«Амангелді Иманов – халық батыры»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1483
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 08/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18537


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ГИМНАЗИЯ

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Амангелді Иманов – халық батыры»

Дайындаған: Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық
гимназияның тарих пәні мұғалімі Жауынбаева А.А

Атырау 2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Амангелді Иманов – халық батыры»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға халық батыры Амангелді Имановтың өмірі мен
ерлігі туралы мәлімет бере отырып, 1916 жылғы ұлт-азаттық
қозғалыстың отаршылдыққа, империализмге қарсы сипатын
түсіндіріп, қозғалыстың ең ірі орталықтарындағы барысын,
басшыларын, жеңілу себептерін және тарихи маңызын
ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушыларды тарихи деректерге тұжырым жасай білуге,
талдауға, өз пікірін, көзқарасын дамытуға үйрету.
Тәрбиелік: Қазақ халқы үшін отаршылдыққа қарсы күрескен Амангелді
батырдың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елін, жерін
қадірлейтін азаттық тұлғаны қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
 Қазақ елінің тарихын терең білу;
 Тарихи тұлғаларды үлгі тұту;
 Алған білімдерін сараптай, талдай отырып өзгерістерді анықтайды және болашақты бағдарлай алады;
 Сыни тұрғысынан ойлай алуға дағдыланады;
 Өз бетінше шешім қабылдап, дәлелдемелер келтіреді, қорытынды жасай алады;
 Тарихи мәліметтерді оқу арқылы оқушылар мәселені тарихи шындық тұрғысынан бағалайды;

Сабақтың типі: бекіту, жүйелеу, талдау сабағы
Сабақтың түрі: іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, «Алтын қақпа» ойыны, топтық
жұмыс, сұрақ-жауап, постер қорғау, ротация әдісі
Көрнекілігі: компьютер, мультимедиалық аппарат, слайдтар, А.Имановтың
портреті, тапсырмалар, маркерлер, постерлер, смайликтер,
ҚР-ның картасы, кітаптар көрмесі
Пәнаралық байланыс: дүние жүзі тарихы, әдебиет, география
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру (оқушылар топ бойынша отырады)
1. Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын қарау;
2. Сабақтың басты идеясы;
Қызығушылықты арттыру
3. «Мен кіммін?» сұрағына жауап алу
4. Ұяшықтар таңдау арқылы төрт топқа бөлу

Мағынаны таны
ІІ. «Амангелді Иманов – халық батыры»
1. А.Иманов өмірбаяны
2. А.Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себеп-салдарлары және көтеріліс жетекшілері
3. А.Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілістің барысы
4. А.Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы
Төрт топ өздерінің постерлерін жасақтайды.
ІІІ. «Ротация әдісі»
Жасақталған постерлерді топтар сағат тілімен жүре отырып,
толықтырады.
ІҮ. «Қорғау» топтар өз постерлерін қорғайды.
Ү. Сергіту сәті
ҮІ. «Алтын қақпа» ойыны
ҮІІ. «Сандық білім беру ресурстарынан» онлайн тапсырмалар орындау


Ойтолғаныс
ҮІІІ. Ой толғау
Мұнда оқушылар ақын-жазушылардың А.Иманов және А.Иманов
бастаған ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жазған өлеңдерін,
пікірлерін тыңдау. Мысалы: Н.Байғанин «Амангелді батырым»,
Ж.Жабаев «Зілді бұйрық»)
ІХ. Семантикалық карта
Х. Рефлексия (бір сөзбен әдісі), критериалды бағалау (топтарды бағалау, өз топтарын бағалау) Тәрбие.орг сайтынан «Амангелді Иманов – халық батыры» Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жауынбаева А.А

Пікірлер: 0

avatar