйдік, бүгінгі тәрбие сабағымыздан қандай әсер алдыңыздар? Барлығын жинақтап, ой қорытсақ. Шағын ой толғау, мүмкін өлең жолдарымен жеткізерсіздер. Ал, қалғанымыз мақал-мәтелдер айтудан сынасайық, кім көп біледі екен?
«Кім жылдам?» – Мақал – мәтел сайысы. Адам болатын бала алысқа қарайды. Сыйласаң, сыйымды боларсың. Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіпті өскен тал артық. Тәрбиелі кісі қант қосқан жармадай, тәрбиесіз кісі шаң боратқан арбадай. Тәрбиесіз наданнан, үйретілген хайуан артық. Жолдың қамысы болмайды, жаманның намысы болмайды. Ақыл – дос, ашу – дұшпан, ақылыңа ақыл қос
Түйін. Мұғалім сөзі:
Әрбір адам туғаннан керемет сыйға бөленген, ол – жетілуге талпыну. Біз бәріміз білімді аңсаймыз, биікке көтеріліп, ортамызға жағымды жақтарымызбен көрінуге тырысамыз, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Ол үшін адам ең алдымен, өзі неге қабілетті, өзінде жақсы не бар, соны түсініп алуы керек. Өзінің бар қабілеттерін жетілдірумен қатар өзіндегі кемшіліктерді түзетуі тиіс.
Адамгершілікті, әдепті болыңдар!
Бұл сабақ өмірлік сабақ болсын! Тәрбие.орг сайтынан Адам-қайталанбас тұлға Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Орунбасарова Бағила

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тарихтан ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Тарихтан ашық сабақтар, тұлға, Адам-қайталанбас
Көрсетілім: 92 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar