Қазақстан ерте темір дәуірінде,сақ тайпалары

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 1594
  • Тарихтан ашық сабақтар
  • 11/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18981


Бекітемін:
Күні:
Пәні: Қазақстан тарихы
Сынып: 10

Ашық сабақтың тақырыбы: Қазақстан ерте темір дәуірінде,сақ
тайпалары
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік мәні : Оқушыларға сақтардың шығу тегі,тарихы,мекендеген орны,қоғамдық құрылысы, тәуелсіздік жолындағы күресі және мәдениетінің дамуы жайында түсінік беру.
Ә) Дамытушылық мәні:Оқушылардың ерік- жігерін, ой өрісін,пәнге деген қызығушылығын,таным белсенділігін арттырып, ойлау қабілетін дамыту.
Б) Тәрбиелік мәні:Оқушыларды елін қорғауға,ұлтжандылыққа, ұлттық салт дәстүрлерді қадірлеуге баулу.
Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңімелеу, блиц сұрақтары
кестемен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1Оқушылармен сәлемдесу
2 Түгендеу
3 Оқу-құралдарын алғызу
4 Зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау;
1.Қола дәуірінде шаруашылықтың қандай түрлері дамыды?
2.Қола дәуіріндегі метал өндірудің дамуын неден көреміз?
3.Қола дәуіріндегі ру тайпалар қоныстармен үй- жай салуда қандай
тәсілдерді қолданды?
4.Үй-жай кәсібі мен қол өнер қалай дамыды?
5.Қола дәуіріндегі қоғамдық қатынастардың дамуын неден байқауға бола
III. Үй тапсырмасын бағалау.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақстан ерте темір дәуірінде,сақ тайпалары.
I . Сақтардың шығу тегі.
II. Мекендеген орны.
III. Қоғамдық құрылысы.

V.Жаңа сабақтың мазмұны:
Сақтар туралы жазба деректердің бізге белгілі 2 тобы:грек және парсы жазбалары. Парсы патшалары Дарий мен Ксеркстің бұйрығымен жазылған мәтіндерде Қазақстан жерін мекендеген тайпалар туралы айтылады.
Грек және латын тіліндегі деректер:Геродот,Страбон,Сақтар,б.з.б I мың жылдық Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпа.Олар ежелгі дүние өркениеттерімен қарым-қатынас жасаған. «Сақ» сөзі туралы көп пікірлер бар:
Қазақ сөздік қорында «хас сақ» (нағыз сақ):
Парсы жазба деректерінде -«құдіретті еркектер»:
Иран жазба деректерінде - «жүйрік атты турлар»:
Грек жазба деректерінде -«азиялық скифтер»:
Геродотта «массагеттер» деп атаған.
Грек деректерінде көшпелі тайпалардың тағы да бір атауы «дай» кездеседі.грек тарихшылары: «сақтар дұшпанға қатал, досқа -адал болған»,-деп жазады.Грек авторы Ктесий: «Сақ әйелдері ер жүрек,соғыс кезінде ұрысқа араласады»,- деп баяндайды.

САҚ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ҚОНЫСТАНУЫ

№ Сақтардың тобы
Мекендеген жері
1 Тиграхауда сақтары (шошақ бөріктілер)
Жетісу,Тянь –Шань таулары, Сырдария өзенінің орта ағысы

2 Парадарайа сақтары(теңіздің арғы жағындағылар) Арал маңы,Сырдарияның төменгі ағысы

3 Хаумаварга сақтары («хаома» сусынын дайындайтындар) Арал мен Сырдарияның оңтүстігі.Мұрхаб аңғары (өзені)

Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп,қастерлеген. Олар тайпа көсемі де бола алатын.Мысалы ,Томирис. Сақтардың үйленуі туралы: егер сақ жігіті қызға үйленгісі келсе, онымен әуелі күш сынасуы керек. Қыз жеңсе, жігіт оның тұтқыны болған.Үйге кірген кезде ең алдымен әйел адамдарға иіліп сәлем берген; халық жиналысында ерлер, әйелдер тең құқылы болған.

САҚ ҚОҒАМЫ

ЖАУЫНГЕРЛЕР АБЫЗДАР МАЛШЫЛАР МЕН ЕГІНШІЛЕР

VІ. Блиц сұрақтары: 3 топқа 5 сұрақтан беріледі

1 –ТОП: 1.Шошақ бөрік киіп жүретін сақтар?
2.Сақ мәдениетіне тән стиль?
3.Алтын киімді адам қай қорғаннан табылды?
4.Апасиактар деп кімдерді атады?
5.Мургаб аңғарында өмір сүрген сақтар?
2-ТОП: 1.Сақ патшайымы?
2.Парсыларды жапан далада адастырған кім?
3.Соқа мен қамыт егіншілерге, найза мен садақ сарбаздарға, жайпақ
тостаған абыздарға деп айтқан кім?
4.Томириспен соғысқан Парсы патшасы?
5.Сақтар қандай тайпа?
3-ТОП: 1.Тиграхауда сақтары қай өзеннің орта ағысында өмір сүрді?
2.Әмударияның төменгі ағысында өмір сүрген сақтар?
3.Томиристің ұлы
4. Б.з.б.518 ж. Сақтарға соғыс ашқан парсы патшасы?
5.Каспий теңізінің шығыс жақ бөлігін мекендеген сақ тайпаларының
бір тобы.
VII Тарихи сынақхат.
1-ТОП 1.Сақ әйелдері..............келеді,соғыс қаупі
төнгенде ерлеріне............көрсетіп,ұрысқа араласады.
2.Сақтар батыр жауынгер,«дұшпанға-......., досқа-...........» болған.

2-ТОП 1.Олардың өмірінде............ маңызы өте зор
болды.Қыста............жасалған үйлері кез келген сәтте қалың тығыз
ақ...............жабылады, ал жазда жабусызда қалдырылады.
2.Қанқұмар...........! Жеңіске желікпе! Сен үшін ұлымды
ашық........қару құдіретімен жеңген жоқсын.
3-ТОП 1.Мен сендерді адастырып,.........ұшыраттым,елімді............алып
қалдым, мен дегеніме
жеттім.Енді.................келгендеріңді................
2. Соқа мен қамыт..........., найза мен садақ,..........жайпақ
тостаған.......арналған.
VIII. Тарихымыздың ғасырлары сыр шертеді.
1-ТОП 1.Сақтардың тұңғыш патшасы кім,осыдан қанша мың жыл бұрын
өмір сүрген?
2.Кирден кейінгі қай патша,қай жылы сақтарға шабуыл жасады?
2-ТОП 1.Сақтар б.з.б. нешінші мың жылдықта қай жерлерді мекен еткен
тайпалар?
2.Б.з.б.қай ғасырларда сақтар қоғамында өмір сүрген адамдардың
қанша тобын атауға болады?
3-ТОП 1.Б.з.б. қай ғасырда массагет тайпасының қай патшайымы табанды әрекеттерімен ел тәуелсіздігін сақтап қалды?
2.Б.з.б нешінші ғасырда кімнің жеріне тағы да қауіп төнді?

IХ .«Кесте толтыру», «қатемен жұмыс» атты тапсырманы орындаймыз.

1-ТОПҚА

№ Сақ тайпаларының аты
Мекендері
1 Парадарайа(теңіздердің арғы жағындағы сақтар)
Қара теңіздің солтүстігі,Арал теңізінің маңында Сырдария мен Амударияның төменгі ағысы

2 Тиграхауда (шошақ бөрік киіп жүретіндер) Сырдарияның орта ағысы,Тянь-Шаньда,Жетісуда

3 Хаумаварга (хаома сусынын дайындайтын сақтар)
Мургаб аңғарында(Түркменстан)

2-ТОПҚА

Болған оқиға мерзімі
Тарихи оқиғалар
Б.з.б. VII-VII ғасырлар
Ежелгі Ассирия мен Мидия өркениеттерімен қатынасы

Б.з.б Viғасырдың отасы
Ахеменид (Иран)әулетімен қарым-қатынасы

Б.з.б 530 жыл
Парсы патшасы Кирдің сақтарға жасаған жорығы

Б.з.б. IV ғасырдың 30- жылдары
Сақтардың өз жерлерін грек-македондықтардан қорғауы

Б.з.б. 540,530,519 жылдар
Ахеменид әулеттерінің сақ жеріне жорығы

Б.з.б. 519-518 жылдар
Парсы патшасы Дарийдің сақтарға жойқын жорығы



3-ТОПҚА

Деректерде Қалай атады?

Ирандықтарда Cақтар

Еуропада Скифтер

Грек деректерінде Дайлар, массагеттер,исседондар

Парсы деректерінде Хаомоварга,тиграхауда,парадарайа

Х.Қорытынды. Тестпен жұмыс.

№ Сұрақтары
1 Сақ қоғамында кімдер ақ түсті киім киген? патшалар малшылар абыздар егіншілер
2 Парсылар Жетісуды мекендеген сақтарды қалай атады? Сақ-тиграхауда Массагет Сақ-парадарайа Сақ-хаумаварга
3 Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атаған? сақтар массагеттер Азиялық скифтер дайлар
4 Аргиппей,исседон,аримаспы тайпалары Қазақстанныңқай аймағын мекендеген? Солтүстік Қазақстан Орталық Қазақстан Батыс Қазақстан Шығыс Қазақстан
5 Қазақ халқының арғы тегі ерте заманда Орта Азияны мекендеген қай тайпалардан шыққан? Үйсін Ғұн Сармат Сақ
6 Сақтардың қандай атақты патшасын білесің? Александр Кир Томирис Дарий

ХІ. Бағалау.
XII.Үйге тапсырма
Осы тақырыпты оқып,мазмұндап келу Тәрбие.орг сайтынан Қазақстан ерте темір дәуірінде,сақ тайпалары Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бақытжанов Мақсұт Бақытжанұлы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Ақарық ауылы №124 орта мектебі Тарих және география пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar