Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Алтын Орданың құрылуы
  • 16.02.2016
  • 470 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16291

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (18.2Kb)

Сабақтың тақырыбы: Алтын Орданың құрылуы
Сабақтың мақсаты:
 Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяи экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып,Орданың әлсіреу себептерін ашу;
 Алтын Орда мемлекетінің тарихын басқа мемлекеттермен слаыстыра отырып, оушыларды өз бетінше қорытынды жасауға үйрету, ізденіске баулау.
 Оқушыларды өз Отанының тарихына кұрметпен қарауға,қорғауға ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: суреттер, карта
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі:түгелдеу,амандасу,сабаққа әзірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Тест сұрақтары:
1.XII ғасырдың соңында монғол далаларында билік құрған кімдер?
А) қыпшақ ханы
ә) хорезмах
б) қытай боғдыханы
в) Темүжін
2.Монғол-татар шапқыншылығы кезінде Оңтүстік Қазақстан да билік кімнің қолында болды?
а) хорезшах
ә)қыпшақ ханы
б)қытай боғдыханы
в)Арслан хан
3.Шыңғысханның билік құрған жылдарын табыңдар?
а)1200-1227 жж.
ә) 1213-1237 жж.
б) 1155-1206жж.
в) 1206-1227ж.ж.
4.Шыңғысхан әскери Жетісуға қашан барып кірді?
а) 1206ж.
ә) 1208ж.
б) 1219ж.
в) 1213 ж.
1. 1219 жылы Монғол әскерлері қайда аттанды?
а) Қытайға
ә) сібірге
б) Дешті қыпшаққа
в) Мауараннахға
6.Жетісуды монғолдар қалай бағындырды?
а) бейбіт жолмен
ә) зорлық әдісімен
б) дұрыс жауап жоқ
в)барлық жауабы дұрыс
7.Монғолдар оңтүстік өлкемізді қалай бағындырды?
а) зорлық әдісімен
ә) өз еркімен қосылды
б) дұрыс жауап жоқ
в) барлық жауабы дұрыс
8.Отырар апаты қашан болды?
а) 1219-1220жж.
ә)1218ж.
б) 1216-1217жж.
в) 1219ж.
9. Монғолдардың орталық азияны жаулап алуы қай жылы аяқталды?
а) 1224 ж.
ә)1216ж.
б) 1219ж.
в) 1237ж.
10.Қай ұлысқа Қазақстанның аймақтары кірген жоқ?
а) Үгедей олысы
ә)Шағадай ұлысы
б)Төле ұлысы
в) Жошы ұлысы

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1.Алтын Орданыі құрылуы.
2.Батый хан.
3.Алтын Орданың қоғамдық құрылысы,
4.Алтын Орданың ішкі және сыртқы жағдайы
5.Алтын Орданың әлсіреуі.
Бұл тақырыптағы орасан зор аймақты бағындырған монғолдар құрған мемлекеттің атауы, жер аумағы, билеушілерәі оқушыларды қызықтыратыны сөзсіз. Алдымен «Алтын Орда» атауының шығуын деректерге сүйеніп түсіндіремін.
Жазба деректерде: «Алтын Орда» атауы XVI ғасырдың аяғында пайда болған.Орыс деректерінде «Алтын Орда деп аталса, Жұңғоның тарихи деректерінде « қыпшақ ордасы деп аталды.
Еуропа саяхатшысы Плано Карпини: «Алтын Орда» деп монғол Үгедейдің баласы Күйікті ұлы хан етіп хан тағына отырғызған кездегі алтынмен әшекейленген киіз үйді атаған.
«Шыңғыснама шежіресінде»:
Шыңғысхан Батуды Жошының орнына хан етіп сайлағанда босағасын алтынмен аптаған Алтын Ордаға кіргізгендігі айтылады т.б. Жазба деректерде Алтын Ордаға хандық еткен алғшқы жылдары туралы мағлұмат жоқ. Алтын орда саяси және экономикалық жағынан Берке ( 1257-1266 жж), мент Өзбек ( 1312-1342жж) хандардың кезінде жақсы дамыған. Әсіресе Беркенің тұсында Алтын орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасындағы байланыс күшейе түседі.
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма: тақырыпты оқу. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауа беру. Қосымша әдебиеттерді оқу. Тәрбие.орг сайтынан Алтын Орданың құрылуы Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ажикеева Айгүл Тажиковна

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жандосов ауылы "О.Жандосов атындағы орта мектеп Тарих пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тарихтан ашық сабақтар
Көрсетілім: 470 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar