Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы
  • 14.02.2017
  • 141 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21743

Алматы қаласы Тарих пәнінің мұғалімі:
Жетісу ауданы Исабаева М.Б.
№102 ЖББМ

Күні: 13.02.17ж
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы
Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны, мәні мен маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру. ҚР-сы азаматтарының құқықтары мен міндеттері туралы ұғымдарды дамыта түсу. Мысалы, жауап алу және топпен жұмыс жасау арқылы тиімді педагогиканың басты тәсілі – әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарастыру.Оқушыларға құқықтық білім бере отырып, саяси саналылыққа, ұлтжандылыққа, өз елінің патриот азаматы болуға тәрбиелеу;

Сабақтың нәтижелері: Оқушылар:
• оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінуге;
• білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы, жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыруға;

Түйінді идеялар:
• Әңгімелесу – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта «Жұптас-ойлан-бөліс» әдісін қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал ете алады. «Фемида алаңы» балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет, оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектеседі. «Сұрақ-жауап» әдісі оқушылардың сұрақ қою,жауап беру, жауаптан сұрақ шығару арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін жақсартуларына ықпал ете отырып білімдерін қалыптастырады.

№ Сабақтың тапсырмалар мен әдістері Мұғалім әрекеті Оқушының әрекеті Уақыты Пайдаланған ресурстар
1әрекет Ойсергек. «Амандасу» тренингі

Есімдер сыры






Ойсергек. «Амандасу» тренингін ұйымдастыру.

Есімдер арқылы топқа бөлу Орындарынан тұрып бір-бірімен танымайтын адамдар, көптен көріспеген адамдар, жақын туыстар, ғашықтар, ана мен бала,т.б. болып амандасады.
Топқа бөлініп отырады.Топтарының есімін таныстырады. Шыңғыс хан,Тәуке хан, Есім хан заңдар жинағын айтады.
2 минут Интербелсенді тақтадан суреттер көрсетіледі
2 әрекет Жұптас-ойлан-бөліс
Топта талқылауға берілетін сұрақтар:
 Заң дегеніміз не?
 Конституция дегеніміз не?
 Заңның қоғамдағы алар орны мен
рөлі қандай ?
Оқушылар мұғалім белгілеген уақыт бойынша топ болып өз пікірлерін білдіреді, осылайша әр топта пікір білдірген оқушылар талқылап, қорытынды шығарады. 8 минут Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, оқулық 9 сынып. Адам.Қоғам.Құқық

3 әрекет Топтық жұмыс
Фемида алаңы Конституцияның бөлімдері мен баптарын негізге алады
Тапсырма Оқушылар осы тақырып аясында ойталқы жасап, өз идеяларын ортаға салады 20 минут А3 қағаздары, түрлі-түсті қарындаш, маркер, сызғыштар, стикерлер
4 әрекет Сұрақ- жауап әдісі
Мұғалім оқушылардың сұраққа жауап, жауапқа сұрақ қоя отырып, жауап берулеріне бақылау жасап баға береді Сұрақтардың қойылуы аяқтаған топтар 10 минут Дәптер,қалам, ұялы телефон Интернет желісі: kahoot.it
5 әрекет Кері байланыс «Баспалдақ» кестесі Оқушылар өздеріне ненің ұнағанын, ненің ұнамағанын, қандай ұсыныстары бар екенін жазбаша жазып,ауызша айтады 5 минут Интербелсенді тақта Тәрбие.орг сайтынан Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы Тарихтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Исабаева М.Б.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Тарихтан ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Тарихтан ашық сабақтар, құрылымы, Республикасының, Қазақстан, Конституциялық
Көрсетілім: 141 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar