Қазақ халқының және Қазақ хандығының құрылуы

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 762
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 11/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18980


Бекітемін:
Күні:
Сыныбы: 5 « б»
Пәні: Қазақстан тарихы
Бақытжанов Мақсұт Бақытжанұлы
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,Ақарық ауылы
№ 124 орта мектеп

Сабақтың аты Қазақ халқының және Қазақ хандығының құрылуы
Сілтеме «МАН» III-деңгей
www.cpm.kz
Қазақстан тарихынан әңгімелер
5 класс.
Жалпы мақсаты 1. Қазақ халқы туралы ақпарат беру;
2. Қазақ хандығының құрылуы туралы түсіну;
3. Өзара бірлескен іс-әрекетке тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже 1. Қазақ халқы туралы білетін болады;
2. .Қазақ хандығының құрылуы туралы түсінеді;
3. Өзара бірлескен іс-әрекетке үйренеді;
Негізгі идеялар Қазақ халқының қалыптасу тарихы сонау ерте заманнан басталады. Халық болып құрылу үшін жүздеген,кейде мыңдаған жылдар қажет.
Тапсырмалар Топтық жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс «Пилот - штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Кеңейтілген тапсырманы орындау»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру
1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.2. Топқа бөлу (Қазақ хан аттары жазылған қима қағаздарын оқушылар алу арқылы 4 топқа бөлінеді ) ( 2 минут)
1-топ. Керей хан
2-топ. Жәнібек хан
3-топ. Қасым хан
4-топ. Есім хан
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( Моңғол шапқыншылығы тақырыбы бойынша сұрақтар тізбегін беру) (5 минут)
1. Көшпелі моңғол тайпаларының өмірі мен тұрмысы қандай болды ?
2. Шыңғысхан қазақ жеріне қай жылдары,не үшін шабуыл жасады ?
3. Қаһарман қала-Отырар туралы әңгімеле?
ІІІ. Жаңа тақырыпты ашу үшін сұрақтар беріледі. (3 минут)
1.Халық дегеніміз кімдер?
2.Қазақ халқының құрамына қандай тайпалар кіреді?
3. Қазақ хандығының тұңғыш ханы?
4. Қазақ хандығында ең жоғарғы мемлекет билеушісі?
ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы, жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
( Әр топқа оқулықтан тақырыпшалар беріледі)


Бақылаушының бағалау парағы

№ Бағалау өлшемдері Көш
басшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Сергіту сәті
Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - штурман» (7 минут)
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)
«Қасым ханның қасқа жолына» енген ережелерді оқып, қағаз бетіне түсіру.
Штурман мен Пилот мұғалім тапсырмасын естерінде қалғанын жеке-жеке қағаз бетіне түсіреді, сосын мұғалім жауап үлгісін ұсынады, жұптар бір-бірінің қателерін түзеп талқылайды.
V. Жеке жұмыс «Кеңейтілген тапсырма» (10 минут)
№1. Қазақ хандары мен қызмет еткен жылдарын сәйкестендіріңіздер.

1 Жәнібек хан 1511-1518 ж.ж
2 Қасым хан 1598-1645ж.ж
3 Есім хан 1465(66)-1470ж.ж

№2. Қазақ хандары мен қызмет еткен жылдарын жазыңыздар.

1 Жәнібек хан
2 Қасым хан
3 Есім хан

№3. Қазақ хандары мен қызмет еткен жылдарын жазыңыздар.

1
2
3

Бағалау критерийі. Тақтадағы ұсынылған үлгі жауап арқылы жұптарды бағалау критерийімен бағаланады. Толық үш тапсыраманы орындағаны – ІІ бал; Тапсырманы жартылай орындағаны-І бал; Тапсырманы орындамағаны-0

ҮІ. Кері байланыс ( Маған ұнады, қиын болды.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар Қазақ халқының және Қазақ хандығының құрылуы тақырыбын оқу
Кейінгі оқу Қазақ хандары, билері және батырларының тарихы тақырыбын оқып келу Тәрбие.орг сайтынан Қазақ халқының және Қазақ хандығының құрылуы Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бақытжанов Мақсұт Бақытжанұлы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Ақарық ауылы №124 орта мектебі Тарих және география пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar