"ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ" ТОПТЫҚ САЙЫС

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 575
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 05/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18937


Қызылорды облысы, Сырдария ауданы, Ақжарма ауылы, № 130 Абай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Тәуекел Кеңескүл Әлтайқызы "ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ" ТОПТЫҚ САЙЫС Мақсаты: Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып, 1465жылы Шу өзенінің бойында алғаш «қазақ» деген атаумен Керей мен Жәнібек хандар ірге тасын қалаған Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл болған осы хандықтың тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру. Күтілетін нәтижелер: 1.Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптасады; 2.Алған білімдерін сараптай, талдай отырып өзгерістерді анықтайды және болашақты бағдарлай алады; 3.Өз бетінше шешім қабылдап, дәлелдемелер келтіреді, қорытынды жасай алады; Көрнекілігі: Безендірілген сынып, нақыл сөздер, тапсырмалар, сандар, әр топқа даярлаған үстел, слайд, видео ролик Түрі: Топтық сайыс І. Тапқырлар тобы ІІ. Алғырлар тобы ІІІ. Білімділер тобы Барысы: І.Ұйымдастыру сәті: Армысыздар бүгінгі «Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл» атты викториналық сайысын тамашалауға келген қонақтар және оқушылар! 1465жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймақ- қа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар – ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар. Түріктің бір бұтағы қазақ еді, Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді. Жәнібек, Керей хандар басын қосып, Өмірге келген еді қазақ елі. Алтай мен Атыраудың арасында Жетісу, жеті өзеннің сағасында. Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп, Хандық құрды қазақ өз даласында. Елбасы ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституция -мыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осы тарихи оқиғаға байланысты мектебіміздің 7А,Б,В сыныптар оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған сайысымызды бастасақ : Әділқазы, аққазыға бір сәлем! Әділдікке бас иеді бар әлем. Жүйрік озар сайыстарда неше бір, Сарапқа сап әділдікпен шеше біл! – деп сайыскерлеріміздің білімін бағалау үшін әділқазы алқасын сайлап алайық. Видео ролик (Қазақ хандығы) “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып, Тәрбие, білім табар мән. Бұл бәйге ойдың бәйгесі, - дей келе сайысымыздың 1- кезеңін бастаймыз. Әр топқа 14 тесттік сұрақтан қойылады, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. І. Тапқырлар тобы 1. Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы: А) қазақ-қырғыз В) өзбек-қазақтар С) қырғыздар D) қыпшақтар Е) еркін кезбелер 2.Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзінің мағынасы: А) зор, күшті, көшпелі В) еркін, азат, алып С) мықты, берік, алып D) көшпелі, алып, еркін Е) күшті, еркін, мықты 3.«Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр: А) XVII ғасыр В) XVI ғасыр С) XVIII ғасыр D) XIV ғасыр Е) XV ғасыр 4.«Үш жүз» аңызы бойынша қазақ халқы ру-тайпаларының өз таңбаларын салған жері: А) Таңбалы Еділ В) Таңбалы Есіл С) Алтын Орда D) Ноғай Ордасы Е) Таңбалы Нұра 5.Қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде қазақ халқының жүзге бөліну себебі: А) Топтасып өмір сүру үшін В) Басқару тиімділігінен С) Өз жерін қорғау үшін D) Өз ішіндегі келіспеушіліктерден Е) Ымырластықтың болмауынан 6.XV ғасырда қыпшақ, қаңлы, арғын, қоңырат, дулат т.б. қазақ рулары мен тайпаларының өкілдері өмір сүрген жер: А) Түркістан аймағы В) Тараз аймағы С) Отырар аймағы D) Ақмешіт аймағы Е) Сайрам аймағы 7.««Қазақ» сөзі хорасан түркімендері арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді»-деп жазған тарихшы: А) М.Қозыбаев В) Рузбихан С) Ә.Марғұлан D) К.Ақышев Е) Б.Е.Көмеков 8.XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме: А) Еркін, кезбе В) Мықты, берік С) Алып, күшті D) Еркін, берік Е) Мықты, күшті 9.Алғашқы кезде «қазақ» атауының орнына қолданылған сөз: А) Қыпшақ В) Өзбек С) Алаш D) Үйсін Е) Түрік 10.Өзбек ұлысында (XV ғ.) үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі ержүректері екені жайлы хабар айтқан: А) В.Рубрук В) Ш.Уәлиханов С) М.Дулатов D) Б.Е.Көмеков Е) Рузбихан ІІ.Алғырлар тобы 1.XIV ғасырда мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан: А) Тәуке ханВ) Тоғылық-ТемірС) Хақназар ханD) Әбілқайыр ханЕ) Қасым хан 2.XIV-XV ғасырларда халықаралық қарым-қатынастарда сөздік ретінде пайдаланған еңбектің аты: А) «Оғызнама» В) «Хұсрау мен Шырын» С) «Кодекс куманикус» D) «Жүсіп – Зылиха» Е) «Мухаббатнама» 3.XIV-XV ғасырларда қыпшақтар арасынан шыққан Кутбтың әдеби шығармасы: А) «Қамбар батыр» В) «Ескендір» С) «Мухаббатнама» D) «Хұсрау мен Шырын» Е) «Жүсіп – Зылиха» 4.XIV-XV ғасырлардың аралығында белгілі болған өзбек ақыны Хорезмидің әдеби шығармасының аты: А) «Хұсрау мен Шырын» В) «Жүсіп – Зылиха» С) «Мухаббатнама» D) «Ел айрылған» Е) «Оғызнама» 5.XIV-XV ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыка туындыларының бірі: А) Ер Тарғын В) Орақ – Мамай С) Ер Қосай D) Шора батыр Е) Құламерген 6.XIV-XV ғасырларда материалдық игіліктер негізделген шикізат көзі: А) Сауда В) Қолөнер С) Жер өңдеу кәсібі D) Мал басынан алынды Е) Егіншілік 7.XV ғасырдың ІІ жартысында салынып жартылай сақталған ескерткіш: А) Алаша хан кесенесі В) Арыстан баб кесенесі С) Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі D) Аяққамыр күмбезі Е) Білеулі ғимараты 8.Рабиға Сұлтан Бегімнің басына қойылған құлпы тасы табылған жер: А) Алаша хан кесенесінің ішінен В) Ақыртас ғимаратынан С) Боран мұнарасынан D) Білеулі ғимаратынан Е) Ахмет Иассауи күмбезінің ішінен 9.Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар мекендеді: A) Түркістан мен Қаратау аралығында cool Іле, Шу, Талас өзендері бойында C) Ұлытаудан Есілге дейін жерлерде D) Жетісуда E) Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда 10.XV ғасырда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар қазақ халқының ... әсер етті. A) Ұлттық мемлекет болып құрылуына cool Сыртқы саясатының дамуына C) Күшейуіне D) Әлсіреуіне E) Бірігуінің аяқталуына ІІІ. “ Білімділер тобы ” 1. Керей мен Жәнібек хандардың маңына көшіп келген халықтың саны: A) 350 мың B)370 мың C) 400 мың D) 200 мың E) 150 мың 2.XV ғасырдың аяғындағы Қазақ хандығының негізгі қарсыласы: A) Көшім cool Шайбани хан C) Жүніс хан D) Әмір Темір E) Уайс хан 3.Қазақ хандығының құрылған уақыты: А) 1458-1460 ж. В) 1465-1466 ж С) 1466-1467 ж. D) 1468-1469 ж. Е) 1470-1471 ж. 4.XV ғ-ң соңына қарай Қазақ хандығына енген қалалар: А) Созақ, Сығанақ В) Яссы, Үзгент С) Отырар, Аркөк D) Шаш, Ашнас Е) Суяб, Бозкент 5.XV ғасырдың 70 жылдарында қазақ хандарының басып алған жерлері: А) Сырдария мен Қаратау өңірі В) Сібір хандығының жерін С) Қазан хандығын D) Астрахан жерін Е) Моғолстанды 6. Қасым хан тұсындағы бастапқы астана Сығанақ қаласы болды, одан кейін көшірілді: A) Түркістан қаласына cool Суяб қаласына C) Ташкент қаласына D) Сауран қаласына E) Сайрам қаласына 7.XVI ғасырдың I жартысындағы Қазақ хандығы тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде белгілі болды: A) Ресейге cool Орта Азияға C) Орта Азия мен Шығыс Еуропаға D) Шығыс Еуропаға E) Иран шахына 8.Хақназар хан билеген жылдар: A) 1480-1511 cool 1523-1532 C) 1524-1537 D) 1532-1538 E) 1538-1580 9.Баба сұтанның астыртын жіберген адамдарды Хақназар ханды, оның туыстарын өлтірген жыл: A) 1578 cool 1579 C) 1580 D) 1582 E) 1589 10.1583 жылы «Ант беріскен шартты » бұзып, Тәуекел хан Өзбек ханнан қайтарып алған қалалар: A) Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам cool Суяб, Ташкент, Түркістан, Отырар C) Қойлық, Үзгент, Сығанақ D) Суяб, Сығанақ, Ташкент E) Отырар, Сайрам; Сауран Кім жүйрік ойға, сол алда – деп келесі 2-кезең «Жұмбақ жылдар» кезеңін бастаймыз. Мына үш парақта тарихи оқиғалардың жылдары берілген. Сол жылдары қандай оқиғалар болды соны жанына жазасыңдар. Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл беріледі. Қазақ ордасының, құдіретті әміршілері, қазақ халқының ұлы перзенттері: Қасым хан, Хақ-Назар хан, Салқам Жәңгір хан, Әз-Тәуке хан, Абылай хан, ең соңы Кенесары хан, ұлы ғалымымыз Шоқан, Алаш-Орда көсемі Әлихан Бөкейхан – барлығы да осы әулие Әз-Жәнібек ханның тікелей ұрпақтары. Қазақ хандығының хандары 1. 1456-1473ж.- Керей 2. 1473-1480 ж.- Жәнібек 3. 1480-1511ж.- Бұрындық 4. 1511-1518ж.- Қасым 5. 1518-1523ж.- Мамаш 6. 1523-1533ж. -Таһир 7. 1533-1534ж.- Бұйдаш 8. 1535ж. -Қожа Мақмұт 9. 1535-1537ж.- Тоғым 10. 1538-1580ж.- Хақназар 11. 1580-1582ж. -Шығай 12. 1582-1598ж.- Тәуекел 13. 1598-1628 (1645) ж.ж. – Есім 14.1628(1645) – 1652(1680) жылдар. -Жәңгір (Салқам Жәңгір) 15. 1680-1718 ж.- Тәуке 16.1718-1726(1729) ж.- Батыр III. «Тарих дөңгелегі» танымдық сұрақтар. Білім деген биік шың Бақытқа сені жеткізер, Білім деген ақылшың, Қиындықтан өткізер - дей келе сайысымыздың 3- кезеңін бастаймыз. Әр топқа 8 сұрақтан қойылады, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. І. Тапқырлар тобы 1.Қазақ хандығы қашан құрылды? /1465-66жж./ 2.Қазақ хандығы қай жерде құрылды? /Қозыбасы деген жерде/ 3.Қазақ хандығын құрған сұлтандар? /Керей мен Жәнібек/ 4.Қазақ халқы неше жүзге бөлінді? /Үш жүзге - Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз/ ІІ.Алғырлар тобы 1. Тұрсын ханның астана деп жариялаған ханы? / Ташкент/ 2. Тұрсын хан кімнің ұлы? /Жалым сұлтанның/ 3. Бұхараның ханы кім? /Абдаллах/ 4.Бұл дүниеден өтер кезде: «Қазақтың ұраны бірлік» деп көзін жұмған хан ол кім? /Әз-Тәуке хан/ ІІІ. “ Білімділер тобы ” 1.Есім ханөзінң астанасы етіп жариялаған қала? /Түркістан/ 2.Қазақстандағы ең биік шың? /Хан Тәңірі/ 3.Тарих сөзі қандай мағына білдіреді? /зерттеу, өткен оқиғалар жайлы деген әңгіме дегенді білдіреді/ 4.Тұрсын ханды жақтаған ру? / Қатаған/ IV. Сөзжұмбақ «Қатаған қырғыны» Тапқырлар тобы: ӘБІЛХАЙЫР АЙҒЫРЖАР ЖЕТІСУ ТАШКЕНТ Алғырлар тобы: МАРҒАСҚА ИРАН ЕСЕНБЕРЛИН ӨТЕМІСҚАЖЫ Білімділер тобы: БҰХАР ЖЫРАУ ЖЕТІ ЖАРҒЫ ОТЫРАР БҰРЫНДЫҚ V. Қорытынды. Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті, бірақ сол бұрынғы-соңғы тарихта орны бөлек екі адам бар десек, бұлар – Қазақ Ордасының негізін салған әуелгі екі ханымыз – Керей мен Жәнібек. Бұлардың қайсысы басшы, қайсысы қосшы деуге болмайды. Құрметті ұстаздар қауымы және оқушылар бүгінгі іс шараға қатысқандарыңызға үлкен рахмет. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын әрқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік. Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы, Бір мүдде бір мақсат алдына қойғаны. Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың, Тәуелсіз мәңгілік ел болу арманы,- деп сайысымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге рахмет. Әділқазылар сайыста жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды. Тәрбие.орг сайтынан "ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ" ТОПТЫҚ САЙЫС Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тәуекел Кеңескүл Әлтайқызы

Пікірлер: 0

avatar